ҚҰҚЫҚ негіздері


Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу



Pdf көрінісі
бет239/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу 

құқығынан айыру 

Белгілі бір лауазым орнына ие болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу 

құқынан айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 

белгілі бір лауазымды атқаруға немесе белгілі бір кəсіптік не өзге де қызметпен 

айналысуға тыйым салудан тұрады (41-бап). 

Қылмыстық  кодекстің  осы  бабында  екі  түрлі  əр  түрлі  жаза  біріктірілген: 

белгілі бір лауазымды атқарудан жəне белгілі бір кəсіппен айналысу құқығынан 

айыру. 


Жазаның бұл түрі сот арқылы істелген қылмыстың мəніне қарай сотталған 

адамды  одан  əрі  белгілі  бір  лауазымды  атқару  немесе  белгілі  бір  кəсіппен 

щұғылдануы  мүмкін  болмайтын  жағдайда  тағайындалады.  Мұндай  жаза, 

мысалы  көлік  құралдарын  жүргізуші  адамдадың  жол  қозғалысы  жəне  көлік 

құралдарын  пайдалану  ережелерін  бұзғаны  үшін (296-бап),  тұтынушыларды 

алдаған  адамдарға (223- бап),  қызмет  пайдаланып  сеніп  тапсырылған  бөтен 

мүлікті  иемденген  немесе  ысырап  еткен  лауазым  адамдарына (176- бап) 

қолданылуы мүмкін. 

Белгілі  бір  лауазым  иесі  болу  немесе  белгілі  бір  қызметпен  шұғылдану 

құқығынан айыру қылмыстық жаза шарасы ретінде істелген қылмыстың мəніне 

қарай кінəлі адамды белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен 

шұғылдану  құқығынан  айыру  қажет  болғанда,  мұндай  адамдарға  осы 




293 

 

құқықтарды  одан  əрі  жүзеге  асыруға  сеніп  тапчыруға  болмайтын  реттерде 



қолданылады. 

Мұндай жазаны қолдану негізінен қызмет бабын немесе кəсіптік қызметін 

пайдаланып қылмыс жасайтындардың қылмысты қайталап жасауына бөгет қою, 

мұндай тəсілмен қылмыс жасаудан сақтандыру болып табылады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет