Басқа жұмысқа тұрақты н\е уақытша ауыстыру
Бір ұйымда басқа жұмысқа, не ұйыммен бірге басқа жерге ауыстыруға, ҚР
Еңбек туралы заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке еңбек
шартында тиісті өзгерістер енгізіле отырып, қызметкердің жазбаша келісімімен
ғана жол беріледі. Басқа жұмысқа ауыстыруды бірнеше негіздер бойынша
түрлерге бөлуге болады, соның ішінде мерзімі бойынша: тұрақты ж\е уақытша.
Басқа жұмысқа уақытша ауыстыру. Бір кəсіпорынның (мекеменің, ұйымның)
ішіндегі бұл ауыстыру, кез келген жұмысқа ауыстыру кезіндегі сияқты тек
еңбек шарты тараптарының келісімімен жүзеге асады. Жұмыс беруші
қызметкердің келісімі бойынша оны басқа жұмысқа ауыстыра алады.
Қолданыстағы заңдарда бұл ауыстырулардың шекті мерзімі көрсетілген.
Заңнамада қызметкерді оның келісімінсіз: өндірістік қажеттілік ж\е бос тұрып
қалу жағдайында басқа жұмысқа ауыстыру мүмкіндігі көрсетілген 43-44 баптар
бойынша қызметкерді оның келісімінсіз 1 айға дейін кез келген жұмысқа оның
біліктілігі мен мамандығын ескерместен басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
202
мүмкіншілігі көрсетілген. Бірақ, бұл қызметкердің денсаулық жағдайына зақым
келтіретіндей болса, мұндай ауыстыруға жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |