ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет243/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

Бас бостандығын шектеу 

Бас  бостандығынан  шектеу  сотталған  адамды  қоғамнан  оқшауламай, 

арнаулы мекемелерде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімде оны қадағалауды 

жүзеге  асыру  жағдайында  ұстаудан  тұрады.  Бас  бостандығын  шектеуді 

қоғамдық  жұмыстарға  тартумен  немесе  түзеу  жұмыстарымен  ауыстырған 

жағдайда  ол  бір  жылдан  аспайтын  мерзімдерге  де  тағайындалуы  мүмкін (45-

баптың 1-бөлігі). 

Сот  бас  бостандығын  шектеу  түрiнде  жаза  тағайындай  отырып,  сотталған 

адамға белгілі бір міндеттер жүктейді. Ол міндеттер мамандандырылған органға 

хабарламай  тұрақты  тұратын,  жұмыс  iстейтiн  жəне  оқитын  жерiн  өзгертпеу, 

мамандандырылған органның рұқсатынсыз белгiлi бiр жерлерге бармау, оқудан 

жəне  жұмыстан  бос  уақытта  тұрғылықты  жерiнен  кетпеу,  басқа  да  жерлерге 



296 

 

бармау  мiндеттерiн  орындауды  жүктейдi.  Сот,  бас  бостандығын  шектеуге 



сотталған адамға оның түзелуiне ықпал ететiн басқа да мiндеттердi орындауды: 

алкогольге  салынудан,  нашақорлықтан,  уытқұмарлықтан,  жыныс  жолдары 

арқылы  жұғатын  аурулардан  емделу  курсынан  өтудi,  отбасын  материалдық 

қолдауды жүзеге асыруды жүктей алады (ҚК-нің 45-бабы 1-бөлігі). 

Бас  бостандығын  шектеу  түрiндегi  жазаны  өтеу  кезеңiнде  сот  сотталған 

адамның  мiнез-құлқын  қадағалауды  жүзеге  асыратын  органның  ұсынысы 

бойынша сотталған адамға бұрын белгiленген мiндеттердiң күшiн толық немесе 

iшiнара жоя алады(ҚК-нің 45-бабы 4-бөлігі). 

Жазаның    бұл    түрі    негізгі    жаза    ретінде    жеке – дара    ретінде  

тағайындалады.  Бас    бостандығынан    шектеу    негізгі  жазаға    балама    ретінде  

Қылмыстық    кодекстің    Ерекше    бөлімінің    көптеген    баптарының  

санкцияларында    арнайы  көрсетілген.  Мысалы, 108 - баптағы      денсаулыққа  

жан  күйзелісі  жағдайында  зиян  келтіру,  101 - баптағы  абайсызда кісі өлтіру, 

102 - баптағы    өзін - өзі    өлтіруге    дейін    жеткізу,  т.б.  құрамдар.  Бас  

бостандығынан    шектеуге    сотталғандар    арнаулы    мекемелерде – қоныс  

колонияларында    Республика    көлемінде    өтейді.  Жергілікті    өкімет    жəне  

басқару      органдары    осы    жазаны    өтеуге    жіберілгендерді    еңбекке  

орналастыруға міндетті.  Бас  бостандығынан  шектеу  мерзімі  заңда  1  жылдан 

5  жылға  дейінгі  мерзім  деп  белгіленген.  Заң  бойынша  бас бостандығынан  

шектеу  мына  адамдарға  қолданылмайды: 

-  ауыр  немесе  аса  ауыр  қылмысы  үшін  сотталғандығы  бар  адамдарға, 

əскери қызметшілерге, сондай-ақ тұрақты тұратын жері жоқ адамдарға (45-бап, 

3-бөлігі). 

Бас    бостандығын    шектеуге    сотталған    адам    жазаны  өтеуден    əдейі  

жалтарған      жағдайда    сот    бас    бостандығын  шектеудің    өтелмеген    мерзімін  

нақ    сол    мерзімге    бас  бостандығынан    айыру    түріндегі    жазамен    ауыстыра  

алады. Бұл  орайда  бас  бостандығын  шектеуді  өтеу  уақыты  бас бостандығын  

шектеудің    бір    күн    үшін    бас    бостандығынан    айыру    мерзіміне    есептеледі  

(45-бап,2-бөлігі). 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет