ҚазаҚстан мұсылмандары діни басҚармасы АллАғА мАдАқ (таңдаулы діни өлеңдер) алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет89/124
Дата13.05.2022
өлшемі2,13 Mb.
#34309
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   124
Байланысты:
Allaga madak

Төреғали Тәшенов
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
Алматы қаласы.
ШЕбЕРді ШЕбЕР дЕгЕнШЕ, 
АллАнЫ ШЕбЕР дЕсЕЙШі...
Аспан астын сабалап,
Жердің жүзін сынап бір,
Құйды дейсің жаңалап,
Көктен Алла шырақ нұр.
Дүниеге нұрлана,
Шашқан шуақ – Рақым,
Нағыз шебер – Сен ғана,
Шын құдірет – шын дана!
 
Сенен ғана іздеймін
Тыныштық пен Еркіндік.
Үмітімді үзбеймін,
Антым осы, сертім нық!
Мойнымда бар аманат
Әр сағатың сынақ дүр.
Жердің жүзін жаңалап,
Құйып тұрсың шырақ нұр. 
 
Неткен шіркін, ғажап-ай,
Көктен нұр боп тамғаның!
Алтын жіппен найзағай 
Атын жазды Алланың.


201
Таңдаулы діни өлеңдер
Жұмақ үшін жараттың,
Құлыңды әлсіз, Раббым!
Қағбаға жалт қараттың,
Хақ нұрымен Құранның.
Қор болмаспын Өзіңе
Күнбағыстай құл болсам,
Елтіп Құран сөзіне,
Хақ нұрымен нұрлансам. 
Жиғанымды санарда,
Өлшеп мизам-таразы,
Арманым жоқ, жан Алла,
Менен болсаң ыразы. 
Әлем болса – жыр-өлең,
Жер – оның бір шумағы.
Иман ғана  түнеген
Жүректің бар шын бағы. 
Нығметіңді сезінсем – 
Соның өзі нығымет. 
Бір Алла деп көз ілсем,
Жүрекке иман нұрын ек!
Мойнымда бар аманат, 
Әр сағатың сынақ дүр.
Жердің жүзін жаңалап,
Құйып тұрсың шырақ нұр. 
 


202


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет