Александр Македонский
Саясаттануға қатысты Аристотельдің «Саясат», «Афиналық полития»,
«Этика», «Риторика» деген еңбектері бар. Аристотель саясатқа кең мағына
берді. Оған этика мен экономиканы енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің
жоғарғы игілігі, оның мақсаты - адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа,
молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Сөйте тұра, ол құлиеленушілікті
қолдады, құлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бермеді.
Аристотельдің ойынша, мемлекет - қауымның дамыған түрі, ал қауым -
отбасының дамыған түрі.
Саяси ілімдер тарихы адамзат өмірінде ерекше
орын алатын қажетті ғылыми, мәдени мұра болып
табылады. Ғасырлар бойы жинақталған, зерттел-
ген, қоғамның пайда болуы мен дамуы олардын саяси жүйелерінің қызметтері
туралы мол мағлұматтар береді. Саяси ілімдер тарихынан хабардар болу, оны
танып білу бүгінде жүріп жатқан тіршілік үшін, қоғам, мемлекет үшін өте
қажет.
Б.з.дейінгі ежелгі египеттіктердің, қытайлықтардың, үнділердің, гректердің,
римдіктердің әлеуметтік саяси түсініктері діни-аңызға негізделген сипатта
болды. Олардағы өкімет билігі, басқару тәртіптері көбінесе құдаймен байла-
ныстырылды. Кейін келе б.з.д VIII-VI ғасырларда сол кездегі қауымда
мемлекет, билік, құқыққа қатысты жаңа пікірлер пайда болды. Бұл негізінен
Заратуштара, Конфуций, Мо Цзы, Будда ілімдерімен байланысты болды.
30
Достарыңызбен бөлісу: