ҚазаҚстан мұсылмандары діни басҚармасы АллАғА мАдАқ (таңдаулы діни өлеңдер) алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет90/124
Дата13.05.2022
өлшемі2,13 Mb.
#34309
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   124
Байланысты:
Allaga madak

Қазтай Дінмұхаммед
7- сынып оқушысы,
Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы.
АллАғА ТАғЗЫм
Мен Ұлы Ислам дінін ұстанамын.
Бар  мұсылман жаратқаны бір Алланың.
Жақсылық, имандылық, сауап іске
Шақыратын Құраннан ізде тәлім,
Бір Аллаға бет бұрып жүгінемін,
Келеді жүрегімнің үні дегім.   
Әлхамдулилләһ! Аллаһу Акбар!
Алла жолын тура жол деп білемін
Мұсылман болу қиын тіліңменен,
Көңілдегі пенделік кіріңменен.
Өтемей парызыңды текке жүрсең,
Құдайға берілмейсің шыныменен
Көп жан жүр мұсылманның атын алып,
Күнәға белшесінен батып алып.
Шомылып дүниенің азабына,
«Құдайым кешір!» -дейді жатып алып.
Алла десе елжірейді жүрегім,
Құран – сөзі мәңгі менің тірегім.
Жаратушы адамзаттың баршасын,
Бір Аллаға құл болу бар тілегім.


203
Таңдаулы діни өлеңдер
Алла жалғыз, Мұхаммед оның елшісі,
Өмір, бақыт – пенденің алған еншісі.
Мейірім, рахымы мол, Құдіретті,
Білемін, Алланың жоқ теңдесі.
Дұға етем, өзіңе бағынамын,
Аллаға шын көңілмен табынамын.
Қалаймын Саған ғана құлшылық қып,
Барша адам қасиетіңді танығанын.
Жаратқан Сен, мынау тұрған ғаламды,
Табиғатты, дүниені, адамды.
Мұхаммедтің хадисінде айтылған:
«Аялай біл, жүрген орта, панаңды».
Мұсылмандық парызымды ақтап өтем, 
Исламның шариғатын жаттап өтем.
Өмірімді Алла өзі қолдасын,
Өз дінімнің құдіретін сақтап өтем.
       
 
      


204


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет