426
16-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ
НЕГІЗДЕРІ
16.1 Салық құқығының түсінігі. Салық құқығының пəні, құқықтық
реттеу əдісі
16.2 Салықтың түсінігі. ҚР заңдарына сəйкес салықтардың түрлері
16.3 Мемлекеттің салықтық қызметі
16.4 Салықтық міндеттеме.Салықтық бақылау
16.1 Салық құқығының түсінігі. Салық құқығының пəні, құқықтық
реттеу əдісі
Қазақстан Республикасының құқық жүйесінде салық құқығы ерекше орынға
ие, себебі ол мемлекет пен қоғам үшін өте маңызды құқықтық қатынастар
тобын реттейді-мемлекет пен салық төлеушілер жəне басқа да міндетті тұлғалар
арасында туындайтын салық салу саласындағы қоғамдық қатынастар.
«Салық құқығы» деген ұғым мазмұнына сəйкес төмендегідей қарастырылады:
1) оқу пəні ретінде;
2) заң ғылымының саласы ретінде;
3) құқық саласы ретінде.
Ескертетін жағдай, ол салық құқығының оқу пəні немесе ғылым саласы
ретіндегі салық құқығы нақты құқық саласына негізделеді, себебі олар нақты
құқық саласының құқық нормалары мен институттарын зерттейді.
Оқу пəні ретінде салық құқығы аталған құқық саласының негізгі ережелері
туралы мəліметтер, білімдер жəне ақпараттар жүйесін құрайды. Оқу пəні
шеңберінде салық құқығының пəні, салық құқығының əдістері, салықтық
заңнаманың тарихы, сонымен қатар түрлі теориялық мəселелер қарастырылуы
мүмкін.
Салық құқығы ғылым ретінде - құқық саласының нормаларын қолдану
қалыбы мен əдістері, тəртібі жəне теория мен тəжірибе туралы білім жүйесі.
Ғылым саласы ретінде салық құқығы салықтық құқықтық қатынастарды реттеу
барысында туындайтын қоғамдық мəселелер мен үдерістерді зерттейді. Салық
ғылымының
түбегейлі
зерттеулері
салық
құқығының
теориясын
қалыптастырады, ғылыми ұсыныстар мен тұжырымдар береді, өэ кезегінде олар
экономикалық тұрғыдан негізделген салықтық заңдардың қабылдануын
қамтамасыз
етеді.
Салық құқығы – тиісті субьектілерге императивті əдіспен əсер ету арқылы
салықтарды бекіту, енгізу жəне салық салу сияқты қоғамдық қатынастарын
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
427
а
Салықтық қатынастардың негізгі белгісі олардың мүліктік сипатта
болатындығымен
айқындалады-салықтық
міндеттемелерді
орындау.
Салық құқығының пəні-салықтар мен алымдарды бекіту, есептеу, төлеу жəне
алу, салықтық бақылауды жүзеге асыру жəне салықтық заңнаманы бұзғаны
үшін жауаптылық, салық төлеушілердің, мемлекеттің құқықтары мен мүліктік
мүдделерін қорғауға байланысты туындайтын, мемлекет пен салық төлеушілер
арасында
қалыптасатын
құқықтық
қатынастардың
жиынтығы.
Салық құқығының реттеу пəніне кіретін қатынастарды былай топтастыруға
болады:
1) бірінші топ – салықтар мен алымдарды бекітумен байланысты қатынастар;
2) екінші топ – салықтар мен алымдарды енгізумен байланысты қатынастар;
3) үшінші топ – салықтар мен алымдарды алумен байланысты қатынастар;
4) төртінші топ – салықтық бақылауды жүзеге асырумен байланысты
қатынастар;
5) бесінші топ – салықтық құқықбұзушылықтарды жасаумен байланысты
туындайтын қатынастар.
Салық салу саласындағы қоғамдық қатынастардың қатысушыларына жеке
жəне заңды тұлғалармен қатар, салық төлеушілер, салық агенттері, салық
органдары, қаржы органдары, кеден органдары жəне басқалары жатады.
Салық құқығында екі əдіс бар:
1) жария құқықтық əдіс (немесе билік пен бағыныштылық əдісі, императивтік
əдіс,
авторитарлық əдіс);
2) азаматтық құқықтық əдіс (немесе диспозитивтік əдіс).
Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі бағыттары:
1) салықтар мөлшерін белгілеу;
2)мемлекеттің салықтық құрылымын айқындап, оның қалыпты қызметін
қамтамасыз ету;
3)салықтық міндеттемелердің орындалуын бақылау;
4)салықтың төленуін қамтамасыз ету, төленбеген жағдайда күш қолдану;
5)салық заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту негіздерін белгілеу;
Қазақст н Республикасының салық құқығы салық салу принциптеріне
негізделеді. Салық салу принциптеріне:
салық салудың міндеттілігі (салық төлеуші – салық міндеттемесін, салық
агенті салықтарды есептеу, ұстау жəне аудару жөніндегі міндетті
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сəйкес толық көлемде
жəне белгіленген мерзімде орындауға міндетті);
айқындылығы-салық төлеушінің салық міндеттемесі, салық агентінің
салықтарды есептеу, ұстау жəне аудару жөніндегі міндеті туындауының,
428
орындалуының жəне тоқтатылуының барлық негіздері мен тəртібінің
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленуін білдіреді;
əділдігі - Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей жəне
міндетті болып табылады. Жеке-дара сипаттағы салық жеңілдіктерін
беруге тыйым салынады;
салық жүйесінің біртұтастығы - Қазақстан Республикасының салық
жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық
төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты бірыңғай жүйе болып
табылады;
салық заңнамасының жариялылығы - салық салу мəселелерін реттейтін
нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде
жариялануға жатады принциптері жатады.
Достарыңызбен бөлісу: