Әділ билеушінің рөлін, оның адамдық асқақ қасиеттерін дәріптеген. Хан
болсын, қара болсын әділдігі мен шындығын тура айтқан.
Қазақ даласында егемендік идеясының пісіп жетілуі XVIII ғасырдың екінші
жартысына тән. Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы мен
Махамбет Өтемісұлы,
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістер қазақтың ұлттық рухын орнықты-
руға, жауға қарсы күресте қазақтардың барлық күшін біріктіруге әрекеттер
жасады.
Сырым Датұлы
С ы ры м Датұлы Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің жолын
жалғастырушы әділ билігімен ел ішінде беделді адам болды. Рулар
арасындағы мәселелерді шешуде Сырым Датұлының шешендік өнері жоғары
бағаланды. Қазақ халқының тарихындағы ең алғашқы ұлт-азаттық көтерілістің
басшысы болған, бірде қолына қару алып шайқасса,енді бірде қарсыластары-
мен мәмілегерлік саясат арқылы жауына берілмеуі. Халқын қырғызбай, елінің
еңсесін түсірмей, ар-намысы мен рухын жасытпауы оның ерекше тұлға
екендігінің көрінісі.
50
Кенесары Қасымұлы
Махамбет Өтемісұлы
Махамбет Өтемісұлы (1803-1846 жж.) саяси күрестің дауылпазы, ақын-
идеологы. Өз халқына аса қадірлі, оған болмысымен берілген, өте білімді,
орыс тілін жете меңгерген, батырлықтан жаралған, шын мәніндегі патриот,
керемет ізденімпаз, сирек ұшырасар ықыласты әңгімеші және соншама
сүйкімді тұлға еді. Ол адамды шыққан тегі, қоғамдық жағдайы, бағы мен тағы,
байлығы емес, рухани дүниесіне қарай бағалауға, сыйлауға үндейді. Махамбет
үшін кісінің қылығы ол адамдар бақыты үшін күресуші, ақиқат пен ізгілік
жоқтаушысы, ар-ұят пен азаттық қорғаушысы болса ғана адамгершілікке тән.
Жер бетіндегі ізгіліктің бейнесі ретінде имандылық үшін күресе жүріп, адам өз
қадір-қасиетін, әділеттілік пен игілікті қорғап қала алады, солай адам бақытты
бола алады. Ұлы ақын - күрескер шығармашылығы өміршеңдігінің сыры,
адам өмірінің мәні туралы сұраққа жауап беретіндігінде. Ол өз өмірінің мәні
мен мұрат, мақсатын күрес пен ерліктен көрген тұлға.
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ қоғамы
әлеуметтік-саяси өмірінің түбегейлі өзгерістерімен
сипатталады. Бұл өзгерістер Қазақстанның Ресейге
қосылуы аяқталуымен байланысты. Осы ғасырдың
ортасында қазақ хандығы жойылып, саяси жүйе өзгеріп, Қазақстан Ресейдің
отарына айналды. Осы кезеңде Қазақстандағы саяси ойдың дамуы бір бағытта
болды және қазақ жұртының ой-санасының қалыптасуына, дамуына
бағытталды.
Осы бағыттағы саяси ойдың негізін салушылар - Абай Құнанбаев (1845
1904 жж.), Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 жж.), Шоқан Уәлиханов (1835
1865 жж.). Бұл ақыл-ой алыптарының өмір сүрген уақыты, қоғамдық-саяси
Достарыңызбен бөлісу: