Жер учаскелерi радиоактивтiк ластануға ұшыраған жердi меншiк
иелерiнен қайтарып алу. Жер кодексiне сəйкес, радиоактивтi ластануға
ұшыраған жəне соның салдарынан заңдарда белгiленген санитарлық талаптар
мен нормативтерге сəйкес келетiн өнiм өндiрудi қамтамасыз етпейтiн жерлер
ауыл шаруашылығы айналымынан алынып тасталады. Мұндай жерлерде ауыл
шаруашылығы өнiмiн өндiруге жəне оны ұқсатуға тыйым салынады.
Радиоактивтi ластану дегенiмiз – бұл жерлердiң радионуклидтермен, оның
iшiнде
пайдалы
қазбаларды
өндiру
жəне
ұқсатулардың,
ядролық
жарылыстардың, ядролық қондырғыларды орнатудың, ионизациялық сəуле
шығару көздерiн пайдаланудың, радиоактивтi заттарды сақтау мен көму
орындарының, ядролық радиациялық авариялардың, сонымен қатар,
радиоактивтi заттармен байланысты өзге де қызметтердiң нəтижесiнде
ластануы. Ондай жерде ауылшаруашылық қызметiне жүзеге асыруға,
адамдардың тұруына тыйым салынады. Ауыл шаруашылығының тозған
алқаптарының, белгiленген нормативтерден тыс химиялық, биологиялық,
радиоактивтi жəне басқа да зиянды заттармен, өндiрiс жəне тұтыну
қалдықтарымен, сарқынды сулармен лас-танған, бүлiнген жердiң, сондай-ақ
карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк аурулары жұққан жердiң топырақ
құнарлылығын қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайда, жердi сақтап қою
жүргiзiледi.
Жердi сақтап қою (консервациялау) дегенiмiз – жердi шаруашылық
айналымнан алу болып танылады. Мұндай жерлердiң иегелерiне басқа жер
учаскесi берiлуi тиiс. Радиоактивтi ластануға ұшыраған жер учаскелерiн алып
қою мынадай сатылардан тұрады:
Радиоактивтi ластануға ұшыраған жерлердi анықтау жəне зерттеу;
Жер учаскесiн алып қою туралы шешiм қабылдау;
Алып қою туралы талапты сотта қарау (факультативтi саты).
Радиоактивтi ластануға ұшыраған жер учаскесiн алып қою рəсiмiн қозғау
негiздерi болып:
жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының мəлiмдемесi негiз
болады;
жергiлiктi атқарушы немесе өзге де құзыреттi органдардың бастамасы;
416
қоғам талабы танылады.
Радиоактивтi ластануға ұшыраған жерлердi анықтау құзыреттi органдардың
жердi пайдалану мен қорғауға байланысты мемлекеттiк бақылау процесiнiң
негiзiнде жүзеге асырылады. Радиоактивтi ластануға ұшыраған жер учаскесiн
анықтағаннан кейiн жердiң ластану дəрежесiн белгiлеу, келтiрiлген шығынды
анықтау, ластану салдарын жою мақсатында кешендi комиссиялық зерттеу
жүргiзiледi. Кешендi комиссиялық зерттеудi облыстық атқарушы орган құратын
арнайы комиссия жүргiзедi. Оның құрамына:
жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтақ комитет мамандары;
табиғат қорғау жөнiндегi аумақтық орган мамандары;
денсаулық сақтау қызметкерлерi;
ауыл шаруашылығы қызметкерлерi;
өзге де құзыреттi органдар қызметкерлерi кiредi.
Зерттеу нəтижелерi комиссия мүшелерiнiң барлығы қол қойған қорытындыда
тұжырымдалады. Қорытындыда мыналар көрсетiледi:
меншiгiнде немесе пайдалануында ластанған немесе бүлiнген жер учаскесi
бар тұлға;
ластанған немесе бүлiнген учаске;
жердiң ластануына негiз болған объект;
егер анықталған болса, жердi ластаған немесе бүлдiрген тұлға;
ластанған жердiң түрi мен көлемi;
жерге келтiрiлген шығынның ақшалай мөлшерi;
ластанған жерлердi қалыпқа келтiруге, сонымен қатар келешекте
шаруашылыққа пайдалануға байланысты ұсынылатын шаралар.
Достарыңызбен бөлісу: |