Кенже Оразайұлы,
Алматы қаласы.
ЖАРАмАЙдЫ АллА АТЫмЕн
АнТ ЕТКЕн
Адамзатты жаратылған әр тектен
Жаратушы жасап, әрі тәнті еткен.
Пенделікпен кейде артық кетеміз,
Жарамайды Алла атымен ант еткен.
Ол бізге емес, біз Аллаға зәруміз
Демейік біз, өзгелерден тәуірміз.
Пайғамбардың туы астына жиналған,
Бар мұсылман бөлінбейтін бауырмыз.
Алла құлы, Мұхаммедтің үмбеті,
Үніңді қос, бүлінбесін жер беті!.
Бар ғаламды жаратушы-бір Алла,
Қандай ғажап!
Айдың-нұры,
Күн-беті!.
Алла сүйер- адал еткен еңбекті,
Алла сүйер-тазалықты, сергекті.
Жер Ананы,
«Алла» деген жандарды,
Құран сөзі бесігінде тербетті.
215
Қызылқулов Абдулла,
ОҚО, Мақтаарал ауданы,
Арайлы ауылы.
АллАҺқА мАдАқ
Аллаһ шын Аллаһ бар ақиқатта,
Еш нәрсеге мұқтаж емес ешбір затқа.
Жаралған құлшылық үшін бұл адамзат,
Басыңды и Раббымыз жалғыз Хаққа
Құран сөзі ағып жатқан кәусар бұлақ,
Адаспайтын алдың нұр шамдай шырақ.
Әкелген Аллаһ сөзін барша әлемге
Пайғамбарым Мұхаммед Расулуллаһ
Қайырмасы:
Жаратқаным,
Табынарым .
Сен ұлықсың
Сенсің Раббым.
Субханаллаһ
Әлхамдулиллаһ
Аллаһу әкбар
Аллаһу әкбар
Жаратқан тіршілікті жалғыз Аллаһ,
Кіршіксіз, кемшіліксіз Сүбханаллаһ.
Құлшылықпен үміт ет Рахымыңнан.
Бұл өмір пенделерге ауыр салмақ.
Сөзінен ақиқатты аққан бұлақ,
Әкелген Ислам діні мәңгі қалмақ.
216
Аллаға мадақ
Алланың игілігі мен сәлемі болсын,
Пайғамбарым, Мұхаммед Расулуллаһ
Қайырмасы:
Атымен бір Аллаһтың бастап сыйын,
Аса қамқор Аллаһым Рахман Рахим.
Аллаһқа сансыз мақтау хамд айтамыз,
Әлхамду лилләһи раббил-ъаләмин.
О, Аллаһ, есімің қандай көркем.
Естісем тебіренер жан дүнием
Табынар қолдаушы қамқоршым да.
Жаратқан жалғыз Аллаһ Өзің Ием.
217
Достарыңызбен бөлісу: |