Оқу-тәрбие жұмысының өзекті мәселелері бойынша пікірсайыстар мен пікірталастар. Олар ауызша да, басылым түрінде де
ұйымдастырылады. Педагогикалық ұжымдарда өзекті, даулы педагогикалық
проблемалар талқыланады. Әр түрлі мұғалімдердің пікірлері бірін-бірі
толықтырады немесе тіпті қарама-қайшы болып шығады. Дауға қатысушы
әрбір адам өз пікірін дәлелдеуге немесе өз тәжірибесінен алған фактілермен,
озат тәжірибе материалдарымен дауласушы қарсы жақтың пікірін жоққа
шығаруға тырысады.
7. Педагогикалық экскурсиялар озық тәжірибені іске асыруды
зерделеу мақсатында ұйымдастырылады. Экскурсияда шебер педагогтың
озық әдістері мен тәсілдері, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруы іс жүзінде
көрнекілікпен алға тартылады. 8. Педагогика мәселелері бойынша семинар сабақтар. Семинар
тақырыбы бір жылға немесе бірнеше жылға белгіленеді. Жалпы тақырыпты
оқыған кезде, мысалы «Оқу процесін жандандыру», оқу процесінің
компоненттері, оқу процесіндегі субъект пен объект және олардың өзара іс-
әрекеті, оқушының белсенділігі оның ойдағыдай оқу шарттарының бірі;
сабақта оқушылар белсенділігін арттырудың тәсілдері сияқты неғұрлым
жеке мәселелер қаралады. Теориялық және әдістемелік әдеби материал
зерделенеді, семинарға қатысушы педагогтардың жеке тәжірибесі
талданады, қорытындылар жасалады.
9. Педагогикалық тәжірибені зерделеу мен қорытудың әдістемесін