Абдыкалыков Улан Кадырбекұлы Симтиков ж омарт Құдайбергенұлы а 14 Саясаттану. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет18/60
Дата15.04.2022
өлшемі3,44 Mb.
#31081
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60
Байланысты:
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

Әлемдік идеологиялар:
либерализм,
консерватизм, 
социализм,  фашизм
62


тұлғаның  бостандығы,  қоғамдық институттарға қатысты  оның  бағалануы,  өзі 
мен  қоғам  алдындағы  жауапкершілігі,  барлық  адамдардың  құқықтары  мен 
мүдделеріне деген құрмет саналады.
Адам Смит 
Томас Джефферсон 
Джон Стюарт Милль
Бүгінгі  танда  либерализм  -   ең  кең  дамыған  идеологиялардың  біреуі.  Ол 
үшінші  сословиенің  идеологиясы  ретінде  пайда болғанымен,  кейін келе  оның 
көптеген  принциптері  жалпы  адамзаттық  қажеттіліктерге  сай  келіп,  ойынан 
шықты,  Либерализмнің  мұраттары  (идеалы)  қазіргі  саяси  демократия  прин- 
циптерінің  қалыптасуы  мен  жетілуіне,  дамуына зор  ықпал  етіп,  оның  қазына 
байлығына  енді.  Оның  идеялық  негізінде  көптеген  басқа  теориялар  пайда 
болды.  Либералдық  идеологияның  негізгі  принципі  -   адамның  еркіндігі, 
тұлғаның  табиғи  құқықтары  мен  бостандықтарының  қасиеттілігі  мен  ажыра- 
мастығы,  олардың  қоғам  және  мемлекет  мүдделерінен жоғары  тұруы.  Эконо- 
микалық  салада  классикалык  либерализм  мына  қағидаларға  негізделеді: 
адамның  жеке  меншікке  құқығы,  нарықтың,  бәсекелестіктің,  кәсіпкерліктің 
еркіндігі,  экономикалық  іс-әрекеттің  мемлекеттен  тәуелсіздігі.  Осыған  сәйкес 
мемлекет  бір  ғана  кызметті  -   меншікті  қорғау,  «түнгі  сақшылық»  қызметін 
атқарады.
Либерализм  өзінің  идеологиялық  ұстанымында  индивидуализм  мен 
гуманизм 
қағидаларын 
үйлестіруге 
тырысады. 
Мысалы, 
АҚШ-та 
индивидуализм  қоғамдық  құрылымның  негізі  ретінде  қарастырылады.  Өз 
күшіне  ғана  сүйену  американдық  «өмір  образы»  болып  саналады.  Сонымен 
бірге  либерализм  идеологиясы  жеке  бас  бостандығы  мен  жеке  меншікке 
негізделеді.
63


Саяси  либерализм  адамның  еркіндігін  шексіз  құндылық  деп  біледі.  Ол  тек 
әділдікті  білдіреді  және  ажырамас  адам  құқығына  қол  сұғудан,  озбырлықтан 
қорғайтын  заңмен  ғана  шектеледі.  Демократияның  либералдық  түсінігі  - 
адамдардың теңдігі, олардың өмір сүруге, еркіндікке, меншікке құқықтарының 
теңдігі.
Консерватизм.  Тарихта  либерализмге  қарсы  консерватизм  ұзақ  уақыттан 
бері  өз  ұстанымдарын  ұсынуда.  Консерватизм  төңкеріске  қарсы  феодалдық- 
клерикалдық идеология ретінде  Құдай тәртібін  бұзбауға насихаттаудан  пайда 
болды.  Консерватизм  идеологиясының  жасаушылары  ағылшындық  ойшыл 
және  саясаткер  Э.Берг  және  француздық  қоғам  қайраткерлері  Ж.  Де  Местр 
және Л. Де Бональд.
Жозеф де Местр 
Луи-Г абриэль-Амбруаз Бональд
Консерватизм  идеологиясы  табиғи  түрде  қалыптасқан  тәртіпті  бұзбауға 
шақырады.  Сондықтан  консерватизмнің  негізі  болып  дәстүршілдік  -  яғни, 
отбасымен,  дінмен,  әлеуметтік  жіктелу  сияқты  дәстүрлі  құндылықтарды 
сақтауға үндеумен  ерекшеленді.  Консерватизм  де  либерализм  сияқты  тарихи 
даму  барысында  өзгерістерге  ұшырады.  XX  ғасырдың  70-жылдарында 
неоконсерватизм  пайда  болды.  Оның  пайда  болуы  АҚШ-та  билік  басына 
республикашыл Р.Рейганның, Ұлыбританияда консерватор М.Тэтчердін, ГФР- 
да  ХДСХСС  блогының  жетекшісі  Г.Кольдің  келуімен  тығыз  байланысты. 
Неоконсерватизм  неолиберализм  мен  соииализмге  карсы  түру  қажеттілігінен 
пайда болды.  Неоконсерватизм «аз билік ететін  билік  -  ең жақсы билік»  деген 
қағиданы, яки антиэтатизмді үстанды.
64


Маргарет Тэтчер
Г ельмут Йозеф Михаэль Коль
Социализм.  Социалистік  идеологияның  негізі  классикалық  утопиялық 
социализмнің  өкілдері  Т.Морр,  Т.Кампанелла,  Р.Оуэн  еңбектерінен  бастау 
алады.  Оны  ары  қарай  К.Маркс  пен  Ф.Энгельс  дамытып,  іс  жүзінде  төңкеріс 
жасау  арқылы  асырған  В.И.  Ленин  болды.  Ленинизм  идеясы  ХХ  ғ.  90 
жылдардың  басына  дейін  өмір  сүрді.  Оған  қарама-қайшы  әлеуметтік-саяси 
ұстанымдарды  неміс  ойшылдары  К.Каутский  мен  Э.Бернштейн  социал- 
демократиялық  идеология  ұсынды.  Оның  негізінде  түрлі  «социализм 
моделдері» пайда болды. Оның ішінде аса белгілісі шведтік модел болды.
Т.Кампанелла
65


Р.Оуэн
К.Маркс
Ф.Энгельс
В.И. Ленин
К.Каутский
Э.Бернштейн


Фашизм.  Фашистік  идеологияның  негізгі  қағидалары  А.Гитлердің  «Менің 
күресім»  (1925)  деген  кітабында  баяндалады.  Онда  соғыс  тазартушылық 
процесс  ретінде  сипатталады,  неміс  ұлтының  тазалығы,  оның  басқа халықтан 
«артықшылығы» дәріптеледі.
А.Г итлер
Б.Муссолини
ХХ ғ. 20-30 жылдарында национал-социалистік идеология, яғни фашизм кең 
қанат  жая  бастады.  Фашизмнің  басында  италияндық  социал-демократ 
Б.Муссолини  мен  неміс  саясаткері  А.Гитлер  болды.  Фашизм  идеологиясы 
нәсілшілдік  пен  элитаризмге  сүйенді.  Мысалы,  германдық  фашизм  арий 
нәсілінің  артықшылығын  насихаттады.  Бірінші  орынға  жеке  тұлға  емес 
нәсілдік-этникалық  және  ұлтшыл-мемлекетшілдік  қойылды. 
Фашизмге 
көсемшілдік немесе фюреризм тән.
Қазіргі  кезде  фашистік  идеологияны  көпшілік  жаратпайды.  Дегенмен, 
бірқатар  елдерде  жаңарған  фашистік  топтар  пайда  болуда.  Олар  террорлық 
әрекеттер  арқылы  қоғамдық  жағдайды,  шиеленістерді,  саяси  дағдарыстарды 
тудыруға ықпал етеді.
67


Енді  олардың  біздің  елдегі  жағдайға  ықпалына  тоқталайық.  Біздің 
республиканың өміріне елеулі ықпал етуші - жаңарған либерализм.  Оған айғақ
-   экономикада  жеке  меншіктің  дамытылуы,  жекешелендірудің  жүргізілу 
бағыты,  еркін  нарық пен  бәсекені  мойындау,  әлеуметтік теңдік  принциптерін 
жоққа шығару, дарашылдыққа бетбұрыс және т.т.с.  Оның  ішінде ең бастысы - 
қазақ  халқында  либералдық  идеяның  тірегі  болып  табылатын  дарашылдық 
болмаған.  Біздің  халық  ықылым  заманнан  бірлесіп,  ұжымдасып  тіршілік 
еткен. Соны ескерген жөн сияқты.
П ысы қтауға арналған сұрақтар:
1. Саяси идеология дегеніміз не?
2. Қоғам өміріндегі идеологияның алатын орнын атаңыз.
3. Саясат және идеологияның өзара қатынасының ара жігін көрсетіңіз.
Әдебиеттер:
1. Хайек Ф. Дорога к рабству// Вопросы философии.  1992. №5.
2. Рахтмир П.Ю.Происхождение фашизма. М.,  1981.
3. Антология мировой политической мысли в 5-томах. М.,1997
4. Радугин А.А. Политология:  курс лекции. М., 2000.
5. Қуандық Е.С.  Саясаттану негіздері Астана, «Елорда», 2001
5-Дәріс
Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат
Сабақтың 
мақсаты: 
Студенттерге 
саясаттың 
цогамдыц 
өмір 
жүйесіндегі орны мен рөлі туралы түсінік беру.
Сұрақтар:
1.  Саясат үгымы және оның пайда болуы
2.  Саясат элементтері:  билік,  субъектісі,  объектісі
68


Саясат  ұғымына  тоқталсақ, 
саясат  дегеніміз- 
қоғамдағы үлкен әлеуметтік топтар мен таптар, ұлттар 
мен  ұлыстар  және  мемлекеттік  қарым-қатынас  бары- 
сында  өз  мүдделерін  қорғауға  іске  асыратын,  саяси 
сақтап  қалуға  бағытталған  қолдау  тәсілдері  жайлы
Саясат  қоғамның  дұрыс  қызметі  мен  оның  өмірін  қамтамасыз  ету  үшін 
қажет және  сол үшін  дүниеге  келген.  Сондықтан да саясат қоғамның қажетті, 
әрі маңызды элементі болып табылады.
Саясаттың коғамдағы рөлі мен маңызы, оның атқаратын қызметі:
- қоғамның жалпы мақсатын анықтау;
- қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау;
- қоғамдағы қатынастарды реттеу мен бөлу;
- шешімдер қабылдау.
Саясаттың  ерекшелігі  оның  мемлекеттік  билік  мәселесіне  байланысты 
болуында.  Саясат биліктің түрін,  мақсатын, мазмұнын анықтауға және  билікті 
қолдану  әдісіне  ықпал  етіп  отырады.  Саясаттың  өзекті  мәселесі  -  белгілі 
идеология  негізінде  құрылған  мемлекеттік  билік  жүйесі.  Саясат  қоғамның 
әртүрлі  салаларына  байланысты  мынандай  бағыттарға  бөлінеді:  экономика- 
лық,  әлеуметтік,  ұлттық,  мәдени,  ғылыми-техникалық,  әскери,  экологиялық, 
демографиялық, аграрлық, қаржы, инвестициялық және т.б.  саясаттар.
Саясатты  өнер  деп  те  қарастырған  абзал.  Өйткені,  саясаттың  объектісі  де, 
субъектісі де адам.  Сондықтан,  саясаттың сапасы, деңгейі, тиімділігі, сауатты- 
лығы  әрі  қуаттылығы  көп  жағдайда  саясаткердің,  ел  басшысының,  сайып 
келгенде,  жеке  адамның қабілетіне,  ішкі мәдениетіне,  тапқырлығына,  білімді- 
лігіне, іскерлігіне байланысты.
Саясат  әртүрлі  деңгейде,  ауқымда,  нысанда,  мерзімде  жүріп  отырады. 
Саясаттың  ең  басты  мақсаты  -   оның  бағыттары,  деңгейлері,  нысандары 
арасын-дағы  байланысын,  бір-біріне  өзара  ықпалын,  үйлесімділігін  және 
әрекет ету механизмдерін анықтау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет