ҚҰҚЫҚ негіздері


Жердi  нысаналы  мақсатына  сай  емес  пайдаланған  жердi  қайтарып



Pdf көрінісі
бет310/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

Жердi  нысаналы  мақсатына  сай  емес  пайдаланған  жердi  қайтарып  

алуы.  Ауыл  шаруашылығы  өндiрiсiне  не  тұрғын  үй  құрылысы  мен  өзге  де 

құрылысқа  арналған  учаске,  егер  Қазақстан  Республикасының  заңдарында 

неғұрлым  ұзақ  мерзiм  көзделмесе,  бiр  жыл  iшiнде  тиiстi  мақсатында 

пайдаланылмаған  жағдайларда  жер  учаскесi  меншiк  иесiнен  жəне  жер 

пайдаланушыдан  алып  қойылуы  мүмкiн.  Бұл  кезеңге  учаскенi  игеруге  қажеттi 

уақыт,  сондай-ақ  дүлей  апаттар  салдарынан  немесе  осылайша  пайдалануға 

мүмкiндiк  бермеген  өзге  де  мəн-жайларға  байланысты  учаскенi  мақсаты 

бойынша пайдалану мүмкiн болмаған уақыт кiрмейдi. Жер учаскесiн алып қою 

туралы  талап-арыз  меншiк  иесiне  немесе  жер  пайдаланушыға  талап-арыз 

қойылғанға дейiн кемiнде бiр жыл бұрын учаскенi мақсаты бойынша пайдалану 




414 

 

қажеттiгi  туралы  жазбаша  ескерту  жасалғаннан  кейiн  жəне  осы  уақыт  iшiнде 



жер  учаскесiнiң  меншiк  иесi  не  жер  пайдаланушы  учаскенi  мақсаты  бойынша 

пайдалану жөнiнде қажеттi шаралар қолданбаған жағдайда ғана берiлуi мүмкiн. 

Сот шешiмiмен учаскенi меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан алып қой-

ған  жағдайда  жер  учаскесiне  меншiк  құқығы  немесе  жер  пайдалану  құқығы 

Қазақстан  Республикасының  азаматтық  iс  жүргiзу  жəне  атқарушылық 

заңдарында  белгiленген  тəртiппен  ашық  сауда-саттықта  сатылады.  Сатудан 

түскен сома, учаскенi алып қою шығыстары шегерiле отырып, бұрынғы меншiк 

иесiне  немесе  жер  пайдаланушыға  төленедi.  Бiр  жыл  iшiнде  кемiнде  үш  рет 

сауда-саттыққа  шығарудан  кейiн  ондай  жер  учаскесiн  немесе  оларға  жер 

пайдалану  құқығын  сату  мүмкiн  болмаған  жағдайда  жер  учаскесi  сот 

шешiмiмен арнайы жер қорына қосылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет