Кəсіптік одақтар – бұл өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау
жəне білдіру мақсаттарында қызметкерлерді ортақ өндірістік, кəсіби
мүдделердің негізінде біріктіретін, тіркелген жеке мүшелігі бар дербес
қоғамдық бірлестіктер.
Кəсіподақтардың құқықтары:
- мемлекеттік ж\е шаруашылық органдармен, қоғамдық ұйымдармен,
кəсіпкерлермен
ж\е
олардың
бірлестіктерімен
(одақтарымен,
ассоциацияларымен) өзара қатынастарда өз мүшелерінің құқықтары мен
мүдделерін білдіріп, қорғау, өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау
мақсатымен сотқа талап қою, сотта, төрелік сотта, басқа органдарда олардың
мүдделерін қорғау, оларға өзге де құқылық көмек көрсету, заң
консультацияларын ж\е құқылық көмек көрсететін басқа да қызметтер құру ж\е
еңбек дауларын қарау ж\е заңдарға сəйкес ұжымдық еңбек дауларын
(жанжалдарын) шешіуге қатысу, келісімдер мен ұжымдық шарттар жасасу;
- ақша қорларын қалыптастыру;
- кəсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан
келтіретін, прокурорлық қадағалау саласындағы құқылық актілерге наразылық
білдіру туралы, кəсіподақтар, еңбекті қорғау ж\е қауіпсіздік техникасы
жөніндегі заңдарды бұзушы адамдарға қарсы іс қозғау туралы прокуратураға
өтініш жасау;
190
- бағаның өсуіне байланысты ең төменгі тұтыну бюджетінің ж\е оның
жекелеген тұтыну себептерінің нақтылы-заттай құрылымы мен құрамын қайта
қарауға, еңбекке ақы төлеуді, зейнетақыларды ж\е жəрдемақыларды қайта
қарауға қатысу;
- өз кəсіподағы мүшелерінің кəсіпорындары мен жұмыс орындарына өз
өкілдерін жіберу.
ҚР заңдарында, жұмыс берушілермен жасалған келісімдерде ж\е шарттарда
кəсіптік одақтардың өзге де құқықтары белгіленуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |