талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси кызметтің барлык
түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсініп-білуге болады
дейді.
Н о р м а т и в т і к
ә д і с дегеніміз - (XIX ғасырға дейін жиі
пайдаланылған) қоғамдық игілікті мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел
бастан тән ажыратылмас табиғи құқықтық іске асыруға барлық мүмкіндікті
жасайтын саяси құрылыстың түрін іздестіретін тәсіл.
Д и а л е к т и к а л ы қ - м а т е р и а л и с т і к ә д і с Кеңес Одағы тұсында
ең дұрыс және мызғымас тәсіл болып есептелген. Бұл әдіс табиғаттағы, қоғам-
дағы және санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен-бірі тығыз байла-
ныста және үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды.
Жоғарыда аталған әдістермен қатар өзге де әдіс-тәсілдер бар. Бұлардың
барлығы да саяси процестер мен олардың дамуы жөнінде шынайы мағлұмат-
тар беруге тырысады. Сондықтан қазіргі демократиялық мемлекеттерде
саясатқа байланысты жағдайларды зерттегенде сан түрлі әдістемелерді
пайдаланады.
Ғылымның басқа салаларындағы сияқты саясаттанудың да өзіндік
ұғымдары (категориялары) бар. Оған саяси құбылыстар мен процесстердің
мәнін білдіретін ғылыми терминдер, сөз тіркестері жатады. Мысалы: «саясат»,
«саяси билік», «саяси жүйе», «саяси тәртіп», «саяси партия», «саяси
мәдениет», «саяси әлеуметтану», «саяси өмір», «саяси қатынастар», «қоғамдық
ұйымдар», «мемлекет», «демократия», «егемендік», «құқықтық мемлекет»,
«азаматтық қоғам», «ішкі саясат», «сыртқы саясат» және т.б. Қоғамды бұдан
басқа да ғылымдар зерттейтін болғандықтан, жоғарыда көрсетілген
ұғымдарды басқа қоғамтану пәндері де (тарих, әлеуметтану, фәлсафа,
құқықтану) пайдалануы мүмкін. Бірақ олар бұл категорияларды өз пәніне
сәйкес қолданады.
Қандай
ғылым
болмасын
белгілі
бір
қызметтерді (функцияларды) атқарады. Саясат-
тануда да ондай міндеттер бар. Оған ең алдымен
танымдық (гносеологиялық) қызметтер жатады. Олай дейтініміз саяси білім
қоғамдағы оқиғаларды танып білуге олардың саяси мәнін түсінуге және
болашақты болжауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: