11.7 Қылмыс істеу сатылары
Қылмыс істеуге дайындалу
Тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру, əзірлеу
немесе бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға
сөз байласу немесе қылмыс жасау үшін өзге де жағдайлар жасау, егер бұл
орайда қылмыс адамның еркіне байланысты емес мəн-жайлар бойынша
ақырына дейін жеткізілмесе, қылмысқа дайындалу деп танылады (24-баптың 1-
бөлімі). Заңда ауыр немесе ерекше ауыр қылмысқа дайындалғаны үшін
қылмыстық жауаптылық орнатылған (24-баптың 2-бөлімі). Заңда дайындық
əрееттерінің негізгілері ғана анықталған. Мұнда қасақана қылмыс жасауға
туғызылатын жағдайлардың жалпы көріністері ғана берілген. Кінəлі адам күні
бұрын ауыр, аса ауыр қылмыстарды жасау үшін өзіне өте қажетті жағдайларды
жасайды. Мысалы, пəтерге түсіп, ұрлық жасау үшін алдын ала иесіз пəтерді
анықтап, құлыпты ашуға кезекті кілттерді немесе басқа да құралдарды
дайындайды, жалған ақша жасау үшін соны жасауға қажетті аспаптарды,
жабдықтарды, қажетті материалдарды іріктейді.
Сонымен қылмыс істеуге дайындалу мына белгілермен сипатталады:
1 дайындық іс-əрекеттерін жасау;
2 қылмысты тек тікелей қасақаналылықпен істеу;
Қылмысқа дайындалу əр уақытта да іс-əрекеттер арқылы қылмыс істеуге
қолайлы жағдайлар жасайды, онсыз қылмыстың істелуі мүмкін емес. Қылмыс
істеуге дайындықтың қылмысқа оқталудан айырмашылығы бар. Қылмысқа
281
дайындықта белгілі бір нақты қылмыс құрамын жасауға мүмкіндік жағдайлар
жасалады, ал қылмысқа оқталуда ол мүмкіндіктер нақты іске асырыла бастайды.
Дайындық сатысында істелген қылмыс Қылмыстық кодекстің 24-бабы жəне
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабы боыйнша сараланады.
Мысалы, басқа біреудің пəтерін ұрлау үшін кілт дайындап жатқан субъект осы
кеде əшкереленсе, оның əрекеттері Қылмыстық кодекстің 24, 175-баптары
бойынша ұрлық жасауға оқталғаны үшін сараланады. Бұл жерде 24-баптың
көрініс табуы субъектінің аяқталмаған қылмыс жасағанын білдіреді.
Субъект өзінің дайындық əрекеттеріне тыйым салынғанына дейін басқа
қылмыс құрамын орындап үлгеруге, оның əрекеттері қылмыстардың жиынтығы
бойынша – тиісті қылмысқа дайындалғандық жəне басқа аяқталған қылмыс
жасағаны үшін сараланады.
Достарыңызбен бөлісу: |