Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың тізімі.
Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарға:
- Еңбек кітапшасы;
- Тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі
бар еңбек шарты;
- Еңбек шартының жасалуы ж\е тоқтатылуы негізінде еңбек
қатынастарының туындауын ж\е тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші
актілерінен үзінді көшірмелер;
- Қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;
- Жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған не
нотариат растаған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі
туралы мəліметтер тізбесі);
- Қызметкердің еңбек қызмет туралы мəліметтер қамтылған мұрағаттық
анықтама жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |