434
құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем. Мемлекеттік баждың
салықтан айырмашылығы мынада:
Мемлекет тарапынан берілетін қызметкер байланысты болады, сондықтан
бұл баламалы төлем болып саналады;
Мемлекеттік бажды мемлекет қызметіне төлем ретінде емес, мемлекеттің
қызметіне байланысты төлем ретінде қарау керек. Айта кету керек, бажды
төлеген кезде тауар-ақша қатынастары жүзеге асады.
Салық экономикалық категория ретінде жəне өзінің қалыптасуы
барысында мынадай үш қызметті атқарады.
Салықты ең бірінші кезектегі атқаратын қызметі, бұл – қазыналық.
Мемлекет өз қазынасын толықтыру мақсатында табыс көздерін жасайды.
Салық төлеушілерге нормативтік құқықтық актілер негізінде салық жəне
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептейді, салық ставкалары
мен төлеу мерзімін белгілейді. Салықтардың қазыналық қызметі- түрлі
субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет пайдасына өтеді. Салықтың
қазыналық қызметі арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі құралып,
салықтың қоғамдық міндеті артады. Қорыта айтқанда, мемлекеттік бюджет
саясаты жүзеге асырылады.
Салықтың келесі қызметтерінің бірі - бақылау(реттеу).
Мемлекет экономиканы дамыту жолында салықтық реттеу процесі арқылы
экономиканың кейбір салаларын дамытуды ынталандырады жəне қажет
жағдайда тежеп отырады. Бюджетке түскен салық түсімдерін реттейді жəне
бақылап отырады. Кез-келген қызмет түріне бақылау жасау қажет. Ал енді
салық түсімдеріне бақылау өте қажет екені даусыз. Мемлекет бюджеттің кірісі
мен шығысын есептейді, соған сəйкес өз қызметін атқарады.
Салықтардың бақылау қызметінің арқасында салық жүйесінің тиімділігі
бағаланады, қаржы ағымдары мен қызмет түрлеріне бақылау қамтамасыз
етіледі.
Салықтың келесі атқаратын қызметтерінің бірі – қайта бөлу.
Бюжетке түскен салық түсімдерін қаржыландыруды қажет ететін
бағдарламалар жобасына сəйкес жəне əр салаларға мақсатқа сай бөлінуін
қарастырады. Салық түсімдерінің мақсатқа сай жəне өз уақытысында
жұмсалуына қадағалау жасайды.
Салықтың қайта бөлу қызметі мемлекетке салықты қоғамдағы
экономикалық жəне əлеуметтік процестерге əсер ету құралы ретінде қолдануға
мүмкіндік берді.
Салықтардың қайта бөлу қызметінің көмегімен бюджетте ақша
қаражаттары жиналады, осыдан кейін жалпы мемлекеттік мəселелерді шешуге
бағытталады, əлеуметтік топтардың табыстары арасындағы қатынастарды
өзгерту жолымен əлеуметтік тепе- теңдікті ұстап тұрады.
435
Салық қызметінің міндеті – бюджеттің тадыс бөлігінің орындалуына жауап
беретін бірден бір мемлекеттік орган.
Салық – бірінші кезекте, бюджет саясатын жүзеге асыра отырып,
мемлекеттік бюджетті толықтыруды көздейді. Осы бюджетке түскен салық
түсімдеріне «қайдан келеді жəне қайда кетеді» жөнінде бақылау жасайды. Ал
енді осы қызметтердің қортындысы ретінде бюджетке түскен салық жəне
салықтық емес түсімдерге қайта бөлу жасалады.
Мұның мақсаты - мемлекеттік əділетті түрде өз шығындарын да жаба
отырып, елдің əлеуметтік топтарына да қолдану көрсетіп, басқа да шығыстарды
жаба білу.
Көптеген экономикалық əдебиеттерде салықтардың бірнеше қызметтері
атап көрсетігген. Мəселен, ынталандырушы. Салықтардың ынталандырушы
қызметінің көмегімен мемлекет өндірісінің жəне басқа да шаруашылық
субъектілерінің дамуын ынталандырады. Сонымен қатар салық жеңілдіктерін,
төмен пайызды салық ставкаларын енгізеді.
Салықтардың ынталандырмайтын қызметі оларды басу мақсатында
əрекеттің қандай да бір түріне арнайы салықты енгізу жолымен жүзеге
асырылады.
Салықтардың тұрақтандырушы қызметі экономикалық өсу, техникалық
жаңару, халық санының өсуі үшін əр түрлі шаралар жасайды.
Салықтарды шектеу қызметі. Мемлекетке кейде бірсыпыра өндіріс
түрлерін дамыту тиімсіз болады. Салық саясаты арқылы мемлекет өндіріс
түрлерінің дамуын шектейді немесе тоқтатады, Қазақстан Республикасында бұл
қызмет 10-20-30 пайыздық салық ставкаларымен қатар жəне нөл пайыздық
салық ставкалары арқылы жүзеге асуда.
Қазақстан Республикасыныда салық қатынастары ҚР Салық жəне
Достарыңызбен бөлісу: