15.2 Кəсіпкерлік құқықтың қағидалары
Құқық қағидасы (лат. prіncіpіum – принцип; негіз, алғы бастама) – бұл
құқық саласының түп-негізі, бастамасы, басшылыққа алатын идеялар. Құқық
қағидасы бұл барлық мемлекеттік құқық жүйесінің негізі болып табылады.
Кəсіпкерлік құқықтың қағидалары:
1. Кəсіпкерлік қызметтің еркіндігі. Аталған қағида Қазақстан
Республикасының
Конституциясында
көрініс
тапқан.
Қазақстан
Республикасының Конституциясының 26-бабының 4-тармағына сəйкес:
«Əркiмнiң кəсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне, өз мүлкiн кез келген заңды
кəсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалануға құқығы бар. Монополистiк қызмет
заңмен реттеледi əрi шектеледi. Жосықсыз бəсекеге тыйым салынады». Демек,
кез келген азамат кəсіпкерлікпен айналысу шешімін жəне қандай құқықтық
нысан мен кəсіпкерліктің қандай түрімен айналысуды өзі шешеді. Бұл қағида
ҚР Азаматтық кодексі мен өзге де нормативтік құқықтық актілерде де
бекітіледі.
2. Меншік нысанының көптігі
.
Бұл қағида ҚР Конституциясына
негізделеді.
3. Бəсекелестікті қолдау жəне жосықсыз бəсекелестікке жол бермеу
қағидасы. Аталған қағида да ҚР Конституциясында бекітілген. Қазақстан
Республикасының Конституциясының 26-бабының 4-тармағына сəйкес:
«Монополистiк қызмет заңмен реттеледi əрi шектеледi. Жосықсыз бəсекеге
тыйым салынады».
4. Жеке кəсіпкерлердің мүдделерімен мемлекет пен қоғамның мүдделерінің
ұштасуы қағидасы.
5. Заңдылық қағидасы.
422
Шаруашылық құқықтық қатынастар мүліктік қатынастар сияқты Азаматтық
Кодекспен реттеледі. Мүліктік қатынастар дегеніміз — мүлікті иелену,
пайдалану жəне билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар.
Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен (мүлік,
Достарыңызбен бөлісу: |