ҚҰҚЫҚ негіздері


бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдер  туралы  Кодексімен



Pdf көрінісі
бет326/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдер  туралы  Кодексімен 

реттеледі.  Аталған  Кодекске  сəйкес  «Салық»  дегеніміз - мемлекет  біржақты 

тəртіппен  заң  жүзінде  белгілеген,  белгілі  бір  мөлшерде  жүргізілетін, 

қайтарымсыз  жəне  өтеусіз  сипатта  болатын,  бюджетке  төленетін  міндетті 

ақшалай төлемдер; 

     Салықтың жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері: 

1) салықтар:  

  корпоративтік табыс салығы;  

  жеке табыс салығы;  

  қосылған құн салығы;  

  акциздер;  

  экспортқа рента салығы; 

  жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;  

  əлеуметтік салық;  

  көлік құралы салығы;  



436 

 

  жер салығы;  



  мүлік салығы;  

  ойын бизнесі салығы;  

  тіркелген салық;  

  бірыңғай жер салығы; 

2) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:  

  мемлекеттік баж;  

  алымдар;  

  тіркеу алымдары;  

  автокөлік  құралының  Қазақстан  Республикасы  аумағымен  жүргені  үшін 

алым;  


  аукционнан алынатын алым;  

  жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;  

  телевизия  жəне  радио  тарату  ұйымдарына  радиожиілік  спектрін 

пайдалануға рұқсат беру үшін алым



мыналар:  

  жер учаскесін пайдаланғаны үшін;  

  үстіңгі көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшін;  

  қоршаған ортаға эмиссия үшін;  

  жануарлар əлемін пайдаланғаны үшін;  

  орманды пайдаланғаны үшін;  

  ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін; 

  радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін;  

  қалааралық  жəне  (немесе)  халықаралық  телефон  байланысын,  сондай-ақ 

ұялы байланысты бергені үшін; 

  кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін;  

  сыртқы  (көрінетін)  жарнаманы  орналастырғаны  үшін  төлемақылар 

қолданылады. 

Салық төлеушінің қандай құқықтары бар? 

Салық төлеуші: 

1) салық қызметі органдарынан қолданылып жүрген салық жəне бюджетке 

төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдер  туралы,  Қазақстан  Республикасының 

салық  заңнамасындағы  өзгерістер  туралы  ақпарат,  салықтық  нысандарды 

толтыру тəртібі бойынша түсіндірмелер алуға; 

2)  Қазақстан  Республикасының  салық  заңнамасында  реттелетін 

қатынастарда  жеке  өзі  не  өзінің  өкілі  арқылы  немесе  салық  консультантының 

қатысуымен өзінің мүдделерін білдіруге; 

3) салықтық бақылау нəтижелерін алуға; 

4) салық органында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 

тəртіппен  бекітілген  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  стандарттарын,  салықтық 

өтініштердің 

белгіленген 

нысандарының 

бланкілерін 

жəне 


(немесе) 


437 

 

электрондық  түрде  салық  есептіліктері  мен  өтініштерін  беру  үшін  қажетті 



бағдарламалық қамтамасыз етілімді тегін алуға; 

5)  өтініш  бойынша  салық  органында  бұрын  өзі  тапсырған  салық 

есептілігінің көшірмесін алуға; 

6)  салық  қызметі  органдарына  салықтық  бақылау  нəтижелері  бойынша 

салықты  жəне  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдерді  есептеу  мен 

төлеу жөніндегі түсіндірмелерді табыс етуге; 

7)  салық  органы  салықтық  өтініш  алған  кезден  бастап  екі  жұмыс  күнінен 

кешіктірмей  салық  міндеттемесін,  сондай-ақ  міндетті  зейнетақы  жарналарын 

есептеу,  ұстау  жəне  аудару,  əлеуметтік  аударымдарды  есептеу  жəне  төлеу 

бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-

күйі туралы жеке шоттан үзінді көшірме алуға; 

8)  салықтық  өтініш  бойынша  белгіленген  тəртіппен  жəне  мерзімде 

мынадай: 

салықтық  берешектің,  міндетті  зейнетақы  жарналары  мен  əлеуметтік 

аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы; 

салықтық  берешектің,  міндетті  зейнетақы  жарналары  мен  əлеуметтік 

аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы; 

резидент  еместің  Қазақстан  Республикасындағы  көздерден  алынған 

табыстар  мен  ұсталынған  (төленген)  салықтардың  сомасы  туралы  анықтама 

түрлерін алуға; 

9)  салықты  жəне  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдерді  төлеу 

жөніндегі  салық  міндеттемесін  орындау  мақсатында  төлем  құжатын  толтыру 

үшін  қажетті  деректемелер  туралы  мəліметтер,  сондай-ақ  салықты  жəне 

бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдерді  төлеу  тəртібі  туралы 

ақпаратты  салық  органына  көрсетілген  ақпарат  үшін  өтініш  жасалған  кезден 

бастап бір жұмыс күні ішінде алуға; 

10)  Кодексте  жəне  Қазақстан  Республикасының  басқа  да  заңнамалық 

актілерінде  белгіленген  тəртіппен  салықтық  тексеру  нəтижелері  туралы 

хабарламаға  жəне  (немесе)  салық  қызметінің  жоғары  тұрған  органының 

хабарламаға  жасалған  шағымды  қарау  нəтижелері  бойынша  шығарған 

шешіміне, сондай-ақ салық қызметі органдарының лауазымды адамдарының іс-

əрекетіне (əрекетсіздігіне) шағым жасауға; 

11) салықтық құпияның сақталуын талап етуге; 

12)  Кодекске  сəйкес  салық  қызметі  органдары  көрсететін  мемлекеттік 

қызметтерді тегін алуға; 

13)  салықтық  тексеру  жүргізу  барысында  салық  қызметі  органдарының 

лауазымды  адамында  туындаған  сұрақтарды  жазбаша  тіркеуге  жəне  осы 

сұрақтар көрсетілетін құжатты онымен келісуге; 

Салық  төлеушінің  Қазақстан  Республикасының  салық  заңнамасында 

көзделген өзге де құқықтары бар. 




438 

 

Салық төлеушінің міндеттері: 



Салық төлеуші: 

  Кодекске сəйкес салық міндеттемелерін уақтылы жəне толық көлемде 

орындауға; 

  салық  қызметі  органдары  лауазымды  адамдарының  Қазақстан 

Республикасының  салық  заңнамасын  анықталған  бұзушылықтарды 

жою  туралы  заңды  талаптарын  орындауға,  сондай-ақ  олардың 

қызметтік  міндеттерін  атқаруы  кезіндегі  заңды  қызметіне  кедергі 

жасамауға; 

  нұсқама  негізінде  салық  қызметі  органдары  лауазымды  адамдарының 

салық  салу  объектісі  жəне  (немесе)  салық  салуға  байланысты  объект 

болып табылатын мүлікті зерттеп-тексеруіне жол беруге; 

   Қазақстан  Республикасының  трансферттік  баға  белгілеу  туралы 

заңнамасында көзделген ақпарат пен құжаттарды беруге; 

  бақылау-кассалық  машиналарды  қолдануға  жəне  оларды  қолданудың  

Кодексте белгіленген тəртібін сақтауға; 

Салық төлеуші Кодексте көзделген өзге де міндеттерді орындайды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет