Қоғамдық жұмыстарға тарту
Өзі басқару органдарының актілерімен қоғамдық жұмыстарға тарту деп
жергілікті атқарушы немесе жергілікті өзін басқару органдары белгіленген
жұмыстарды сотталған адамның қоғамның пайдасына тегін істеуін айтады.
Жазаның бұл түрі негізгі жаза ретінде Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөліміндегі баптардың санкцияларында тікелей көрсетілген жағдайларда ғана
қолданылады. Қоғамдық жұмыстардың сот ұзақтығын 60 сағаттан 200 сағатқа
дейін, күніне 4 сағаттан аспайтын мөлшерде тағайындайды жəне сотталған адам
оны негізгі жұмысынан жəне оқуынан бос уақытында тегін өтейді. Сотталған
адамдардың істейтін қоғамдық жұмыстарының тізбегі жергілікті өкімет немесе
жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы белгіленеді. Сотталған адам
қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарған ретте олар осы Кодекстің
тиісінше 45 жəне 46-баптарында көзделген мерзімдер шегінде бас бостандығын
шектеумен немесе қамауға алумен ауыстырылады. Бұл орайда сотталған адам
қоғамдық жұмысты өтеген уақыт сегіз сағат қоғамдық жұмыс үшін бас
бостандығынан шектеудің немесе бір күн қамауда болу есебімен есептеледі.
Əскери қызметшілерге, елу сегіз жастан асқан əйелдер мен алпыс үш
жастан асқан еркектерге, жүкті əейлдерге, сегіз жасқа дейінгі балалары бар
əйелдерге, I немесе II топтағы мүгедектерге қоғамдық жұмысқа тарту
тағайындалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |