Жаза жүйелерінің жəне түрлерінің жалпы сипаттамасы
Жаза жүйелері деп қолданыстағы қылмыстық заңда белгіленген соттар
үшін міндетті жəне тұжырымды, ауырлығына қарай белгілі бір тəртіпте
орналасқан жаза түрлерін айтамыз.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын
жекелеген жазаларды қолдану шарттары, шектері мен тəртіптері анықталған.
Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі
жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сотталған адамға
келтірілетін айырудың мəніне қарай жаза түрлері мынады түрлерге бөлінеді:
1. Сотталғандарға моральдық əсер ететін жазалар. Бұған жататындар:
қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, əскери немесе құрметті атағынан,
сыныптық шенінен, дипломатиялық дəрежесінен, біліктілік сыныбынан,
мемлекеттік наградаларынан айыру.
2. Сотталған адамдардың құқықтарына шек қоюмен байланысты жаза
түрлері: белгілі бір лауазым орнына ие болу немесе белгілі бір қызметпен
айналысу құқығынан айыру, əскери қызметі бойынша шектеу.
3. Сотталған адамдарды материалдық жағынан айыруға байланысты
жазалар: түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлкін тəркілеу.
4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға
байланысты жазалар: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау, тəртіптік
əскери бөлімде ұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа түрлері
жалпыға мəлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлерін негізінен үш
топқа бөлінеді: Бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жазалар
дегеніміз заң бойынша жеке-дара жаза ретінде жазаның мақсатын іске асыру
үшін қолданылатын жаза түрлері. Қылмыс жасады деп танылған адамдарға
келесі негізгі жазалар қолданылуы мүмкін:
а) айыппұл салу;
б) белгілі бір лауазым орнына ие болу немесе белгілі бір қызметпен
айналысу құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
д) əскери қызметі бойынша шектеу;
е) бас бостандығын шектеу;
ж) қамау;
з) тəртіптік əскери бөлімде ұстау;
и) бас бостандығынан айыру;
к) өлім жазасы қолданылуы мүмкін
(39-баптың 1-бөлімі).
Екінші топқа қосымша жазалар жатады:
291
Қосымша жазалар жеке өздері тағайындалмайды, ол тек негізгі жазаға қоса
тағайындалады.
Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар
тағайындалуы мүмкін:
А) арнаулы, əскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен,
дипломатиялық
дəрежесінен,
біліктілік
сыныбынан,
мемлекеттік
наградаларынан айыру,
Б) мүлкін тəркілеу (39-баптың 2-бөлігі).
Үшінші топқа негізгі де, қосымша да жаза ретінде тағайындала алатын
жазалар жатады. Оларға жататындар: айыппұл салу, белгілі бір лауазым орнына
ие болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жəне
қоғамдық жұмыстарға тарту. Осы көрсетілген жаза түрлері негізгі жаза ретінде
тағайындалуы да мүмкін. Сонымен, қолданылып жүрген қылмыстық заңда
мазмұны мен мəні əр түрлі жаза түрлері көрсетілген. Бұл жазаларды дұрыс
қолдану – қылмыспен тиімді күрес жүргізудің негізгі шарты болып табылады.
Енді осы жазаның жекелеген түрлеріне сипаттама береміз.
Достарыңызбен бөлісу: |