Абдыкалыков Улан Кадырбекұлы Симтиков ж омарт Құдайбергенұлы а 14 Саясаттану. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет16/60
Дата15.04.2022
өлшемі3,44 Mb.
#31081
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60
Байланысты:
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

Қорқыт ата нақылдары
Алла, Алла демейінше,  іс түзелмес,  Тәңірі бермейінше,  ер байымас.
Әзелде  жазылмаса,  құл  басына  қаза  келмес,  ажал  уақыты  жетпейінше, 
ешкім де өлмес.
Өлген адам тірілмес,  шыққан жан кері келмес.
Ер  жігітке  қара  құрым  мал  бітсе,  жияр,  көбейтер,  талап  етер,  бірақ 
несібесінен артыгын жемес.
5/


Гүрілдей-шұбыра сулар тасыса,  теңіз толмас.
Тәкаппарлықты  Тәңірі сүймес.
Көңілі пасық ерде дәулет болмас.
Жат  баланы  қанша  сақтасаң  да  ұл  болмас,  ол  ішіп-жер,  киер  де  кетер, 
бірақ көрдім демес.
Күл - төбе болмас,  күйеу бала - ұл болмас. Қара есек - басына жүген
кигізсең де тұлпар болмас. Күңге қамқа тон жапсаң да ханым болмас.
Жапалақ-жапалақ қар жауса, жазга қалмас.
Ескі қамыс - біз болмас.
Ежелгі дұшпан - дос болмас.
Мінген атың қиналмайынша, жол алынбас.
Қара болат өз қылышыңды шалмайынша,  жаудың тауаны қайтпас.
Ер малын қимайынша,  аты шықпас.
Қыз анадан көрмейінше өнеге алмас.
¥л атадан көрмепінше сапар шекпес.
¥л - атаның ері,  екі көзінің бірі.
Дәулетті ұлың болса,  ошагыңның қоры болар.
Дәулетсіз ұл болса,  атаның көрі болар.
¥лдың күні қараң,  ата өліп, мал қалмаса.
Ата малынан не пайда,  баста дәулет болмаса.
П ысы қтауға арналған сұрақтар:
1.  Саяси ғылымнын тарихын оқып-білудің маңызы неде?
2. Құлдық және орта ғасыр дәуіріндегі саяси ойшылдар көзқарасы туралы не 
айтасыз?
3  Қазақ  даласындағы  саяси  ойшылдардың  саясат  туралы  пікірлері  нені 
меңзейді?
58


4.  Ұлт  -   азаттық  күрес  пен  саяси  лидерлердің  арасындағы  байланысты 
атаңыз.
5. Егемен ел құрудың саяси идеялары несімен маңызды?
Әдебиеттер:
1.  Бейсенбиев  К.  Очерки  истории  общественно-политической  мысли 
Казахстана. А.,  1974
2.  Нұрпейісов  Е.  Қазақстан  мемлекеті:  хандық  биліктен  президенттік 
республикаға дейін. А.,  1993
3. Жамбылов Д.  Саясаттану негіздері. А., 2000
4. Политология:  Учебник, Под ред Т.Т.Мустафина. А.,  1993
5. Қазақстан ұлттық энциклопедия,  1- том, А.,  1998.
6. Мұсатаев С.Ш. Қазақстанның саяси ойы.  Оқу құралы. Алматы 2009.
4 -  Дәріс
Саяси идеология және оның сипаты
Сабақтың  мақсаты:  Студенттерге  саяси  идеологияның  цогам  саяси 
өміріндегі алар орны туралы түсінік беру.
Сұрақтар:
1.  Саяси идеологияның сипаты және оның мақсаты
2.  Әлемдік идеологиялар: либерализм,  консерватизм,  социализм,  фашизм
Идеология  әр  түрлі  -   саяси,  құқықтық, 
этикалық,  діни,  эстетикалық,  фәлсафалық 
болып  келеді.  Сонымен  қатар  қандай  идео­
логия  болсын  саясатпен  тығыз  байланысты 
және  саяси  сипаты  болады.  Саяси  идеологияға  белгілі  бір  адамдар  тобының 
қоғам  құрылысы  және  дамуы,  ондағы  қатынастарды  орнықтыруға  немесе 
өзгертуге  қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. 
Олар  билік  арқылы  немесе  оған  ықпал  ету  арқылы  өз  мақсат-мүдделерін 
білдіреді  және  қорғайды.  Саяси  идеология  -   жалпы  идеологияның  да  өзегі. 
Оның  ерекшелігі  -   саяси  болмысты  түсіндіреді  және  оны  сақтауға  немесе 
өзгертуге  іс-әрекетті  бағыттайды.  Саяси  идеология  ағартушылық  дәуірде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет