Саяси
ой
тарихында
орта
ғасырлардағы
феодалдық
қоғамнын
орны
ерекше.
Батыс
Еуропада феодализм мың жылдан артыққа
созылды (V-XVI ғасырлар). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік
етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан
мәдениетінің негізі болды. Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген
Аврелий Августин (354-430 жж.) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі
қағидаларын зерттеп, жетілдірді.
Аврелий Августин
Оның саяси көзқарастары «Құдай қаласы туралы» деген енбегінде
баяндалған. Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шырқау шыңына
көтерген монах Фома Аквинский (1225-1274 жж.) болды. Оның саяси
көзқарастары «Билеушілердің басқаруы туралы», «Теологияның жиынтығы»
деген еңбектерінде көрініс тапты. Аквинский өз шығармаларында Аристотель-
дің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдеуге тырысты.
Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды және соның
бұйрығымен жүзеге асырылады. Сондықтан, патшалық билік жоғары діни
билікке бағынуы тиіс. Оның пайымдауынша аспанда құдай, жерде Рим папасы
билеуі керек. Ол биліктің монархиялық түрін жақтады. Осыған ұқсас саяси
көзқарас ислам дінінде де орын алды. Онда билік дінбасыларының қолында
болуын көздеді. Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға,
оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс.
Әйгілі араб ойшылы Ибн Халдун (1332-1406 жж.) өзінің «Тарихқа кіріспе»
деген еңбегінде қоғам мен билік түрін ғылыми түрде талдаған. Адамның
Достарыңызбен бөлісу: