ҚР Еңбек кодексінің 10-бабына сəйкес, еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек
берушінің актісінде, келісімде жəне ұжымдық шартта реттеледі. Əлеуметтік
199
қызметкерлердің жағдайын нашарлататын ережелері жарамсыз деп танылады.
Келісімдердің, ұж.шарттың, еңбек шартының талаптары біржақты тəртіппен
өзгеруге жатпайды. Жұмыс беруші Еңбек кодексіне жəне өзге де нормативтік
құқықтық актілерге, еңбек шартына, келісімдерге, ұжымдық шартқа сəйкес өз
құзыреті шегінде актілер шығарады. Жұмыс беруші Еңбек кодексінде,
ұжымдық шартта көзделген жағдайларда, қызметкерлер өкілдерінің келісімі
бойынша немесе пікірін ескере отырып, актілер шығарады. Жұмыс берушінің
ҚР еңбек заңдарымен, ұжымдық шартпен, келісімдермен салыстырғанда
қызметкерлердің жағдайын нашарлататын не жұмыс берушінің еңбек
қатынастарына өзге де қатысушыларының пікірінсіз өзі ғана, яғни рəсімдер
сақталмай шығарылған актілері жарамсыз болып табылады. Актіні шығарар
алдында жұмыс беруші оның жобасын жəне ол бойынша негіздемені ҚР ЕК-нің
266-бабына сəйкес құрылатын комиссияға ұсынады. Ол комиссия жұмыс беруші
актісінің жобасы табыс етілген күннен бастап 3 жұмыс күнінің аспайтын
мерзімде талқыға салады. Комиссияның шешімдері хаттамамен рəсімделеді,
онда қызметкерлер өкілдерінің жұмыс беруші актісінің жобасымен келісетіні не
келіспейтіні көрсетіледі, ұсыныстары болса қоса жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: