Жердi тəркiлеу. Жер учаскесiн мəжбүрлi түрде алып қою немесе меншiк
құқығының мəжбүрлi түрде тоқтатылуының кейбiр түрлерiнде келтiрiлген
шығындар өтелмейдi. Себебi, жер учаскесiн алып қою алдын ала үшiншi тұлғаға
немесе мемлекетке келтiрiлген шығындарды өтеу үшiн жаза ретiнде жүзеге
асырылады.
Қазақстан
Республикасының
заң
актiлерiнде
көзделген
жағдайларда, қылмыс немесе өзге де құқық бұзушылық жасағаны үшiн меншiк
иесiнен немесе жер пайдаланушыдан жер учаскесi сот тəртiбiмен санкция
түрiнде өтеусiз алып қойылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасы Азаматтық
кодексiнiң 254-бабына сəйкес, тəркiлеу дегенiмiз – меншiк иесiнiң жасаған
қылмысы немесе өзге де құқық бұзушылық жасағаны үшiн мүлкiнiң санкция
түрiнде тегiн, əрi ықтиярсыз алынуы. Тəркiлеу кезiнде мүлiк мемлекет
меншiгiне ақысыз түрде алынады жəне алудың негiзi болып келесi жағдайлар
танылады:
1. Жер иесi қылмыс жасаған жағдайда;
2. Жер иесi басқа бiр құқық бұзушылық жасаған жағдайда.
Сотталған адам мен оның асырауындағы адамдар үшiн қажеттi, сотталған
адамға жеке меншiк құқығымен тиесiлi немесе оның ортақ меншiктегi үлесi
417
болып табылатын, онда үйi мен шаруашылық қора-жайлары орналасқан жер
учаскелерi, сондай-ақ өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн қажеттi жер
учаскелерi Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдарында
көзделген тiзбеге сəйкес тəркiленбеуге тиiс.
Тəркiленген жер учаскелерi мемлекеттiк меншiкке қайтарылады. Тəркiлеу
объектiсi болып табылатын мұндай жер учаскелерi не жер пайдалану құқығы
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тəртiппен сатылуы
мүмкiн.
Достарыңызбен бөлісу: |