ҚҰҚЫҚ негіздері


 Салықтық міндеттеме. Салықтық бақылау



Pdf көрінісі
бет327/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

16.4 Салықтық міндеттеме. Салықтық бақылау 

Салықтық міндеттеме дегеніміз салық заңдарына сəйкес салық төлеушінің 

мелекет алдындағы салықтар мен басқа да төлемдерді төлеу міндеттемесі.      

Салықтық міндеттемені орындау үшін салық төлеуші:  

1)  салық  органдарына; 2)салық  объектілеріне,  заңда  белгіленген  салық 

ставкаларына  сəйкес  тіркеледі; 3) Салық  объектілерін  есептейді  салық  жəне 

басқа да міндетті төлемдерді бюджетке төлейді; 4) салық органдарына төлеген 

салықтары  туралы  есеп  береді; 5) белгіленген  салық  ты  дұрыс  төлемеген 

жағдайда  пенялар  мен  айыппұлды  төлейді. 6) Салық  төлеуші  салықтар  мен 

басқа да міндетті төлемдерді мерзімінен бұрын төлеуге құқы бар. 



        Заңдылықтың сақталуын бақылау жəне қамтамасыз ету мемлекеттің басты 

қызметінің 

бірі. 

Салықтық 



тексеру 

мемлекеттік 

бақылаудың 

мамандандырылған, арнайы түріне жатады. Салықтық бақылау сипаты жағынан 

күрделі ұйымдастырушылық жүйе болып табылады Ол бірнеше элементтерден 

тұрады:  

1) бақылау субъектісі;  

2) объектісі;  

3)салық салынатын мүлік немесе қызмет;  

4)бақылаудың мақсаты;  

5)бақылау əдістері мен тəсілдері;  

     Салықтық  тексерудің  субъектісі  мемлекеттік  салық  органдары  мен  оның 

қызметкерлері. Объектісі салық төлеуші жеке жəне заңды тұлғалар.           

     Салықтық бақылаудың мақсаты: 




439 

 

 салықтар  мен  басқа  да  төлемдерді  заңда  көрсетілген  мөлшерде  жəне 



уақытта төленуін бақылау, салық заңдарын бұзушылықты анықтау;  

 кінəлілерді жауапқа тарту;  

 дұрыс төленбеген төлемдерді қайтартып мемлекеттің мүддесін қорғау; 

 салық заңдарын бұзуға жол бермеу; 

     Жүргізілу түріне қарай салықтық тексеру екі түрге бөленеді: тікелей тексеру 

-  салықтық  тексеру  салық  объектісін  тікелей  тексеріп,  салықтың  мөлшерінің 

дұрыс  белгіленгенін  анықтайды;  Салықтық  құжаттарды  тексеру  арқылы 

жүргізілетін  тексеру,  онда  салықтың  объектісі  мен  субъектісі  тікелей 

байланысқа түспей-ақ жүргізіледі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет