ҚҰҚЫҚ негіздері


Жердi  мемлекеттiк  мұқтаждары  үшiн  келесi  жағдайларда  қайтарып



Pdf көрінісі
бет308/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

Жердi  мемлекеттiк  мұқтаждары  үшiн  келесi  жағдайларда  қайтарып 

алуға болады:  

1) халықаралық мiндеттемелер;  

2)  қорғаныс  қажетiне,  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтарға,  сауықтыру, 

рекреациялық жəне тарихи-мəдени мақсатқа арнап жер беру;  

3)  учаскенiң  астынан  пайдалы  қазбалардың  кен  орнының  (кең 

таралғандарынан басқасы) табылуы;  

4) жол салу, электр тарату, байланыс желiлерi мен магистральды құбырларды 

тарту,  сондай-ақ  осы  объектiлердi  орналастырудың  басқа  мүмкiн  нұсқалары 

болмаған кезде мемлекеттiк маңызы бар басқа да объектiлер салу;  

5) құлау (қирау) қаупi бар апатты жəне ескiрген тұрғын-үйлердi бұзу;  

6) қалалар мен өзге де елдi мекендердiң бас жоспарлары, аумақты аймақтарға 

бөлу  схемалары  жəне  белгiленген  тəртiппен  бекiтiлген  өзге  де  қала  құрылысы 

немесе жерге орналастыру құжаттамасы негiз болып табылады. 

Жер  учаскесiн  мемлекет  қажеттiктерi  үшiн  алып  қоюдың  мiндеттi  жəне 

факультативтi сатыларын бөлiп қарастырады Ол мiндеттi сатылардың қатарына: 

дайындық сатысын; 

жер учаскесiн сатып алу туралы шешiм қабылдау сатысы; 

жер  учаскесiнiң  меншiк  иесiмен  немесе  мемлекеттiк  емес  жер 

пайдаланушымен сатып алу жағдайларымен келiстiру сатысы. 

Факультативтi  саты  жер  учаскесiн  сатып  алу  туралы  талапты  сотта  қарауды 

бiлдiредi.  Жер  учаскесiн  мемлекет  қажеттiктерi  үшiн  алып  қою  сатылары 

бiрiнен кейiн бiрi кезегiмен жүзеге асырылуы тиiс.  

Егер  Қазақстан  Республикасының  заң  актiлерiнде  өзгеше  көзделмесе,  сатып 

алу  туралы  шешiм  қабылдаған  орган  жер  учаскесiнiң  меншiк  иесiне  немесе 

мемлекеттiк  емес  жер  пайдаланушыға  бұл  жөнiнде  учаскенi  сатып  алудан 

кемiнде  бiр  жыл  бұрын  жазбаша  түрде  хабарлауға  тиiс.  Ал,  Алматы  жəне 

Астана қалалары үшiн кемiнде үш ай бұрын хабарлауы тиiс. Осы мерзiм iшiнде 

жер  меншiк  иелерi  мен  жер  пайдаланушылардың  ортасында  келесi  сұрақтар 

шешiлуi тиiс: 

1. Шығынды қандай тұлға өтейдi. 

2. Оның сомасының өтеу мөлшерi қандай болуы тиiс. 

3. Жер қандай уақытта босатылуы тиiс. т.б.  

Мемлекеттiк  мұқтаждар  үшiн  жер  алынғанда  шығындарды  өтейтiн  тұлға 

болып  танылмайды  оны  өтеуге  жер  кiмнiң  пайдасына  берiлдi  сол  тұлға  өтеу 

керек. 



413 

 

Мемлекеттiк  мұқтаждарға  сатып  алынатын  жер  учаскесiнiң  бағасын 



айқындау кезiнде: 

1) жер учаскесiнiң немесе оған құқықтардың нарықтық құны. 

2) жер учаскесiнде орналасқан жылжымайтын мүлiктiң нарықтық құны. 

3)  үшiншi  тұлғалар  алдындағы  мiндеттемелердiң  мерзiмiнен  бұрын 

тоқтатылуына байланысты өздерi шеккен шығындар. 

4)  жер  учаскесiнен  айырылуына  байланысты  меншiк  иесiне  немесе  жер 

пайдаланушыға келтiрiлген барлық шығын қосылады.  

 Егер  тараптар  бiрыңғай  келiсiмге  келмесе  сот  органдары  шығындарды  өтеу 

мөлшерiн, қайтарып алудың құнын анықтауға құқылы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет