ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет241/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

Түзету жұмыстар 

Түзеу жұмысы сотталған адамды мəжбүрлеп еңбекке тарта отырып, үкімде 

көрсетілген  мерзімде  ай  сайынғы  табысының  бір  бөлігін  мемлекет  пайдасына 

ұстауды  білдіретін  қылмыстық  жазаның  бір  түрі  болып  табылады.  Бұл  жаза 

жазаның  тек  негізгі  түрі  ретінде  Қылмыстық  кодекстің  Ерекше  бөлімінің 

санкцияларында арнаулы көрсетілген реттерде ғана қолданылады. 

Түзеу  жұмысына  сотталған  адам  бас  бостандығынан  айырылмайды, 

отбасынан, еңбек ұжымынан бөлінбейді, өзінің жұмысын, қызметін сотталғанға 

дейін  еңбек  еткен  ұжымында  жалғастыра  береді.  Оның  түзелуі  осы  өзі  істеген 

еңбек  ұжымы  шеңберінде,  қоғамнан  оқшауланбай  жүзеге  асырылады.  Мұның 

өзі  сотталған  адамға  еңбек  ұжымы  əкімшілігінің,  отбасы  мүшелерінің, 

жақындарының бақылау жүргізуіне толық мүмкіндік береді. 

Сонымен  бірге  түзеу  жұмысы  бас  бостандығынан  айыру  жазасы  сияқты 

сотталған адамға белгілі бір дəрежеде жазалау ықпалы арқылы да əсер етеді. 




294 

 

Түзеу  жұмысы  тағайындалған  сотталған  адамның  міндетті  түрде  қоғамға 



пайдалы  еңбекке  қатыстырыла  отырып  бұрынғы  немесе  басқа  ұйымда  жүзеге 

асырылады.  Жазаны  өтеу  мерзімінде  сотталған  адамның  еңбегі  мəжбүрлі 

сипатқа ие болады. Жаза өтеу мерзімінде оның жалақысының белгілі бір бөлігі 

мемлекет  пайдасына  өндіріледі.  Түзеу  жұмысы  жазасын  өтеу  мерзімі 

жеңілдіктер мен жалақыға қосымша алуға негіз болмайды. Бұл жазаға сотталған 

адамдар өз бетінше жұмысан кетіп қалуға қақысы жоқ. Мұндай ретте жұмыстан 

босану  үшін  жазаның  орындалуын  іске  асыратын – қылмыстық  орындау 

инспекциясының келісімі қажет. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық 

кодексі  бойынша  түзеу  жұмыстары  адамның  жұмыс  орыны  бойынша  өтеледі. 

Түзеу  жұмысын  жұмыс  орнында  өтеу  деген  сөз  сотталған  адамды  бұрынғы 

сотталғанға  децін  лауазымында  немесе  кəсібімен  шұғылдана  беруге  болады 

деген мағынаны білдірмейді. Егер қылмыс лауазымды жағдайына немесе кəсіби 

қызметіне  байланыстыжасалған  болса,  онда  сотталған  адам  басқа  жұмысқа 

немесе  басқа  жұмыс  орнына  ауыстырылуы  мүмкін.  Бірақ  үкім  сотталған 

адамның  жұмыс  орныда  өтелуі  тиіс.  Түзеу  жұмыстары  екі  айдан  екі  жылға 

дейігі  мерзімге  белгіленеді  жəне  сотталған  адамның  ай  сайынғы  табысынан 5 

проценттен 20 процентке дейінгісі мемлекет кірісіне ұсталады. 

Қылмыстық кодекстің 43-бабының 3-бөлігіне сəйкес: 

Түзеу  жұмыстарына  сотталған  адамның  табысынан  соттың  үкімімен 

белгіленген  мөлшерде,  бес  проценттен  жиырма  процентке  дейінгі  шекте 

мемлекеттің кірісіне ұстап қалу жүргізіледі. 

Еңбекке жарамсыз деп танылған, тұрақты жұмысы жоқ немесе оқу орнында 

өндірістен  қол  үзіп  оқитын  адамдарғатүзеу  жұмыстарын  тағайындауға 

болмайды.  Мұндай  адамдарға,  егер  осы  Кодекстің  Ерекше  бөліміндегі  тиісті 

баптың  санкциясымен  айыппұл  түрінде  жаза  көзделмеген  болса,  бір  ай  түзеу 

жұмысы  үшін  заңмен  белгіленген  бір  айлық  есепті  көрсеткішке  тең  айыппұл 

сомасының  есебінен  сот  түзеу  жұмыстарының  орнына  айыппұл  тағайындауы 

мүмкін.  Егер  аталған  мəн-жайлар  жазаны  өтеу  кезінде  пайда  болса,  сот  түзеу 

жұмыстарын айыппұл салумен де ауыстыра алады. 

Жаңа  Қылмыстық  кодексте  түзеу  жұмыстарына  сотталған  адамның 

жазасын  өтеуден  əдейі  бұлтарғаны  үшін  жауаптылық  белгіленген.  Мұндай 

жағдайда  сот  түзеу  жұмыстарының  өтелмеген  мерзімін  нақ  сол  мерзімге  бас 

бостандығынан  шектеу,  қамауға  алу,  бас  бостандығынан  айыру  түріндегі 

жазалардың біріне ауыстыра алады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет