жануардан айырмашылығы сол ол билікті қажет етеді деген пікір айтады.
Онын осы пікірі екі түрлі саяси қағидаға негіз болды:
1. қоғамдық топтардың өзара дау-жанжалын шешудің қағидасы;
2. басшы топтар билігінің шеңберлі айналу түрінің қағидасы.
Ибн Халдун
Жалпы исламдық дүниетаным мен ғылым, ең алдымен батыстың
ортағасырлық христиандық, схоластикалық философияға, кейінірек жаңа
дәуір мәдениетіне зор ықпалын тигізді.
Қайта өрлеу батыс еуропалық ортағасыр-
дағы тарихи және маңызды оқиғалардың бірі
болып табылады. Оның негізгі мәні -
үстемдік еткен, бірақ анархизмге бет бұрған
феодалдық құрылыстан қол үзу.
Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін
салушы - Никколо Макиавелли (1469-1527 жж.). Оның атақты шығармалары
«Патша», «Тит Ливийдің бірінші он күндігі жөнінде ойлар», «Флоренцияның
тарихы». Ол өз еңбектерінде патшаның табиғи-адами құмарлық қасиеттері
арқылы бүкіл мемлекетке тән әлеуметтік-саяси іс-әрекеттерді анықтайды.
Макиавелли көтерген өзекті мәселе - өкіметтің өз қол астындағы азаматтарын
игере алу қабілетінің болуы. Ол мемлекеттің негізгі екі түрі монархия мен
республиканы ажыратты.
Достарыңызбен бөлісу: