ҚҰҚЫҚ негіздері


    Қатысушылардың түрлері



Pdf көрінісі
бет235/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

 


284 

 

Қатысушылардың түрлері 

Қылмысқа  қатысушылардың  түрлері  жəне  олардың  əрқайсысына  заңдық 

сипаттама Қылмыстық кодекстің 28-бабында көрсетілген. 

Орындаушы.  Қылмысты  тікелей  жасаған  немесе  оны  жасауға  басқа 

адамдармен  (қоса  орындаушылармен)  бірге  қатысқан  адам,  сондай-ақ  жасына, 

есінің дұрыс еместігіне немесе осы Кодексте көзделген басқа да мəн-жайларға 

байланысты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын басқа адамдарды пайдалну 

арқылы, сол сияқты əрекетті абайсызда жасаған адамдарды пайдаланып қылмыс 

жасаған адам орындаушы деп танылады (28-баптың 2-бөлімі). 

Ұйымдастырушы.  Қылмыс  жасауды  ұйымдастырған  немесе  оның 

жасалуына  басшылық  еткен  адам,  сол  сияқты  ұйымдасқан  қылмыстық  топ 

немесе  қылмыстық  қауымдастық  (қылмыстық  топ),  трансұлттық  ұйымдасқан 

топты,  трансұлттық  қауымдастық  қоғамдастықты  (трансұлттық  қылмыстық 

ұйымды)  немесе  тұрақты  қарулы  топты  (банда)  құрған  не  оларды  басқарған 

адам  ұйымдастырушы  деп  танылады (28-баптың 3-бөлімі).  Ұйымдастырушы 

қылмысқа  қатысушылардың  ең  қауіптісі  саналады.  Оның  əрекеттері 

Қылмыстық  кодекстің 29-бабына  сілтеме  жасала  отырып  сараланады. 

Қылмысты  ұйымдастырушылардың  əрекеттері  көбінесе  тұрақты  қылмыстық 

топ,  ұйым  құруға  байланысты  болады.  Ұйымдастырушылар  объективтік 

жағынан алғанда қызметі қылмысқа қатысушыларды табу, оның дайындығына, 

жүзеге  асырылуына  жоспар  жасау,  қылмысқа  қатысушылар  арасында  берік 

тəртіп  орнату,  олардың  өзара  міндеттерін  бөлу,  сондай-ақ  қылмысты  істеу 

уақытында  оған  тікелей  басшылық  жасау  жағынан  көрінеді.  Барлық 

жағдайларда  ұйымдастырушы,  қылмысты  істегенде  даыйндағанда  немесе 

істегенде  ғана  олардың  қатысушыларын  біріктіріп,  басшылық  жасайды,  көп 

жағдайларда  қылмыс  істеудің  бастамашысы  болады.  Кейбір  ретте  қылмысты 

ұйымдастырушы  өзінің  ұйымдастырушылық  қызметін  істелген  қылмыстың 

тікелей  орындаушылық  қызметін  қоса  атқаруы  да  мүмкін.  Бірақ  та  мұндай 

жағдайда  оның  ұйымдастырушылық  қызметін  қылмысты  орындаушылық 

қызметімен  алмастыруға  болады.  Өйткені  қылмысты  ұйымдастырушының 

зияндылығы  орындаушыға  қарағанда  жоғары  жəне  қауіпті  болып  табылады. 

Ұйымдастырушы  тек  қана  тікелей  қасақаналықпен  əрекет  жасайды.  Ол  өзінің 

əрекетінің  қоғамға  қауіпті  екенін  біле  тұра  содан  туындайтын  зардаптардың 

болуын  болжай  тұра,  сол  зардаптардың  болуын  тілеп  істейді.  Яғни  басқаша 

айтқанда, ұйымдастырушы қылмысқа қатысушылардың барлығының қылмысты 

əрекетінің  біріктірушісі  болады  жəне  сол  үшін  де  өзі  ұйымдастырған  нақты 

қылмыс құрамының санкциясына сəйкес жазаға тартылады. 

Айдап  салушы.  Басқа  адамды  азғырып  сатып  алу,  қорқыту  немесе  өзге  де 

жолдармен  қылмыс  жасауға  көндірген  адам  айдап  салушы  деп  саналады (28-

баптың 4-бөлімі). 



285 

 

Айдап  салушы  болашақ  қылмысты  орындаушыны  əртүрлі  əдістермен 



қылмыс  істеуге  азғырып,  көндіріп,  оның  батылдығына  жігер  береді.  Айдап 

салушы  қылмысты  істеушінің  сана-сезіміне,  еркіне  тікелей  əсер  етіп,  оны 

қылмыс  жасауға  тікелей  жігерлендіреді.  Айдап  салушының  өзі  қылмысты 

тікелей  істеуге  көндірген  адаммен  қатынас  жасауы  ауызша,  жазбаша,  қимыл 

көрсету жəне басқа да саналуан болуы мүмкін. 

Қылмыс  істеуге  біреуді  көндірудің  тəсілі  əртүрлі  болуы  мүмкін.  Мұнда 

қорқыту,  көндіру,  сатып  алу,  өтіну,  сый-сияпат  жасау,  өз  өкілдігі  мен  беделін 

пайдалану  сияқты  саналуан  əдістер  пайдалнуы  мүмкін.  Кейде  айдап  салушы 

біреу  емес,  бірнеше  де  болуы  мүмкін.  Айдап  салудың  барлық  тəсілдері  мен 

əдістері азғыруға көнушінің еркін басуға немесе оны шатасуға əкеп соқтырмауы 

керек, қайта оның белгілі бір қылмысты жасауға жігерін қоздырып, соны істеуге 

бел  байлатуы  керек.  Айдап  салушы  барлық  уақытта  да  белсенді  əреекттер 

күйінде жүзеге асырылады. Айдап салушыны интеллектуалыдық көмектесуден 

ажырата  білу  керек.  Интеллектуалдық  көмек  беруде  адам  қылмыс 

орындаушысының  ниетін  құптайды,  ал  айдап  салушылықта  қылмыс  істеуге 

біреуді белсенді түрде көндіреді. Айдап салушылық өзінің істеген іс-əрекетінің 

мəнін  сезуге  қабулеті  нақты  бір  шешім  жасайтын  адам  жөнінде  ғана  орын 

алады. Сондықтан есі дұрыс емес адамды, қылмыстық жасқа толмаған адамды 

айдап  салушылықта  қылмысқа  тарту  тəртібі  қолданылмайды,  бұл  жерде  айдап 

салушының  əрекеттері  біреу  арқылы  зиян  келтіру  арқылы  бағаланады.  Сол 

сияқты  біреуді  əдейілеп  қасақана  теріс  бағытқа  салып,  соның  қатесін 

пайдаланып  сол  арқылы  қылмысты  жүзеге  асыру  да  қылмысқа  қатысудағы 

айдап  салушылық  болмайды.  Мұндай  реттерде  ондай  əрекеттерді  істеген 

адамның өздері қылмыстың тікелей орындаушысына айналып кетеді. 

Субъективтік  жағынан  алғанда  айдап  салушылық  əрекеті  тікелей 

қасақаналық арқылы сипатталады. 

Көмектесуші. Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпарат, қылмысты жасайтын 

қару  немесе  құралдар  берумен  не  қылмысты  жасауға  кедергілерді  жоюмен 

қылмыстығ  жасалуына  жəрдемдескен  адам,  сондай-ақ  қылмыскерді,  қаруды 

немесе  қылмыс  жасаудың  өзге  де  құралдарын,  қылмыстың  ізін  не  қылмыстық 

жолмен табылған заттарды жасыруға күні бұрын уəде берген адам, сол сияқты 

осындай  заттарды  сатып  алуға  немесе  өткізуге  күні  бұрын  уəде  берген  адам 

көмектесуші деп танылады (28-баптың 5-бөлігі). 

Объективтік  жағынан  алғанда  қылмысқа  көмектесу  жоғарыда  аталған 

тəсілдермен  қылмыстың  жүзеге  асырылуына  жəрдемдесу  болып  табылады. 

Тəсілдердің  нақты  тізімі  Қылмыстық  кодекстің 28-бабының 5-бөлігінде 

көрсетілген.  Мұнда  қылмыс  істеуге  пайдаланылатын  барлық  тəсілдердің 

нысандары толық айтылған. 

Көмектесушінің  қылмысты  орындаушылардан  өзгешелігі,  сол  қылмысқа 

көмектесу  əр  уақытта  да  орындаушының  қылмыстық  əрекетін  орындауының 




286 

 

алдын алады. Өйткені қылмыстық заңда қылмысқа көмектесудің бір белгісі күні 



бұрын  уəде  беру  деп  көрсетілген.  Күні  бұрын  қылмыс  істегенге  дейін 

көмектесуге  уəде  берген  адам  ғана  қылмысқа  көмектесуші  деп  танылады.  Ал 

егер  адам  күні  бұрын  көмектесуге  уəде  бермей-ақ  орындаушының  қылмыс 

істеуіне  көмектессе,  ондай  адамның  əрекеті  Қылмыстық  кодекстің  Ерекше 

бөлімде  көрсетілген  тиісті  құрамдарды  бірге  орындаушы  ретінде  бағаланады. 

Қылмысқа көмектесу заттай (материалдық) немесе интеллектуалдық болады. 

Қылмыстық кодексте қылмысқа қатысу нысандары көрсетілген. 

Заңға сəйкес қылмысқа қатысу нысандарына (топ болып, ұйымдасқан топ, 

қылмыстық  сыбайластық  (қылмыстық  ұйым)  жасаған  қылмыстарға) 

Қылмыстық кодекстің 31-бабында нақты сипатталған. 

Қылмыстық  жаза  мемлекеттік  күштеу  шараларының  бірі  болып  табылады 

жəне  ол  мемлекеттің  қылмыстылыққа  қарсы  күрес  жүргізу  құралдарының  бірі 

ретінде қолданылады. Мемлекет қылмыстылыққа қарсы күрес жүргізуде əртүрлі 

ұйымдастырушылық,  тəрбиелік,  рухани,  экономикалық  шаралардың  барлық 

түрлерін  кеңінен  қолданады,  сөйтіп  қылмыстылықтан  қорғану  мəселесіне 

ерекше  көңіл  аударады.  Сондықтан  біздің  жас,  тəуелсіз  мемлекетіміз 

қылмыстылыққа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең басты күрес деп 

саналмайды,  бұл  құбылысқа  қарсы  күресте  шешуші  мəселе  жоғарыда  аталып 

өткен экономикалық, ұйымдастыру, қоғам мүшелерінің белсенділігін, құқықтық 

сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан қылмыстық шара 

мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнайы заңда көрсетілген жағдайларда 

ғана  іске  асырылады.  Қылмыс  істеген  адамдарға  мұндай  шараны  қолдану 

мемлекеттің атқаратын фнукцияларының бірі ретінде қарастырылады. Əсіресе, 

ауыр не аса ауыр қылмыс істегендерге соған сəйкес ауыр қылмыстық құқықтық 

күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады. Мемлекеттің 

күштеу  шаралары  саналуан.  Оларға  тек  қылмыстық  құқықтық  шаралар  ғана 

емес, азаматтық, əкімшілік, тəртіптік шалара да жатады. Қылмыстық құқықтық 

шара мемлекеттің күштеу шараларының бірі бола отырып, өз ерекшеліктерімен 

оқшауланады. 

Біріншіден,  қылмыстық  шара – мемлекеттік  күштеу  шарасы  ретінде  тек 

қана  заңмен  белгіленеді.  Қылмыстық  кодексте  жазаның  сот  үшін  міндетті 

тізбектері мен оны қолдану тəртіптері анықталған. Сот қылмыста кінəлі адамға 

қылмыстық  заңда  көрсетілген  шеңберде  оның  шегінен  шықпай  жаза 

тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетілгеннен гөрі неғұрлым 

жеңіл шара тағайындауға құқылы. 

Екіншіден,  мемлекеттік  күштеу  шарасы  ретіндегі  қылмыстық  жазаны 

мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмыстық кодекстің 38-бабында 

«жаза  дегеніміз  сот  үкімімен  тағайындалатын  мемлекеттік  мəжбүрлеу 

шарасы»,-  делінген.  Қылмыстық  жазамен  салыстырғанда  басқа  да  күштеу 

шаралары  мемлекеттік  органдар  немесе  лауазымды  адамдар  арқылы  жүзеге 




287 

 

асырылады.  Мысалы,  қоғамдық  тəртіпті  бұзған  адамды  полиция  қызметкері 



əкімшілік  жазаға,  салық  инспекциясының  лауазымды  адамы  салық  төлеуден 

бұлтарған адамды заңда көрсетілген тəртіппен жазаға тартады немесе əкімшілік 

комиссиясы  өзіне  берілген  құзырет  шеңберінде  əкімшілік  құқықбұзушыларды 

жауапқа  тартады.  Осы  аталған  органдардың  немесе  лауазымды  адамдардың 

бірде-біреуі  қылмыстық  жаза  қолдануға  құқылы  емес,  қылмыстық  жазаны 

қолдану -  тек сот құзыреті. 

Үшіншіден, заңда көрсетілген тəртіппен сотталған адамды жазадан босату, 

сондай-ақ  тағайындалған  жазаны  жеңілдету  тағы  да  сот  арқылы  жүзеге 

асырылады.  Тек  қана  рақымшылық  жəне  кешірім  беру  актілерімен  жазадан 

босату жəне жазасын жеңілдету Қазақстан Республикасының Конституциясына 

сəйкес Парламент немесе Республика Президенті арқылы жүзеге асырылады, ал 

басқа жағдайларда бұл мəселелерді шешу тек сот құзыреті болып табылады. Бұл 

да қылмыстық жазаның басқа күштеу шараларынан мəнді өзгешелігін көрсетеді. 

Төртіншіден, 

қылмыстық 

жаза 


жария 

түрде, 


ашықтан-ашық 

тағайындалады.  Яғни  қылмыс  адамның  кінəсін  анықтау  оған  жазаны 

тағайындауды  қажет  деп  табу,  қылмыстық  жазаның  нақты  түрі  мен  көлемін 

анықтау,  жеке  немесе  заңды  тұлғалар  арқылы  емес,  мемлекет  арқылы  жария, 

ашықтан-ашық түрде беріледі. Қылмыстық жаза кінəлі адамға мемлекет атынан 

белгіленеді, жеке немесе лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді 

де босата алмайды, заңды күшіне енген сот үкімі мемлекеттік, жеке кəсіпорын, 

мекеме,  ұйым,  лауазымды  жəне  адамдардың  орындауы  үшін  Республика 

аумағында міндетті болып табылады. 

Бесіншіден,  мемлекеттік  күштеу  шаралары  ретінде  қылмыстық  жаза 

қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмысты жасаған кінəлі адамға қолдануы 

мүмкін.  Яғни  бұл  жерде  жаза  адамның  кінəлі  түрде  істеген  іс-əрекетінің 

қылмыстық  құқықтық  салдары  болып  табылады.  Сондықтан  қылмыстық  заңда 

«адам  өз  кінəлігі  анықталған  қоғамға  қауіпті  əрекет  немесе  əрекетсіздік  жəне 

пайда  болған  қоғамға  қауіпті  зардаптар  үшін  ғана  қылмыстық  жауапқа 

тартылуыға  тиіс», - делінген.  Сондай-ақ  əрбір  істелген  қылмыс  үшін  жаза 

тағайындау  міндетті  емес.  Мұның  мəні  мынада:  егер  тергеу  жүргізген  немесе 

істі  сотта  қараған  кезде  жағдайдың  өзгеруіне  байланысты  кінəлінің  істеген 

əрекеттерінің  қоғамға  қауіпті  мəні  жойылса  немесе  оның  өзі  қоғамға  қауіпті 

емес  деп  танылса,  қылмыс  нысандары  бар  іс-əреекттер  жасаған  адамды 

қылмыстық жауаптылықтан босатуға (68-бап) болады. 

Қылмыстық  жазаны  қолдану  кінəліні  басқа  түрдегі  азаматтық,  əкімшілік 

немесе  тəртіптік  құқықтық  жауапкершілікке  тартумен  де  ұштастырылуы 

мүмкін. 


Қылмыстық  жаза  мемлекет  атынан  қылмысты  іс-əрекеттер  үшін  кінəлінің 

кінəсін  бетіне  басу  арқылы  берілетін  теріс  құқықтық  баға  болып  табылады. 

Бетіне  басу  мен  кінəлəудің  дəрежесі  қылмыстың  ауырлығына,  кінəлінің  жеке 



288 

 

тұлғасына  жəне  оның  қылмысты  іс-əрекетті  істеудегі  мінез-құлқына  тікелей 



байланысты болады. 

Жаза  сотталған  адамға  белгілі  бір  зардап  келтірумен  тікелей  байланысты 

болады. Мысалы, соттың кінəліні бас бостандығынан айыруы немесе белгілі бір 

кəсіппен  шұғылдануға  немесе  белгілі  бір  лауазым  иесі  болуға  тыйым  салуы, 

мүлкін  тəркілеуі  мүмкін.  Ерекше  ауыр  қылмыс  жасағанда  кінəліге  заңда 

көрсетілген  реттерде  ерекше  жаза - өлім  жазасы  да  тағайындалуы  мүмкін.  Кез 

келген  қылмыстық  жаза  тағайындағанда  сотталған  адам  моральдық, 

материалдық,  мүліктік  зардаптар  шегеді.  Өйткені  жаза  өзінің  мəні  жөнінен 

кінəліні жазалау болып табылады. 

Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан ерекшелігі 

сол, оны қолдану кінəліге барлық уақытта да сотталғандық туралы атақ береді. 

Сотталғандықтың  кінəлі  үшін  белгілі  бір  құқықтық  зардабы  бар,  ол 

сотталғандығы  туралы  өмірбаянында  көрсетілуі  керек,  сотталғандық  кейде 

қылмысты  ауырлататын  мəн-жайларға  жатады.  Немесе  сотталғандық  атақ 

қылмысты  саралауға,  жаза  мөлшерін,  жаза  өтеудің  колониясының  режимінің 

түрін  анықтауға  əсер  етуі  мүмкін.  Сонымен  қылмыстық  жаза  дегеніміз  сот 

арқылы  мемлекет  атынан  қылмыс  жасаған  адамға  қылмыстық  заңмен 

белгіленген қылмыстық шараны қолдану болып табылады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет