жүйесінен, ғылыми көзқарастардан тұрады.
база мен оның тəжірибеде қолданылуы туралы жалпы білім жүйесі ретінде
көрініс табады.
тармағына сəйкес: «Əркiмнiң кəсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне, өз мүлкiн кез
(мемлекеттік кəсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кəсiпкерлiк қызмет
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (1994 ж. 27 желтоқсан) (Жалпы бөлім) // Параграф ақпараттық анықтама жүйесі, 2013.
419
кəсiпкердiң атынан, оның тəуекел етуiмен жəне мүлiктiк жауапкершiлiгiмен
жүзеге асырылады. Азаматтар, азаматтық кодексте жəне өзге заң актілерінде
көзделген жағдайларды қоспағанда заңды тұлға құрмай-ақ кəсiпкерлiк
қызметпен айналысуға құқылы. Жеке кəсiпкерлердi мемлекеттік тiркеу өз
бетiмен тiркелу сипатында жасалады жəне жеке кəсiпкер ретiнде есепке
алынады.
Жоғарыда берілген түсініктен кəсіпкерліктің негізгі белгілерін көруге
болады. Олар:
Өзіндік бастамашылдық қызмет кəсіпкерлк қызметтің субъектісінің
мүліктік, ұйымдастырушылық жəне өзге де тəуелсіздігіне негізделеді.
Кəсіпкерлік қызметтің тəуекелдігі нарықтық экономика қатынастарының
ажыратылмас бөлігі болып табылады. Негізгі тəуекелі ол кірістің түспеуінде
немесе кіріс кəсіпкердің болжамынан аз түсуі.
Жүйелі түрде кіріс табуға бағытталған кəсіпкерлік қызмет тұрақты
кəсіпкерлік қызмет ретінде танылады.
Табыс мүлікті қолданғаннан, тауарларды сатудан, жұмысты орындаудан
жəне қызмет көрсетуден түседі. Бұл белгілер табыс көзін көрсетеді, ол
кəсіперлік қызметті жүзеге асыру барысында пайда болады. Табыстың нақты
қайнар көздері осылар деп айту қателік болуы мүмкін, себебі кəсіпкерлік
қызметтің алуандығы мен түрлі салада болуына байланысты əр түрлі табыс көзі
болады.
Кəсіпкерлік қызметті мемлекеттік тірекудің белгілері біркелкі емес. Егер
тікелей түсініктеме беретін болсақ, онда тіркелмеген кəсіпкер кəсіпкерлік
қызметпен айналыса алмайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінде, тіркеусіз кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырған үшін жауапкершілік
көзделген.
Кəсіпкерлік құқықтың пəні кəсіпкерлік қызмет саласындағы құқықтық
қатынастар, сонымен қатар тығыз қатынаста болатын коммерциялық емес
қатынастар.
Бұндай құқықтық қатынастардың үш түрін көретуге болады:
Кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайда болатын (сатып алу- сату
қатынастарында, аренда, несиелеу, баға құрлымы жəне т.б.);
2) коммерциялық емес кəсіпкерікпен етене байланысты қатынастар.
Мысалы, мұндай қатынастар кəсіпкерлік субъектінің құрылу кезінде пайда
болады (мекемелер, өзін өзі басқаратын ұйымдар);
3) кəсіпкерлік қызметтің жеке аспектілерін мемлекеттік реттеу.
Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген жағдайларды
қоспағанда, мемлекеттік тiркеусiз аталған жеке кəсiпкерлердiң қызметiне
тыйым салынады.
Сонымен қатар, қызмет заңмен көзделген тəртіпте тіркелуі керек. Қызметті
тіркеу белгі емес – заңмен бекітілген міндет.