Қаржаубаева Гүлнұр Қаржаубайқызы,
Қызылорда облысы,
Төретам қыстағы.
әЗ ПАЙғАмбАР мҰХАммЕд (с.ғ.с.)
Пәк көңіл, ай дидарлы пайғамбарым,
Жер-жаһанға иманның жайған дәнін.
Туралыққа шақырдың, тазалыққа,
Үмбетіңнің адасып қалғандарын.
Нұрлы шуақ алып келген тіршілікке,
Ықыласпен жол ашқан ізгілікке.
Саф алтындай соңыңда сүннет қалды,
Мүминдерді бастайтын гүл – үмітке.
Көркемдіктің үлгісі ең әр ісіңде,
Көп болды ғой құлшылық, сәресіңде.
Қамқорлықсыз жандарға жанашырлық,
Жасай бердің көзіңнің тірісінде.
Жетім менен жесірді жылатпадың,
Құлдыраған көңілді құлатпадың.
«Үмбетім» деп зар илеп, дұға жасап,
Көз ілместен өткен-ді бар ақ таңың.
Соқыр тиын жимастан баспанаңа,
Мейіріммен қарадың жас балаға.
Озбырлықты көрсең де, қапаланбай,
Шүкір еттің талғажау асқа ғана.
Қанағатшыл ғұмырың өтті дара,
Ақиқат үн естілді көкті жара,
213
Таңдаулы діни өлеңдер
Арқалаған міндетке адал болған,
Пайғамбарын хош көрген Хақ Тағала.
Сан жанарлар суланып жалыныштан,
Алаулайды үміттер алып ұшқан.
Пайғамбарым, сүйіктім, ардақты елші,
Саған деген кеудемде сағыныш бар!
Аллаға мадақ айтып зікірменен,
Ислами өмір сүрсем шүкірменен.
Жаббар Ие, Өзің қолда, Өзің қорға,
Кеудемде кесек ет бар лүпілдеген.
Уа, Аллаһ! Расулыңды мен де сүйем,
Дін үшін құрбан болсын мал мен дүнием.
Ақыретім, ақтық демім – солар қымбат,
Жалғанның жалықтырар әуресінен.
Есіміңді ұлықтаймын адал етпен,
Біздерде мейірім мен махаббат кем.
Уа,Раббым, құлдарыңа теңдей бөліп,
Сүйікті пайғамбардан шапағат бер!
Әмин!
214
Достарыңызбен бөлісу: |