Тараптары- тиісті атқарушы органдар атынан мемлекет, белгіленген
тəртіппен уəкілеттік берілген өз өкілдері атынан қызметкерлер мен жұмыс
берушілер.
Əлеуметтік əріптестік келісімдер жəне олардың топтастырылуы.
Əлеуметтік-əріптестік келісімдер əрекет ету саласы бойынша келесі
түрлерге бөлінеді:
- республикалық деңгейде ҚР Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық
бірлестіктерімен қызметкерлердің республикалық бірлестіктері арасында Бас
келісім жасалады. Бұл акт əлеуметтік-еңбек қатынастарын ең жоғары деңгейде
реттеудің жалпы қағидаларын белгілейді. Бұл келісімде тараптардың халықты
жұмыспен қамту, еңбекақы төлеу жəне азаматтарға тиесілі өзге де кепілдіктер,
əлеуметтік жағдайы нашар тұлғаларды əлеуметтік қорғау, қоғамда ұлттық
келісім мен бітімгершілікті қамтамасыз ету саласындағы міндеттемелері басым
сипатқа иеленген.
- өңірлік деңгейде жергілікті атқарушы органдар, жұмыс берушілер мен
қызметкерлердің өкілетті өкілдері арасында өңірлік (облыстық, қалалық,
аудандық) келісімдер жасалады.
192
- Салалық деңгейде тиісті атқарушы органдар, жұмыс берушілер мен
қызметкерлердің өкілетті өкілдері арасында салалық (тарифтік) келісім
жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |