Айыппұл
Қылмыстық кодекстің 40-бабы бойынша: «Айыпұл – осы Кодексте
көрсетілген шекте, заңмен белгіленген жəне жаза тағайындау сəтіне
қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сəйкес
келетін мөлшерде тағайындалатын ақша өндіріп алу» (40-бап, 1-бөлігі).
Қылмыстық кодекстің 40-бабында көрсетілгендейайыппұл негізгі немесе
қосымша жаза қатарында қолданылуы мүмкін. Қылмыстық жаза шарасы ретінде
айыппұл төлеуге сотталған адам белгілі бір материалдық қиындыққа тап
болады. Айыппұлдың жазалау қасиеті дəл осындай жағдайда көрініс табады.
Кінəлі адамнан үкім бойынша ақшалай өндіру сотталған адам жəне басқалар
үшін тəрбиелік мəні зор жəне мұның өзі қылмыстан сақтандыруда ерекшке роль
атқарады. Айыппұл негізгі жəне қосымша жаза ретінде тек қана заңда
көрсетілген ретте жəне соның шегінде қолданылады.
Егер айыппұл қылмыс сараланған баптың санкциясында көрсетілмеген
болса, онда ол негізгі немесе қосымша жаза ретінде қолдануға жатпайды. Тек
қана мұндай жағдайда айыппұлды Қылмыстық кодекстің 55-бабы бойынша
заңда көрсетілгеннен гөрі жеңілірек жаза тағайындауға негіз болғанда ғана
қолданады.
Айыппұл Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген айлық
есептік көрсеткіштің жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі шегінде
тағайындалады. Айыппұлдың мөлшерін жасалған қылмыстың ауырлығы мен
сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып сот белгілейді.
Айыппұлдың нақты мөлшері істелген қылмыстың ауырлығына, кінəлінің
материалдық, отбасылық жағдайларына, істің нақты жағдайларына байланысты
292
сот арқылы жеке-дара анықталады. Заңда айыппұлдың төменгі жəне жоғарғы
шегі көрсетілген. Егер сот айыппұл төлеудің негізіне айлық есептік көрсеткішті
алса, онда ол жиырма бестен мыңға дейінгі шекте тағайындалады. Қылмыстық
атқару құқығы бойынша айыппұлды орындау сотқа жүктеледі. Сот үкім күшіне
енгеннен кейін бір ай мерзім ішінде сотталған адамға айыппұлды төлеуді
міндеттейді. Егер сотталған адамның айыппұлды уақытында төлеуге мұршасы
жоқ болса, онда сот сотталғанның өтініші бойынша оны бөліп төлеуді немесе
төлеуді заңда белгіленген мерзімге кейінге қалдыруға құқылы. Егер сотталған
адам айыппұлды дер кезінде төлемесе, жазаның бұл түрі сот арқылы күшпен
орындалуға жатады. Заңда айыппұлды төлеуден əдейі жалтарғаны үшін
жауаптылық белгіленген. Əдейі жалтару деп сотталған адамның өзінің ақша
қаражаттары басқа да мүмкіндіктерін төлеуден əдейі жасырып оны төлеуден
ашық бас тарту болып табылады.
Жазалаудың негізгі түрі ретінде тағайындалған айыппұлды төлеуден əдейі
жалтарған жағдайда ол осы Кодекстің 42, 43 жəне 46-баптарында көзделген
ережелер сақтала отырып, қоғамдық жұмыстарға түзеу жұмыстарына тартумен
немесе тиісінше бір ай түзеу жұмыстары есебінен қамаумен, немесе сексен
сағат қоғамдық жұмыстарға тартумен немесе айыппұл сомасы орнына тиісінше
еселенген мөлшері есебінен он күндік қамаумен ауыстырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |