Кəсіперлік қызметтің түрлері:
1) меншіктің түріне байланысты: жеке, мемлекеттік.
2) қатысушылардың санына байланысты: - жеке. Дара кəсiпкерлiк - жеке
тұлғалардың кiрiс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерiнiң меншiгiне
негiзделген жəне жеке тұлғалардың атынан олардың тəуекелi үшін жəне
мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметi. Жеке
кəсiпкерлiк - жеке кəсiпкерлiк субъектiлерiнiң кiрiс алуға бағытталған, жеке
кəсiпкерлiк субъектiлерiнiң өздерiнiң меншiгiне негiзделген жəне жеке
кəсiпкерлiк субъектiлерiнiң атынан олардың тəуекелiмен жəне мүлiктiк
жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметi.
- бірлескен (ұжымдық). Бірлескен кəсіпкерлікті жеке тұлғалар (дара
кəсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде,
сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға жəне (немесе) оған билік етуге жол
беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады. Бірлескен кəсіпкерлік кезінде
жеке кəсіпкерлікпен байланысты барлық мəмілелер бірлескен кəсіпкерліктің
барлық қатысушыларының атынан жасалады, ал құқықтар мен міндеттер
олардың атынан алынады жəне жүзеге асырылады. Бірлескен кəсіпкерліктің
нысандары: ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге
асырылатын ерлі-зайыптылардың кəсіпкерлігі; шаруа немесе фермер
қожалығының ортақ бірлескен меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге
ортақ бірлескен меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кəсіпкерлік;
жеке кəсіпкерлік ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын жай
серіктестік болып табылады.
3) қызметтің сипатына қарай: тауарларды өндіру, қызмет көрсету,
жұмысты орындау жəне т.б
16
.
Құқық саласының əдісі деп, салаға байланысты өзіндік ерекшелігі бар əдіс
тəсілдер қолдана отырып, осы салада туындайтын қатынастарға əсер ету.
Кəсіпкерлік қызметтің ерекшелігі, құқықтық қатынас субъектілерінің
еркілерінде, өз бетінше болуында. Яғни, мəселе диспозитивті құқықтық реттеу
əдіс жайлы айтылуда (өз бетінше шешім кабылдау əдісі), бір жағынан – жалпы
қоғам мүддесін қорғауға байланысты императивті реттеу əдісін қолдану
қажеттілігі де бар (заңмен белгіленген жəне құқық субъектісі үшін міндетті
болып табылады). Сонымен қатар, мемлекет кəсіпкерлік қатынасты реттеу үшін
ұсыну əдісін қолдана отырып, ұсыныс норма шығаруы мүмкін. Кəсіпкерлік
құқықтың əдістері кешенді болады, оған ұсыну, ерікті, міндеттеуші əдістер
жатады. Барлық құқық саласына тəн жалпы əдістерде кəсіпкерлік құқықта да
бар, ол императивті көбіне мемелекет тарапынан қолданылатын бір жақты
өктемдік сипатындағы əдістердің бірі. Ал екінші əдіс, ол диспозитивті құқық
субъектілерінің еріктеріне жəне теңдігіне байланысты жүзеге асатын əдіс. Бұл
16
Ершова И.В. Препринимательское право: Вопросы и ответы. – М., 2002. – С. 14.
421
əдіске шарттық қатынастарды жатқызуға болады: сатап алу-сату, аренда, т.б.
Кəсіпкерлік қызметті реттейтін өзгеде əдістер бар.
Кəсіпкерлік қызметті реттеудігі өз бетінше шешім қабылдаудағы
маңыздысы келісім əдісі. Əдіске сəйкес, кəсіпкер субъект кез келген шешімді
өзі қабылдап, басқа тараппен құқықтық қатынасқа түскен жағайда онымен
келісіп не келісімін алып қызмет атқарады.
Мемелекеттік реттеуде кəсіпкерлік қызметті міндетті орындалуы əдісі
қолданылады. Сəйкес бір тарап, көбіне мемелекет екінші тарапқа міндетті
орындауға жататын нұсқамаларды міндеттейді.
Кəсіпкерлік қызметті реттеу үшін ұсыну əдісі де қолданылады. Шартына
сəйкес құқықтық қатынастың бір тарабы екінші тарапқа кəсіпкерлік қызметті
жүзеге асыру тəртібі туралы ұсыныстар айтады.
Тыйым салу əдістері де қолданылады. Мысалы, қоршаған ортаны қорғауға
байланысты, яғни кəсіпкердің қоршаған ортаға қандай да болмасын зиян
келтіруін болдыртпау.
Достарыңызбен бөлісу: |