Абдыкалыков Улан Кадырбекұлы Симтиков ж омарт Құдайбергенұлы а 14 Саясаттану. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет21/60
Дата15.04.2022
өлшемі3,44 Mb.
#31081
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   60
Байланысты:
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

Билік ұгымы. Билік 
тұжырымдары
Бертран Рассел
72


Ал  Американың  әйгілі  әлеуметтанушысы  Талкотт  Парсонс  (1902-1979 
жж.)  экономикалық  жүйеде  ақша  қандай  орын  алса,  саяси  жүйеде  билік  те 
соншалықты орын алатындығын дәлелдеуге тырысқан.
Талкотт Парсонс
Билік  адамзат  баласының  тіршілігімен  қоса  пайда  болып,  ғасырлар  бойы 
қоғам  дамуының  ағымына  сай  өзгеріп,  жан-жақты  жетілдіріліп  отырылған 
қүбылыс.  Бүгінде  билік  үғымы  адамзат  өмірінде  көптеген  мағыналарда 
айтылып,  әр  түрлі  әдістер  арқылы  күнделікті  тіршілікте  қолданылып,  іске 
асырылып жатады.
Билік -  ерікті  немесе  мәжбүрлі  бағыну,  бой үсыну деген  сөз.  Басқару және 
бағыну  бүл  екеуі  биліктің  екі  жағы.  Оларды  бір-бірінен  бөліп  карауға 
болмайды.  Екеуі  де  қоғамға  қажет.  Бүлар  ірі  саяси  қүрылым  формасында  да 
көрінеді.  Олар мемлекет пен қоғам үкімет және  бүқара жүртшылық арасында 
болады.
Биліктің  өзі  басқару түрінде  көрінеді,  ал  басқару  билік түрінде  болады.  Ал 
бүл  екі  үғымның  арақатынасын  талдар  болсақ.  Онда  басқарудың  өзі  биліктің 
жүргізілуі  емес.  Басқару үғымы билікке  қарағанда кеңірек.  Ал билік дегеніміз
-   басқарудың  элементі,  басқару  процесінің  көзі.  Кейде  басқару,  билік 
жүргізушінің  мақсатына жетуі  үшін,  өзінің  биліктік  еркін  іске  асыру  процесі 
болып  табылады  деп  білу  орынды  сияқты.  Сонымен,  басқару  дегеніміз 
биліктің  мақсатты  бағытталған  әсерін,  мүмкіндік  жағдайынан  шындық 
жағдайға айналдыратын процесс болып табылады.
«Билік» дегеніміз -  біреулердің  басқаларға  өмір жүргізуге,  бүйрық беруіне, 
басқаруға  деген  қүқығы  мен  еркі,  біреулердің  басқалар  жөнінде  дегенін  іске 
асыру және  олардың тәртібі  мен  қызметіне  белгілі  бір  ықпал  ету  қабілеті мен
73


мүмкіндігі.  Бүл  жерде  ықпал  ету  мен  билік  етудің  айырмашылығын  ескеру 
қажет.  Билік  дегеніміз  түтас  алып  қарағанда  бүл  -   ерік,  бедел,  қүқық,  күш 
қолдану,  қорқытып-үркіту,  иландыру,  алдау,  сияқты  қүралдардың  көмегімен, 
адамдардың  қызметі  мен  тәртібіне  белгілі  бір  әсер  етудегі  қабілет  пен 
мүмкіндік.  Билікті  топтаудың  антропологиялық  принципіне  тоқталар  болсақ. 
Бүл  антропология  терминінің  өзі  адамның  шығу  тегін,  нәсілін  зерттейтін 
биологиялық ғылым деп білуіміз керек.  Осы принцип бойынша билікті жүзеге 
асырудың  бірнеше  түрлері  бар.  Олар  қорқыту,  үрей  туғызу  арқылы,  сендіру- 
иландыру,  қызығушылығын  шақыру  арқылы  іске  асырылады.  Қорқыныш  тек 
зорлық  әрекетімен  қысым  жасаудан  басқа,  үрей  туғызып  соны  санаға  әбден 
сіңіріп,  сендіру ықпалымен де пайда болады.  Адамды иландыру,  негізінен  бір 
нәрсеге  сендіру арқасында жүргізіледі.  Үрей,  қорқыныш кейде  сезімге де  әсер 
етіп  сол  арқылы  беріледі.  Сөйтіп  сезім  қосымша  ресурс  болып  саналады. 
Ұлттық және діни сезімдер қанау мен еркіндік, тәуелділік, патриоттық қызғану 
мен шаттану т.б.  Сезім жеке фактор ретінде өз бетімен ресурс бола алмайды.
Сондай-ақ  биліктің  ресурсы-қоры  қауқары  әртүрлі  өлшем  белгілеріне 
байланысты ерекшеленеді.
Ал,  саяси  билік  бәрінен  бүрын  қоғамдық  тәртіпті  сақтау  қажеттілігінен 
туындайды да өзінің қызмет етуі процесінде осы тәртіпке сүйенеді.  Егер саяси 
билік  болмаса  мемлекеттік  өкіметтің  түтастығын,  түрақтылығын  сақтау  да 
мүмкін емес.
Билік 
жөнінде 
ғалымдар 
арасында 
әртүрлі 
анықтамалар 
мен 
түжырымдамалар бар.  Солардың негізгілеріне қысқаша тоқтала кетейік.
1.  Теологиялық анықтама билікті белгілі бір мақсатқа, белгіленген нәтижеге, 
қорытындыға 
жету 
мүмкіндігі 
деп 
түсіндіреді. 
Мысалы, 
ағылшын 
фэлсафашысы  Т.Гоббс  (1588-1679  жж.)  билік  болашақта  игілікке  жетудің 
қүралы және өмірдің өзі өле өлгенше билік үшін үздіксіз үмтылыс деп жазды.
2.  Бихевиористік  анықтама  бойынша  билік  деп  басқа  адамдардың  жүріс 
түрысын,  өзін-өзі  үстауын  өзгерту  мүмкінділігіне  негізделген  іс-әрекеттің 
ерекше түрі.
3. Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір қүралдарды, амалдарды 
(зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану, қолдану мүмкіндігі 
деп біледі.
4.  Структуралистік  (цүрылымдыц)  анықтама  билікті  басқарушы  мен 
бағынушының  арасындағы  қатынастың  ерекше  түрі  деп  үғады.  Олар  кейбір 
адамдар  туғанынан,  табиғатынан  әміршіл,  басқарғысы  келіп  түратын  болады 
дейді.
5.  Конфликтілік  анықтама  билікті  дау-жанжал  жағдайында  игілікті  бөлуді 
реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің қүралы деп түсіндіреді.
74


6.  Біраз  ғалымдар  билікті  кең  мағынасында  басқаларға  тигізілетін  жалпы 
ықиал ретінде қарайды.
7.  П.Моррис,  А.Гидденс  т.б.  көзқарастары,  жоғарыдағы  көзқараспен 
келіспей,  билікті  біреуге  немесе  жай  ғана ықпал,  эсер  емес,  оларды  өзгертуге 
бағытталған іс әрекет деп санаған.
8.  Америка  саясаттанушылары  Г.Лассуэлл  мен  А.Каплан  «Билік  және 
қоғам»  деген  кітабында билікті  шешім  қабылдауға қатысу  мүмкіндігі  ретінде 
сипаттайды.
Пэт Моррис Нефф 
Энтони Гидденс
Г арольд Дуайт Лассуэл
75


Әдетте 
«билік» 
деген 
сөз 
әртүрлі 
мағынада 
колданылады.  Оны  ықпал  ету  бағытына,  объектісіне 
байланысты  былай  етіп  бөледі:  ата-аналар  билігі, 
мемлекеттік, 
экономикалық, 
саяси-әлеуметтік, 
қүқықтық, әскери, рухани билік және т.б. Бірақ биліктің 
толық  мағынасы  мемлекеттік  саяси  салада  ғана  айқындалады.  Саяси  билік  -  
биліктің  ең  басты  түріне  жатады.  Саяси  биліктің  өз  қызметтері  болады.  Оған 
жататындар:  қоғамның  саяси  жүйесін  қалыптастыру;  оның  саяси  өмірін 
үйымдастыру  (ол  мемлекет  пен  қоғам,  таптар  мен  топтар,  бірлестіктер,  саяси 
институттар,  мемлекеттік  басқару  органдары  мен  аппараттары,  партиялар, 
азаматтар  жэне  т.б.  арасындағы  қатынастарды  қамтиды);  әртүрлі  деңгейдегі 
қоғам  мен  мемлекеттің  істерін  басқару;  үкімет  органдары,  саяси  емес 
процестерде  басшылық  жасау;  саяси  және  басқа  қатынастарды  басқару  және 
түптеп  келгенде,  белгілі  бір  қоғамға  сәйкес  баскарудың  түрін,  саяси  тәртіпті 
және  мемлекеттік  қүрылысты  ашық  және  жабық  қоғамды  қүру;  қоғамдық 
тәртіп пен түрақтылықты қолдау;  дау-дамай,  шиеленістерді  ашып,  оларға шек 
қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу және т.б.
Биліктің  субъектісіне  жеке  адам  немесе  партиялар,  үйымдар  жатады  делік. 
Алайда  олар  бәрі  бірдей  ортақ  билік  жүргізе  алмайды.  Сондықтан  мүндай 
қүқық  адамдардың,  үжымдардың,  партиялардың,  топтардың  белгілі  бір 
бөлігіне  ғана  беріледі.  Осыдан  келіп  билік  басындағыларға  сенім  білдіру 
мәселесі туындайды.
Функциясы 
бойынша 
билік 
-  
басқарушы, 
бақылап-қадағалаушы, 
үйымдастырушылық,  басқарушылық,  тәртіптік  міндеттерді  атқарады.  Мәселе 
биліктің жіктелуіне тірелген де, осы бағытта, XX ғасырдың ірі ойшылы болып 
саналған  неміс  ғалымы  Макс  Вебер  жасаған  биліктің  типологиясын 
басшылыққа  аламыз.  М.Вебер  биліктің  жүзеге  асырылуының  өзін  оның 
маңызды  бөлігі  деп  білген.  Ол  биліктің  кең  түрдегі  түсінігін  «жеке  субъекті 
белгілі 
бір 
қарсылықтардың, 
бар 
екеніне 
қарамастан 
әлеуметтік 
қатынастардың аясында өз еркінді-гін жүзеге асыру мүмкіндігі яғни үстемдігі» 
деп  есептеген,  Онда үстемдік  дегеніміз  «белгілі  бір  топты  арнаулы  мағынада 
нүсқауларға  бағындыру  мүмкіндігі».  М.Вебер  үстемдікті  жіктеуді  заңдылық 
(легитимность) негізі бойынша алады да оның үш түрін айқындайды.
Ашық,  жария  үстемдік.  Бүл  негізгі  қабылданған  немесе  күштеп  енгізілген 
заңдарға  сәйкес  жүргізіледі.  Бүл  түрдегі  үстемдікте  биліктің  белгісі- 
қолданылып жүрген заң шеңберінде жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет