Бақылау сұрақтары:
1.Сақтандыру ісіне түсінік беріңіз.
2.Сақтандыру қызметінің жүйесі қалай бөлінеді?
3.Сақтандыру құқығының пəнін реттейтін құқықтық қатынастар
473
19-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
19.1 Инвестицияның түсінігі жəне мəні
19.2 Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің қағидалары
19.1 Инвестицияның түсінігі жəне мəні
Қазақстанның экономикасында қалыптасқан инвестициялық қатынастар
шеңберін дұрыс анықтауда, инвестицияның түсінігін жəне инвестициялық
қызметтің еркешеліктерінің мазмұның ашу үлкен маңызға ие. Бұл
инвестициялық заңнаманың басқа құқық салаларымен нақты қатынасын
белгілеуде, сондай-ақ тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдауда маңызды
болып табылады.
Инвестицияны қабылдаушы мемлекеттің экономикалық дамуына септігін
тигізетін, контрактілік қатынастарға негізделген инвестицияның жаңа
нысандарының пайда болуына байланысты, бүгінгі күнде инвестиция капиталға
қатысуымен немесе бірлескен кəсіпорын құрумен ғана шек-телмейді. Оларға
халықаралық көлемде технологиялар алмасу, ынтымақтас-тық туралы
келісімдер, қызметтер көрсету жөніндегі контрактілер (өнімді бөлу туралы
келісім), өндірістік объектілер құру жəне тағы да басқалар жатады. Айта кететін
бір маңызды жəйт, капиталға жəне контрактілік қатынастарға қатысудың бір
мезгілде қабысып жүруі (мысалы, басқару жөніндегі контракт), сондай-ақ
халықаралық инвестиция түсінігі мен шетелдегі мүлік түсініктері арасында
жаңылысушылықтар жиі кездеседі. Дегенмен, инвестицияларды қорғау
жөніндегі халықаралық конвенциялар тек капиталдар инвестицияларын ғана
емес, тасымалдау туралы контракті-лерді, басқа да мүліктік мүдделерді,
инвестициялар жөніндегі контрактілерді, яғни шетелдегі мүліктер жиынтығын
қорғауды қамтамасыз етуге бағытталғандығына ешкім дау айтпайды.
«Инвестиция» сөзі ағылшын тілінен аударғанда капитал салу деген ұғымды
білдірді. Ал өз кезегінде капитал салу көптеген нысандарда кездеседі: ірі
банктердің қаржы ресурстары, өндірістік фирмалардың табыстары, жеке
тұлғалардың жинақтары, кəсіпкерлік қабілеттіліктер мен ерекше тəжірибелер
(ноу-хау) жəне т.б.
1991 жылға дейін кеңестік экономистер инвестицияларды негізгі
қорлардың ұдайы өндірісіне жұмсалатын бірмезгілдік капиталдық салымдар
ретінде қарастырып келгендігі белгілі, ал мұндай көзқарастын əкімшіл-
əміршілдік экономиканың жағдайлары мен қызмет ету қағидаларына сəйкес
келетіндігі айқын. Дегенмен, нарықтық қатынастардың дамуы жəне осымен
байланысты меншік түсінігінің түбірімен өзгеруі, инвестиция мəніне жаңаша
тұрғыда қарауды талап етті. Инвестиция ретінде тек ақша қорлары ғана емес,
сондай-ақ мүліктік құқықтар мен санаткерлік құқықтар да қатынасқа түсе
474
бастады.
«Инвестиция» категориясының түсінігі құқықтануда арнайы сипатқа ие
болмағандықтан, ол ұзақ уақыт бойы күрделі құрылысқа мердігерлік шарт
түсінігімен байланысты болды, ал оның басты ерекшелігі мердігерлік шарт
бойынша міндеттемені орындаудың құрылыс жұмыстарын қаржыландыруды
жүзеге асырумен байланысында еді.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде «инвестиция» анықтамасы
мүлікті табыс табу үшін пайдалану ретінде құқықтық сипатқа қарағанда,
экономикалық сипатқа көбірек ие. Ал инвестиция құқықтық маңызға тек заң
шығарушы өзі қабылдайтын құқықтық актімен реттейтін қатынастар шеңберін
анықтауды нақтылы мақсат етіп алдыға қойғанда ғана ие болады. Яғни, кез
келген материалдық немесе интелектуалдық құндылықтардың салыну
мақсатына қарай заң шығарушы оның инвестиция қатарына жататындығын не
жатпайтындығын белгілейді деуге болады. Белгілі ресейлік құқықтанушы
ғалым Б.Г. Богатыровтың пікірінше, «инвестицияның экономикалық мəнін
қарастыру кезінде олар өндірістік күштерді құру үшін тірі жəне заттандырылған
еңбектерді жұмсау процесі ретінде анықталынады, ал осылардың көмегімен
өнідіріс процесінде тірі еңбек тұтынуға қарағанда көбірек құн құрайды». Ал, П.
Самуэльсон
"инвестицияларды
таза
капитал
қалыптастыру"
ретінде
қарастырады, яғни қоғамның нақтылы капиталының (ғимараттар, құрал-
жабдықтар, материалдық-өндірістік қорлар) таза өсімін білдіреді. Гитман Л.Дж.,
Данк М.Д. «Основы инвестирования» деп аталатын еңбектерінде инвестицияны
капитал құнын сақтауды немесе өсіруді жəне (немесе) белгілі бір табыс көлемін
əкелуді қамтамасыз етуге тиісті капиталды орналастыру тəсілі ретінде
анықтайды. Олар тікелей жəне жанама инвестициялардың ара-жігін былайша
ашып көрсетеді: тікелей инвестиция -бұл бағалы қағаздарға немесе мүлікке
меншік құқығын инвесторға тікелей беретін салым нысаны. Мысалы, ақшаны
сақтау немесе табыс табу мақсатында акция немесе жер телімін сатып ала
отырып, инвестор тікелей инвестициялауды жүзеге асырады. Жанама
инвестициялар - бұл портфельге салым немесе бағалы қағаздарды, мүліктік
құндылықтарды алу. Жанама инвестициялауды жүзеге асыру портфельдегі
үлеске иелік етуге құқық береді. Дж. Кейнс инвестицияны «негізгі мүлік
құнының белгілі бір кезеңдегі өндірістік қызметінің нəтижесіндегі ағымды
өсімі», немесе «сол уақыт аралығында тұтыну үшін пайдаланылмаған*
пайданың бөлігі», деп анықтайды. Жоғарыда атап өткен авторлар,
инвестицияны, сондай-ақ инвестициялардың құнын көбейту жəне (немесе)
белгілі-бір табыс табу мақсатында арнайы таңдап алынған қаржы құралдарына
(инструменттеріне) ақша орналастыру процесі деп те анықтайды. Сондықтан
бұл процесс көп рет қайталанатын процесс, яғни, инвестициялар – мəні
бойынша əлеуметтік-экономикалық заңдылық, инвестициялық процесс – ұдайы
өндірістің барлық факторларын өзіне толық жəне кешенді біріктіретін процесс.
475
Демек, экономикалық əдебиеттерде инвестицияның əртүрлі мағынада
анықталатынына көз жеткіздік. Дегенмен, олардың барлығына ортақ белгі -
барлық инвестицияның маңызды белгісі орын алады - бұл бастапқы құннан
көбірек құн түрінде табыс табу - капитал құнының өсімі. Байқап
отырғанымыздай, экономист ғалымдардың пікірінше инвестиция – қаржы
ресурстарын ұзақ мерзімді салым ретінде пайдалану немесе ұзақ пайдаланудың
айналымнан тыс активтерін алу жəне пайдалану, сонымен бірге ұзақ мерзімді
қаржылық салымдарды бағалы қағаздарға немесе жарғылық қорға салу. Алайда,
біз бұл пікірмен толық келіспейміз. Өйткені инвестициялар мерзімі бойынша
қысқамерзімді инвестициялау түрінде де жүзеге асуы мүмкін.
Ал, инвестицияның құқықтық мəнін анықтауда мұндай реттілік
байқалмайды. Инвестициялық процесс əлеуметтік-экономикалық заңдылық
ретінде құқықтық реттеуге мұқтаж екендігі. Немесе бұл жағдайда құқық
экономикалық мазмұнның нысаны не көрініс табу құралы болып табылады.
Инвестициялау
мен
инвестициялық
процесс
секілді
экономикалық
категорияларды «құқық тіліне» аудару үшін ұғымдарға құқықтық анықтама
беру қажет, өйткені ол инвестициялық кұқықтық реттеудің мəні мен
нысандарын дұрыс түсінуге мүмкіншілік береді. Құқықтық ғылыми
əдебиеттерде жəне мемлекеттің құқық шығармашылығы тəжірибесінде
инвестициялардың анықтамасына байланысты көптеген түсініктер қалыптасқан.
Инвестициялар экономикалық категория ретінде тауар-ақша қатынастарының
нəтижесінде ғана пайда болады. Алайда, ұлттық экономика нарықтық болғанда
ғана инвестициялар пайда болады, ал капитал өндірістік мақсаттағы тауарға
айналады. Өз кезегінде ұлттық экономиканың нарықтық экономика ретінде,
оның негізгі үш құрамдас бөлігі - инвестициялар, тауарлар, еңбек нарығының
қалыптасуы əлемдік сауданың дамуымен жəне халықаралық нарықпен де тығыз
байланысты. Демек, инвестициялар-капитал, өндірістік мақсаттағы тауарлар,
еңбек ең алдымен нарықтық қатынастарға қатысушылардың жеке меншігінің
объектісі болып табылады. Сондықтан нарықтық қатынастар жағдайында
инвестициялар меншік иелерінің қатынастары, ал бұл қатынастар өз кезегінде
мемлекеттік-құқықтық реттеуді қажет етеді. Осы орайда құқықтық реттеу
төмендегі қатынастарға əсер ететін əртүрлі нормалардан тұрады:
1) императивті немесе жария-құқықтық;
2) дизпозитивті немесе жеке-құқықтық.
Мұндай түжырымнан шығатыны, меншік қатынастарын реттеу жария-
құқық жəне жеке-құқық нормаларын үйлестіре отырып, кешенді сипатқа ие
болады.
Мəселен, Ю.А. Тихомиров, нəтижесінде пайда (табыс) түсіретін немесе
арнайы тиімділікке қол жеткізілетін кəсіпкерлік жəне басқа да қызметтер
объектілеріне салынатын мүліктік жəне интеллектуалдық құндылықтардың
барлық түрін "инвестиция" ретінде қарастырады. Мұндай құндылықтарға
476
жататындар: ақша қорлары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар жəне
басқа да бағалы қағаздар; жылжыйтын жəне жылжымайтын мүліктер
(ғимараттар, үйлер, құрал-жабдықтар жəне басқа да материалдық
құндылықтар); авторлық құқықтан туындайтын мүліктік құқықтар, ноу-хау,
өндірістік тəжірибе жəне өзге де интеллектуалдық құндылықтар, жер жəне
басқа да табиғи ресурстарды пайдалану құқықтары, сондай-ақ басқа да мүліктік
құқықтар. А.Г. Богатыровтың пікірі бойынша «шетел инвестициясы шетел
капиталы болып табылады, егер олар əр түрдегі жəне нысандағы меншіктің бір
мемлекет территориясынан шығарылып, екінші мемлекет территориясындағы
кəсіпорынға (немесе қандайда бір іске) салынса», деп атап көрсетеді. М.М.
Богусловскийдің пікірінше «инвестиция» мен «капитал салудың» мағынасы бір.
Бұл пікірмен біз де келісеміз, өйткені экономикалық əдебиеттер мен ҚР
заңнамаларында бұл екі түсініктің бір мағынада қолданылатындығы белгілі. Ал
Е.Ф. Авдакумин капиталдың орын алмастыруы мен шетел инвестициясының
ара-жігін ашып көрсетеді. Ол капиталдың орын алмастыруы деп, шетелдік
серіктермен жасалған операцияларға төлемдерді, қысқа мерзімді қарыз
берулерді, акцияларды, облигациялауды жəне басқа да бағалы қағаздарды
диверцификациялауды түсіндірсе, қабылдаушы елдегі компанияға бақылау
орнатуды, оны басқаруға қатысуды көздейтін капитал салымдарын инвестиция
ретінде қарастырады.
Дегенмен, инвестиция түсінігі экономикалық əдебиеттерде жеткілікті
дəрежеде анықталғанымен, құқықтық əдебиеттерде бұл мəселе күрделі
қалпында қалып отыр. Экономика ғылымы тұрғысында инвестиция түсінігі
салымдардың барлық түрлерін қамтыса, құқықтық тұрғыда олар салынуының
субъектілері мен объектілеріне жəне мақсатына қарай инвестиция қатарына
жатқызылуы не жатқызылмауы мүмкін. Сондай-ақ олардың инвестиция ретінде
танылуы заңдармен айқындалды.
Осы көзқарастарды қорытындыласақ жəне біздің пікірімізше инвестиция
дегеніміз - бұл жеке немесе мемлекеттік капиталды ұлттық (ішкі
инвестициялар) немесе шетелдік (шетелдік инвестициялар) экономиканың
əртүрлі салаларына пайда табу мақсатында қоғамдық, əлеуметтік тиімділікке
жету үшін салуды айтамыз. Инвестицияның басты мақсаты - болашақтағы
мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін капиталды (қаржылық немесе нақтылы)
пайдалану. Қаржылық инвестициялар - қаржылық институттарға салымдар
салу, яғни мемлекеттер немесе жеке компаниялар шығарған бағалы қағаздарға,
банкілік депозиттер. Нақтылы инвестициялар - негізгі капиталға жəне
материалдық-өндірістік қорлардың өсуіне салынатын салымдар.
Ал, енді "инвестиция" ұғымын Қазақстан Республикасының нормативтік-
құқықтық актілерінде берілген анықтамаларға сəйкес қарастырып өтсек.
«Валюталық реттеу туралы» Заңның 11-бабының 8-тармағына орай,
инвестиция дегеніміз - инвестициялау объектісінің жарғылық капиталына
477
қатысуды қамтамасыз ету жəне бағалы қағаздарды алу мақсаттарында
ақшаларды, бағалы қағаздарды, заттарды, санаткерік шығармашылық қызметтер
нəтижелеріне құқықтарды қоса алғанда, мүліктік құқықтарды беру болып
табылады. Яғни, осы заңның 1-2-бабының, 4-тармағына
сəйкесинвестициялауды жүзеге асыру капитал қозғалысымен байланысты
операциялар қатарына жатқызылған.
«Инвестициялар туралы» заң инвестицияға жалпы анықтама беріп өтеді.
Мұнда инвестиция ретінде «лизинг шартын жасаған кезден бастап лизинг
заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның
жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері» түсініледі.
Табыс алу – «инвестицияның» қажетті белгісі жəнеол инвестицияны басқа да
қорлардан ажыратуға мүмкіндік береді, мысалы, халықаралық ұйымдардың
гуманитарлық көмегінен. Қазақстан Республикасының 1994 жылы 27
желтоқсанда
қабылданған
«Шетел
инвестициялары
туралы»
Заңы
инвестицияны тікелей жəне портфельді деп бөлмей, тек оларға жалпы
сипаттама беріп өткен болатын.
Ал, бұдан одан кейін 1997 жылдын 28 ақпанында қабылданған «Тікелей
инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заң да, тікелей жəне портфельді
инвестициялардың ара-жігін ашпай, барлық инвестицияны тікелей инвестиция
ретінде қарастырады. Заңға сəйкес: «тікелей инвестиция -Қазақстан
Республикасының егемен кепілдіктеріне байланысты жəне Қазақстан
Республикасына берілетін ресми техникалық көмек немесе гранттар шеңберіне
кіретін инвестицияларды қоспағанда, инвестициялардың барлық түрі». Демек,
заң мазмұны бойынша, тікелей инвестиция - бұл барлық инвестициялар, ал
егемендік кепілдіктеріне байланысты "инвестициялар" инвестиция болып
табылмайды. Сонда «егемендік кепіл» дегеніміз не? Бізге мемлекеттік кепіл
деген түсінік белгілі. Бюджет кодексіне сəйкес мемлекеттік кепілдік - бұл қарыз
алушы өзінен алынатын соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда
Қазақстан Республикасының үкіметі несие беруші алдында берешекті толық
немесе ішінара өтеуге алған міндеттемесі. Ал, «Шетел инвестициялары туралы»
заңға сəйкес сыртқы заемдар да шетел инвестициясы болып табылғанымен, олар
осы заңның реттеу аясына кірмейді деп бекітілген болатын. Яғни сыртқы
заемдарға байланысты қоғамдық қатынастар «Мемлекеттік жəне мемлекет
кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы» Заңмен реттелініп отырды.
Қазақстан Республикасына берілетін техниканық көмек жəне гранттар
инвестиция болып табылмайды, өйткені бұларда инвестицияның міндетті
белгісі, табыс алу мақсаты жоқ, яғни мұндай қорлар қайтарымсыз түрде
ұсынылады. Демек, "тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау" туралы заң:
тікелей жəне портфельді инвестициялардың ара-жігін ашып көрсетпеді, бірақ
инвестициялар тікелей жəне портфельдік болып бөлінетіндігіне қарамастан,
тікелей инвестиция деп барлық инвестицияларды таныды. Тіпті олардың
478
арасындаелеулі айырмашылық болмағанымен "Тікелей инвестицияларды
мемлекеттік қолдау" туралы заңы бойынша барлық инвестицияларды жай ғана
"инвестициялар" деп атаған болатын. Бұндай пікірмен біз де толық келіспейміз.
Өйткені қолайлы инвестициялық климаттың қалыптасуы үшін анық жəне
түсінікті заңдар қажет екендігі белгілі. Ал, олардың арасындағы қарама-
қайшылықтар,
сəйкесіздіктер
инвестиция
тартуға
септігін
тигізбей-
тіндігібелгілі. Сондай-ақ заңдағы маңызды нормалардың түсініксіздігі,
инвестордың отандық немесе шетелдік болғанына қарамастан жоғары
инвестициялық тəуекелдерге алып келеді.
Қазақстан Республикасы мен Герман Федаративтік Республикасы арасында
22 қыркүйек 1992 жылғы «Капитал салуларды қолдау жəне өзара қорғау
жөніндегі» екіжақты келісімде капитал салулар ретінде төмендегідей
құндылықтарды бекіткен:
- жылжыйтын жəне жылжымайтын заттар түріндегі меншік, сондай-
ақ ипотекалық құқық жəне кепіл құқығы секілді басқа да мүліктік құқықтар;
- үлестік қатысуға құқық жəне компанияға басқа да нысандарда қатысу;
- экономикалық құндылықтарға ие, экономикалық құндылықтарды
қалыптастыру үшін пайдаланылған ақша қорлары бойынша талап ету
құқықтары;
- авторлық құқық, патенттер, пайдалы үлгілер, өндірістік үлгілер мен
кескіндер, тауар белгілері, фирмалық атаулар, өндірістік жəне коммер-циялық
құпиялар, «ноу-хау» жəне «гудвилл» секілді интелектуалдық меншік
құқықтары;
- концессиялар, сондай-ақ табиғи ресурстарды барлауға жəне өндіруге
концессия;
Шетел капиталы ұлттық экономикаға екі түрлі нысанда кіретіндігі белгілі:
кəсіпкерлік жəне ссудалық. Ал өз кезегінде кəсіпкерлік капитал тікелей жəне
портфельдік инвестициялар болып жіктеледі. Капитал экспорттаушы елдердің
мемлекеттік статистикалық ведомстволары инвестицияны тікелей деп
есептейді, егер олар номиналды капиталдың 25%-інен асатын болса. Мысалы,
бұл Германияда формальді түрде танылған. Неміс капиталының жоғары
ұйымдасқанына қарамастан, Германияда тіркелген қоғамның акционерлік
капиталы шет елдік инвесторға тиесілі болса, ол шетел бақылауында деп ресми
танылады. Мұндай сандық критерий Герман Федеративтік Республикасындағы
тікелей шет ел инвестициясын бағалауда да қолданылады. Сондай-ақ тікелей
жəне портфельді инвестициялардың ара-жігін ажыратуда, олардың шығу еліне
жəне орналасуына байланысты қоғамдық пікірде жəне баспасөзде екі түрлі
стандарт қалыптасқанын атап өту қажет. Мысалы, ГФР-сында пайдалы қазбалар
өндіруші жəне шикізат экспорттаушы, Германиядан тасымал-данатын
бөлшектер мен тетіктерден дайын өнім жинаушы, қызметтер көрсетуші, оларды
тасымалдаушы жəне өткізуші дамушы елдердегі фирмалар, егер олардың
479
капиталының кем дегенде 25%-і (кейде 15%-н төмен) неміс капиатлына тиесілі
болса, бұл фирмалар герман экономикасына органикалық түрде енген болып
танылады. Сондықтан, Австриядағы, Шығыс Франциядағы, елдеріндегі
көптеген фирмаларға герман капиталы бақылаушы пакетіне ие болмай-ақ
қатысушы болғанына қарамастан олар Герман экономикасына "Органикалық
түрде енген" деп есептелінеді.
Ж. Шапира экономикалық критерийлер бойынша тікелей жəне портфельдік
инвестициялар арасында айырмашылық жоқ, бірақ құқықтық тұрғыда олардың
айырмашылығын көрсету тек теориялық түрде ғана мүмкін деп есептейді.
"Алғашқысы кəсіпорынға бақылау жүргізуге мүмкіндік беріп қана қоймай,
сондай-ақ оны басқаруға нақтылы қатысуға мүмкіндік те береді", яғни тікелей
инвестиция кəсіпорынның стратегиясына тікелей əсерін тигізеді. Оның
пікірінше портфельді инвестициялар тек бөлінетін пайданы алу үшін ғана
жүзеге асырылады. Тікелей инвестиция - бұл капитал экспортерінің
қабылдаушы мемлекет территориясында өнідірісті ұйымдастыруы, сондай-ақ
бұл жұмыс күшін даярлау жəне оқыту, бəсекелес өнім түрінде жергілікті
өндірушілерге қысым көрсету. Портфельдік инвестициялар — ірі
корпорациялар мен банктердің бағалы қағаздарына шет ел капиталын тартудың
қайнар көзі.
Сонымен бірге, тікелей жəне портфельдік (тікелей емес) инвестицияның
ара-жігін ашу, ең алдымен капитал салынатын компанияға "бақылау"
проблемасына алып келеді. Теориялық тұрғыдан алғанда, фирмаға бақылау
жүргізу үшін салым, яғни инвестиция кем дегенде 51%-ті құрау керек. Сондай-
ақ, мұның себептері де жеткілікті. Ең алдымен шетелдік инвестордың қатысуы
бар компанияның акционерлік немесе жарғылық капиталындағы акциялар бір
тұлғаға ғана тиесілі болмайды, сондықтан бақылау құқығын алу үшін
акционерлік немесе жарғылық капиталдағы 51%-тік үлеске ие болу қажет.
Сонымен қатар, шетел инвесторы капиталға қатысумен қатар, өзі салым
салуды жүзеге асырушы компаияға белгілі-бір қызмет түрін ұсынуы мүмкін: өз
өткізу торабын, өзінің патенттерін, лицензияларын, ноу-хау, құрал-жабдықтар
лизингін, кредиттік ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігін, алдыңғы қатарлы
техника мен құрал-жабдықтар жеткізуді, жеке техникалық жəне əкімшілік
құрамын тартуды, кадрлар даярлауға көмектесуді жəне т.б.
М.М. Богуславский тікелей инвестицияретінде өндірістік жəне өзге де
кəсіпорындарды инвестициялауды, ал портфельдік инвестиция ретінде
акцияларды, облигацияларды жəне өзге де бағалы қағаздарды түсіндіреді
10
.
"Правовые регулирование внешноэкономической деятельности" деп аталатын
оқу құралының авторлары өндірістік, материалдық жəне өзге де құндылықтар
дайындауға салымдар салу үшін арналған кəсіпкерлік капиталды тікелей
шетелдік инвестициялар деп есептейді. Қалыптасқан тəртіп бойынша мұндай
инвестициялар шетелдегі кəсіпорынды меншікке алуды жəнеоған бақылау
480
орнатуды көздейді. Осы айтылғандарды тұжырымдай келе, жалпы түрде
алғанда тікелей инвестицияны капиталды негізгі қорларға тікелей салу ретінде
анықтауға болады.
Жоғарыда келтірілген əр қилы пікірлерді талдау негізінде тікелей жəне
портфельді инвестицияның ара-жігін экономикалық белгілер бойынша
ажыратуға болады:
- тікелей инвестиция экономикаға тікелей жəне ұзақ мерзімді əсер етеді.
(құрылысқа жəне шаруашылық объектілер құруға үлестік қатысу, оларды толық
немесе пайдалану мақсатында иелену); ал портфельдік инвестиция əдетте
уақытша сипатқа ие:
- тікелей инвестицияның мақсаты капиталдан тек пайда алу ғана емес,
сонымен қатар фирманың өндірістік ғылыми-техникалық, инвестициялық,
қаржылық саясатын қалыптастыру жолымен пайда əкелу болса, портфельді
инвестицияның мақсаты мүмкіндігінше банк процентінен жоғары тұрақты
табыс алып отыру жəне көбінесе капитал салынған акция курсынан ұтуға
тырысушылық;
- тікелей инвестиция портфельдік инвестицияға қарағанда экономикалық
жоғары тиімділікке ие, өйткені ол бірте-бірте пайданы реинвестициялау
есебінен жаңа капиталдар салуға алып келеді;
- тікелей инвестиция халықты жұмыспен көбірек қамтуды қамтамасыз
етеді, портфельдікке қарағанда ішкі рыноктың ахуалына тікелей жəне елеулі
əсер етеді;
- халықаралық еңбек бөлінісі жəне ұлттық бəсеке қабілеттілік
портфельдікке қарағанда, тікелей инвестицияға байланысты көбірек өзгереді;
- тікелей инвестицияның портфельдіктен тағы бір айырмашлығы ол ұлттық
меншік қатынасына елулі əсер етеді;
- тікелей инвестиция елдегі бəсеке жағдайына тікелей əсер етеді - оны
күшейтеді немесе ішкі рынокта шетелдік компанияның монополиза-циялануына
септігін тигізеді.
Қорытындылай айтқанда, əдебиеттердің барлығында тікелей жəне
портфельдік инвестициялардың ара-жігі нақтылы анықталмаған. Көптеген
авторлардың пікірінше тікелей инвестицияға инвестиция салынып отырған
объектіні басқаруға инвестордың тікелей қатысушылығы тəн. Тек тікелей
инвестиция ғана шетелдерде жеке компания құрумен теңестіріледі. Портфельді
инвестиция мұндай бақылау құқығын бермейді, өйткені ол аз көлемді
акцияларға, облегацияларға иелік етуге ғана, бақылауға қатыспай табыс алуға
бағытталған, сондықтан "портфельдік инвесторлар" əртүрлі бағалы қағаздар
портфелін алуға тырысады. Демек, мұндай бөлу бақылау белгісі бойынша
жүргізіледі. Яғни тікелей инвестиция - бұл кəсіпорынға бақылау жүргізу,
портфельдік - мұндай бақылаудың болмауы. Дегенмен, құқықтық əдебиеттерде
мүндай белгілердің нақтылы жоқ екендігін атап өту қажет.
481
Сондықтан тікелей инвестицияны анықтауда бақылау түсінігін толық
анықтау өте күрделі мəселе болып табылады. Ол үшін шешім қабылдау кезінде
дауысқа құдық беретін акцияға иелік етудің ең төменгі мөлшері қолданылады.
Егер акционерлік меншік кең тараса, онда акцияның аз проценті де бақылау
орнату үшін жеткілікті болуы мүмкін. Ал, кейде 100% -тік үлестік меншіктің өзі
толық бақылауға кепіл бола алмайтынын атап өту қажет.
Инвестициялық қатынастар инвестициялық процесс барысында нарықтық
экономиканың шартына байланысты қаражат иелерінің арасындағы қатынас.
Инвестициялаудың шарты- құқықтық тұрғыдан инвестициялық процесте
меншік иелерінің жəне меншіктің формасы мен түрлерінің, инвестициялық
қатынастың ұлттық субъектісі жəне шетелдік субъектілерінің арасында өзара
құқықтық алғышарттарды қалыптастыру.
Сондықтан инвестициялық қатынастарды құқықтық реттеу ұлттық
құқықтық реттеуді жəне халықаралық құқықтық реттеуді қамтиды.
Инвестициялық құқық инвестициялық қатынастарды меншік қатынастары
сияқты халықаралық жəне ұлттық құқықта реттеледі.
Инвестициялаудың шарттары, кепілдіктері мемлекеттік билікпен немесе
ұлттық құқықта немесе халықаралық құқықта екі жақты немесе көпжақты
тəртіпте анықтауға болады . Жеке құқықтық реттеу инвестициялық қатынастың
субъектілерінің ұйымдастырушы - құқықтық формаларын анықтаудан тұрады.
Жария құқықтық реттеуде инвестициялық қатынастың субъектісі құқықтық
кепілдіктерімен, қорғаумен қамтамасыз ететін мемлекет билігінің қарамағында
болады.
Жеке құқықтық реттеуде инвестициялық барысында тең мəртебеге ие
субъектілер арасындағы қатынас “тікелей” бақыланады.
Инвестициялық қатынастарды құқықтық реттеу екі бөлімнен тұрады:
1. Ұлттық-құқықтық. (Жария жəне жеке құқықтық)
2. Халықаралық-құқықтық. (Жария жəне жеке құқықтық)
Инвестициялық саясатты жүзеге асыру жəне инвестициялық процесті
ынталандырудың құқықтық реттеу мəні: Еңбек нарығында қалыпты бəсеке
жағдайын,
инвесторлардың
кепілдіктері
мен
қалыпты
жағдайын
қалыптастыруды айтамыз. Инвестициялаудың ұйымдастырушы - құқықтық
формасын бекіту. Субъектілердің құқықтық мəртебесін жəне біріккен немесе
аралас
кəсіпорындардың,
шетел
кəсіпорындарының
инвестициялауын
анықтауы.
Инвестициялық қатынастар еліміздің экономикасын дамытудың қоғамға
маңызды жəне қажетті болып табылады. Сондықтан қоғам мүддесіне қол
жеткізуге жария құқықтың нормасымен реттелуі қажет. Құқықтық
қатынастардың басқарушылық-бағыныштылық сипатта болуы- вертикалдық
қатынастар.
482
Меншік жəне инвестициялық қызмет туралы заң нормалары жария-
құқықтық императивтік сипатта болады. Сол мезгілде инвестициялық
қатынастар нарықтық экономика саласында жеке жəне нақты меншік иелерімен
қатынаста бірдей жəне кепілді жағдайына жататын мүдделерді реализациялауды
көрсетеді. Демек, горизонталдық қатынасқа мемлекеттің жүріс-тұрыс
ережелерінде белгіленген автомиялық ерікі сипатталады. Яғни мемлекет жəне
билік инвестициялық процестің қатысушыларының жалпыға міндетті
нормаларының кіріспесінен кейін қызметтің құқықтық жəне кепілді
жағдайларды шектеу немесе дамыту үшін қоғамға маңызды, қажетті
инвестициялық қатынастары ұйымдастырылады.
Диоганалдық құқықтық қатынастар-мəртебесіне байланысты əртүрлі
субъектілер арасындағы қатынас. Құқық теориясында жақында мəртебесі бірдей
деңгейдегі субъектілердің арасындағы дұрыс қатынас- вертикалдық жəне
горизонталдық қатынас деп танылды. Диагоналды қатынас мына қатынастарға
қарағанда аномалдық немесе төтенше болып саналады.
Инвестиция
дегеніміздің
өзі-жеке
немесе
мемлекеттік
ұлттық
инвестициялар немесе шетелдік капиталды экономиканың əртүрлі салаларына
пайда табу мақсатында салу. Мақсаты инвестициялаудың болашақтағы
еліміздің мұқтаждықтарын қаржыландыру үшін пайдалану [16].
Инвестициялардың қатарына:
1) Мүліктік қазыналар жəне оларға құқықтар.
2) Кəсіптік қызмет объектілеріне салынатын интелектуалдық меншік
құқының барлық түрлері. Инвестициялауға байланысты қызметте бірлескен
жəне шетелдік кəсіпорындарды, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалар
филиалдарын құру, бақылау олардың жұмыс істеуін, таратылуы туралы шарт
жасасу мен орындауды интелектуалдық меншік құқымен қоса алғанда алуан
түрлі мүлікті сатып, сатып алуды пайдалану жəне оларға билік етуді бағалы
қағаздар шығаруды, заңда тиым салынбаған инвестицияға байланысты
қызметтер жатады.
Экономикалық қатынастар, сондай-ақ инвестициялық қатынастар аралас
шарт негізінде нарықтық экономикадағы меншік түрлері мен формаларының
ұқсастығы.
Жария құқықтық реттеу- билік қатынастары немесе заң шығарушы,
атқарушы жəне сот билігі қоғамдағы қажетті қатынастарды реттеп, дамытуға
бағытталады.
Жеке құқықтық реттеу- нарықтық экономикада субъектілері мен
инвесторларына өз есебінен жəне инвестициялық меншік қаражаты есебінен,
яғни өз жауапкершілігімен жəне тəуекелімен жəне инвестордың сайлау
бостандығын болжайды. Демек, жеке- құқықтық реттеу билік қатынастарын
жүзеге асырмайды, керісінше тең əріптестердің экономикалық жəне рухани
мүдделеріне жетуіне бағытталады. Бұл реттеудің түрі біздің ойымызша
483
экономикалық құқықтық қатынастарға ие болуы керек. Осы қатынастардан
“Тиым салынбаған нəрсенің бəріне рұқсат” деген принцип шығады. Жеке-
құқықтық реттеудің мазмұнына сəйкес. Жеке құқықтық реттеу, жария құқықтық
реттеудің əдістерінің ұқсастығы инвестициялық құқықтың əдісі ретінде
нарықтық экономикадағы қалыпты инвестициялық процесс жеке жəне мемлекет
меншігімен .
Инвестициялық процесс нарықтық экономика саласындағы қатынастарды
реттеу үшін барлық уақытта саяси сипатта болады. Бірақ, құқықтық реттеу
қатынастардың тұрақтылығында, қалыпты жағдай, кепілді қалыптастыруда
жанама əрекет болып саналады. Нарықтық экономикадағы инвестициялық
процестің өзін- өзі реттеумен салыстырғанда. Нарық бұл тікелей реттеуші
болып табылады.
Инвестициялық процесс- инвестицияның көлемі мен сапасына бағынады.
Салықтар өз кезегінде- мемлекет пен қоғамның бюджетін қалыптастыруда
негізгі шарт, сондықтан да бұл тəуелділік салықтар мен инвестиция арасында
инвестициялық процесті белгілеу керек.
Əдебиеттерде инвестицияның бірнеше түсініктері берілген. Соның біреуі:
“Инвестиция- мүліктік жəне интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрін
айқындайды. Осыларды кəсіпкерліктің объектілеріне немесе өзге де қызметтен
түсетін кіріс табатын əлеуметтік эффект деп түсіндіріледі”.
“Инвестиция” термині “капитал салу” терминінен кең мағынада
түсіндіріледі.
Батыс əдебиеттерінде мына терминдер қолданылады: “іnvestments”,
”іnvestіonen”, ”іnvestіssement”, яғни инвестиция немесе капитал салу мағынада
аударылады.
Алдында айтылып кеткендей ”инвестицияны” экономикалық категория
ретінде түсінсек, сонымен қатар ол юридикалық категория түсінігінде алғашқы
қатыса алған жəне онда пайда табу белгісі құрамында болған.
Құқықтық құжаттарда түсінік экономикалық түрінде жиі кездеседі,
олардың құрамы экономикалық ғылымда белгіленеді. Мысалы Франциямен екі
жақты келісім проектісін талқылау барысында ол ”инвестиция” терминін
“авуар”, терминімен түсіндірсе, ол екі жақты келісім Испаниямен
энергетикалық инвестиция партиясында ”инвестицияны” ”актив” термині деп
қараған. Сондықтан біздің көзқарасымыз бойынша ”пайда табу” белгісі
”инвестиция” түсінігіне қарағанда имманентті болады.
Ресей Федерациясының халықаралық- құқықтық əдебиеттерінде шетелдік
инвестиция түсінігі құндылық ретінде пайда табу мақсатында салынатын, деп
айтылған. Ол заңмен қорғалатын объектілер санын азайтуға əкеп соғу мүмкін.
Сондықтан осы түсінікке мыналар кірмейді: үйлер, пəтерлер, жер учаскелері.
Егер осы объектілерді қызмет ету аясынан шығарып инвестиция түсінігіне
кіретін болса, онда ол ондағы уақытта құқықтық салдарға əкеп соғуы мүмкін.
484
Бірақ осы жағдайда Н. Г. Семилютина былай дейді: шетелдік инвестор
ретінде барлық республика территориясындағы шетелдік тұлғаларды, шетелдік
инвестор ретінде қарауға тура келеді. Мұнда олар республика территориясында
жеке мүліктері немесе өзге де мүліктері болған жағдайда ғана.
“Пайда табу” мақсаты инвестицияның міндетті белгісі болып саналу керек,
өткені ол халықаралық ұйымдардың беретін гуманитарлық көмектен бөлек
түсінік бөлу керек.
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы, қазір күші жойылған “Шетелдік
инвестиция” туралы заңында жəне кейбір екі жақты келісімде “инвестор”
терминіне байланысты Қазақстанның заңы “инвестор” терминін “шетелдік
заңды тұлға” ретінде түсіндіріледі. Яғни заңды тұлға ретінде компания, фирма,
кəсіпорын, ассоциация жəне тағы басқалар, шетел заңдарына сəйкес құрылған
болса, жəне Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде құрылса. Кейбір екі
жақты келісімде мысалы: АҚШ- пен, Германиямен, Испаниямен, “компания”
термині, корпорация, қоғам бірлестігі білдіретін екі жақтың нормаларына
сəйкес заңды тұлға құқымен немесе онсыз бірге қызмет етуі.
Қазақстанның заңдарында, соның ішінде “Инвестициялар туралы заңында”
инвестор заңды тұлға ретінде белгіленеді.
Бір мемлекеттің инвесторы өз мемлекеттің заңы бойынша заңды тұлға
болып табылса, онда ол өз филиалдарын немесе өкілдіктерін аша алады. Ал егер
заңды тұлға болып табылмайтын болса, əрине өз мемлекетінде онда ол бұндай
құқықтарды иелене алмайды.
Сонымен қатар ұлттық заң кəсіпорын жəне шетел инвестициясы арасында
келісім шарт формасында құруды қарастырмайды. Заңда екі форма ғана
көрсетілген:
1. Біріккен кəсіпорын
2. Шетел кəсіпорыны
«Инвесто» терминіне байланысты тағы бір кедергі оның тұрғылықты жері
мен меншігі. Кейбір келісімдерде, мысалы АҚШ- пен, Қытаймен, «компания»,
«кəсіпорын жəне компания» қатысушы- мемлекеттің заңдарына сəйкес құрылуы
керек. Басқа келісімдерге сəйкес жоғарыда айтылып кеткен критерияға
компания жəне бір оның тұрғылықты жері болу керек жəне ол сол мемлекетте
болу керек. (мысалы: екі жақты келісім Германиямен, Турциямен).
Ал кейбір келісімдерде (мысалы: Финляндиямен) инвестор- заңды
тұлғаның тұрғылықты жері басқа үшінші мемлекет территориясында болу
мүмкін.
Екі жақты келісімге мінезделген “инвестордың” тағы бір мағынасы, яғни
заңды тұлға немесе кəсіпорын жəне компания инвестицияны жүзеге асырып
жатқан мемлекет территориясында өз заңдары бойынша капиталды импорттауға
құқы бар.
485
Екі жақты келісім өз мəнімен мазмұндалмай ғана оның құрамындағы
маңызды яғни, кепілдік болуы да бар. Бұлкепілдікке қолайлы режим жағдайын
туғызу кіреді. Осы қолайлы режим жағдайы мемлекеттер арасындағы ішкі сауда
қатынастарын реттеу үшін қолданылған жəне солар арасында бекітілген.
Қолайлы жағдай принципіне мыналар кіреді, яғни халықаралық шарттар
құралы бойынша келісіп жатқан мемлекеттер арасында бір-біріне қолайлы
жағдай туғызуға міндеттенеді. Оған келісімді ара-қатынас құқығы, жеңілдіктер
кіреді.
Қолайлы
жағдай
принципі
дискриминациялау
принципінің
бастамашылығына ие. Мұнда мемлекеттердің тең құқықты жəне бір-біріне
тəуелсіз принципін түсіну керек.
Дискриминациялау
принципінен
қолайлы
жағдай
принципінің
айырмашылығы, яғни екіншісі халықаралық құқында жалпы таныған
принциптер арасына кірмейді. Сондықтан бұл келісімді норма болып табылады.
Бір сөзбен айтқанда қолайлы жағдай режимі- мемлекеттер арасындағы
экономикалық қатынас аясына қолайлы жағдайдан қолдануы болып табылады
жəне құқықтық талап принципін қолдануы.
Қолайлы жағдай режимінің принципінен ұлттық режим айырмашылығы
мынада, шетел азаматтары, кəсіпорындар жəне тауарлар сол мемлекеттің
меншікті азаматтардың құқықтарына теңестіріледі. Бұл принцип келісімді
болады. Келісімді нормаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттер арасында ұлттық
режимді белгілеуге əкеліп соғады.
Қазақстан Республикасымен жасалған инвестицияда келісетін жақтарға екі
режимді ұсынады:
1. Қолайлы жағдай режимі
2. Ұлттық режим
Əр инвестор қай режимді таңдауға құқы бар. Қайсысы оған қолайлы болса
соны таңдайды.
Инвестициямен байланысты қызмет түрін жүзеге асырған кезде, екі этапты
бөліп шығару керек:
1. Инвестицияны жүзеге асыруға кіргізу стадиясы;
2. “Постинвестициялық”саты, инвестиция кіргізіліп ол жұмыс істеп
жатқанда.
Барлық екі жақты келісімдерде кейбір құқықтарды алып алуда
қарастырылған. Оларға жеңілдіктер, салықты толық сату мүмкін немесе кеден
төлемдерін толығымен ашу мүмкін жəне тағы басқалар.
Инвестициялар туралы заңнан екі жақты келісімнің айырмашылығы екі жақты
келісімге практикада режим талаптары кіргізілген. Ол «Абсолюттік стандарт
режимі” деген атқа ие.
Ол шетелдік инвестицияларға жалпы мінездеме береді, яғни «тең
құқықты”, “справедливый” мағыналарын кіргізеді.
486
"Инвестицияның" түсінігі бір-бірімен тығыз байланысты экономикалық
жəне юридикалық қатынастардың кеңейген бөлігін қамтиды, бұл берілген
құбылыстың табиғатына деген көзқарастардың келіспеушілігінің себебіне негіз
болды, ол жерде инвестор ретіде тек бір ғана тұлға – мемлекет жəне
"инвестиция" түсінігі тар болды. Ол негізінен капиталдың салымдар (салулар)
мақсатындағы ақша қаражаттарды ғана қамтыған. Экономика əдебиеттерінде
абайсызда емес көрсетілген, 1991 жылға дейін " инвестиция" түсінігі
"капиталды салулар" терминмен ауыстырылатын, ол заказчиктердің
(инвесторлардың)
қызметін
негізінен
құрылыстық
жұмыыстарды
қаржыландыру
үшін
сипаттайды.
Қазіргі
уақытта
меншік
туралы
қатынастардың сапалы өзгерістерімен реттелген нарықтық қатынасқа өтуде,
инвесторлар ретінде шығатын тұлғалар шеңберіне жақындай "инвестиция"
түсінігіөзгерді. Ол тек қана ақша қаражаты емес, сонгымен қатар мүліктік
құқықтарды білдіреді. Соңғысына тек абстрактілі емес, сонымен қатар тек
материалдық объектілер мен ған емес, сонымен қоса интеллектуалдық
қызметтің материалдық емес міндеттемелік құқықтар жатты. Экономикалық
əдебиеттердің анализінің көрсетуі бойынша, капиталдық салымдар термині,
тəртіп бойынша, негізгі фондты құруға байланысты қаржылық шығындарды "
инвестиция" терминімен кең түрде жəне "капиталсалулар" теримні арқылы
анықтайды. "Инвестициялық" экономикалық категориясы юридикалық
категорияға қатынасы бойынша бірінші болатындығын ескере, біздің
көзқарасымыз бойынша, отандық заң белгілеуші "инвестиция" жəне
"капиталсалулар" түсініктерін салыстыруда асығып қалды.
Бізге белгілі болғандай, инвестициялар ІNVESTMENT ағылшыннан
аударғанда инвестицияларды білдіреді, жалпы танылған терминология
бойынша, бір уақытта əрекетті жəне сол əрекеттің нəтижесін, яғни процесс
ретінде жəне инвестируемый игіліктері ретіндегі нəтижені білдіреді. Қазақ ССР-
нің 1991 ж. 10 маусымның "Қазақ ССР-ғы "Инвестициялық қызмет туралы"
қазіргі кезде заңы күшін жоғалтқан заңында, осы екі баяндаманы сипаттайтын,
инвестицияға анықтама берілетін.
Осы заңның 1-бабына сай, инвестициялар дегеніміз – ол барлық қаржылық
жəне материалдық салымдар т.б сонымен қатар мүліктік құқық пен
интеллектуалдық байлықтар, кəсіпкерлі объектілер мен тағы басқа қызметтерге
салынатын пайда табу мақсатында əлеуметтік, экономикалық, экологиялық
жəне ғылыми-техникалық юдодент алу үшін. Мұнда инвестиция ұғымына
кіреді. Салымдар (əрекет, процесс) жəне мүліктік құқық жəне интеллктуалдық
байлықтар (инвестициялық байлық). Бұл анықтама терминологиялық шатасуға
əкелсе де, бірақ инвестиция ұғымын мынадай анықтама береді. «Инвестициялар
– бұл тірі, заттай түрдегі еңбекті іске асыру, соның барысыныда тірі еңбек оның
бағасын арттырады, жұмсауына қарағанда». Ал, Массе П. пікірі бойынша
капиталды салуға байланысты одан да жалпы анықтама берсек, ол былай
487
болады: «Инвестициялық - ол əрекет, бірінші, тұтылуға қажеттерді, келешекте
мүмкін болатын қажеттерге алмастыу, инвестициялық салымдар салу арқылы».
Осыған ұқсас анықтаманы В.Д. Миловидов береді: «Инвестициялар – бұл бос
ақша қаражаттарын əр түрлі нысандағы қаржылық жəне материалдық
байлықтарға немесе активтерге салу». Инвестиция ұғымының құқықтық
жағдайын нақты анықтау оны басқа салымдардан ажыратуға мүмкіндік береді,
инвестициялаудың ерекше құқықтық режимін ескере отырып, инвестициялық
заңмен берілген. Ал, егер жеңілдіктер берімен болса, инвесторға соған сай
экономикалық жеңілдіктерді талап ету құқығын береді.
Ал, «ҚР –ының шет ел инвестициялар туралы» 27 желтоқсан 1994 жылғы
Заңында инвестицияларға келесі анықтама берілген: «Инвестициялар – бұл
мүліктік байлықтардың жəне оларға құқықтардың барлық түрі, сонымен қатар
интеллектуалдық меншікке құқық объектілеріне салынатын пайда табу
мақсатында». Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл анықтаманың кейбір
қайшылықтары бар, ҚР 28 ақпан 1997 жылғы заңында берілген «Тікелей
инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» заңда тікелей инвестициялар
барлық салымдардың түрі деп берілген, инвесторлармен жүзеге асырылатыны,
негізгі қаражаттарға (негізгі капиталға) Қазақстандық заңы тұлғаға, кейбір
инвестициялардан басқа ҚР мемлекеттік кепілдіктерімен байланысты жəне
ресми техникалық көмек пен гранттар қатарына кірмейтін ҚР-мен берілетін.
Мұндағы сөйлемдерде заңдардың инвестиция түсінігіне əр түрлі көзқарас бар
екені белгілі. Салым дегеніміз – мүмкін болатын белгілі бір əрекет, акт, мұның
өзі шет ел инвестициялар заңының мазмұнына қайшы келеді. Онда
инвестициясы инвестициялық байлықтар деп түсінеді. Сонымен, егер
«инвестиция» анықтамасына бір түсінік берілсе, «тікелей инвестицияға» да
анықтама мазмұны сол анықтамадан шығу керек. Мұнда, яғни тікелей
инвестицияны былай анықтасақ дəлірек болар еді: …барлық мүлікті
байлықтардың жəне оған құқықтардың түрі сонымен қатар интеллектуалдық
меншікке байланысты құқық негізі капиталға салынатын Қазақстандық заңы
тұлғаның, заң шығарушыға біздің ойымызша, ең алдымен инвестиция мен
инвестициялық қызмет анықтамасын анықтау қажет.
Егер экономикалық теорияда инвестиция ұғымын инвестицияланатын
байлық та, сонымен қатар сол байлықты іс əрекет деп елі түрлі мағынада
түсінуге жол берілсе, құқықта оған жол берілмейді. Біздің ойымызша, егер
инвестицияны мүліктегі байлықтар жəне оған құқық, сонымен қатар
интеллектуалдық мүлікке құқық деп түсінсек, онда инвестициялық қызмет деп –
сол капиталды салуға байланысты акт, əрекет деп түсінгеніміз жөн ғой. Ал, егер
инвестициялы салымдардың түрлері деп алсақ, онда капиталды басқа
терминмен атаған жөн, мысалы, инвестициялық қаражаттары инвестициялық
ресурстар жəне т.б. Осы заңда анықтама берілген экономикалық басты тікелй
инвестицияларға. Мұнда инвестициялық қызмет кəсіпкерлік сияқты,
488
инвестицияны жүзеге асырумен байланысты. Бұл анықтама біздің ойымызша,
инвестициялық қызмет мағынасын ешбір ашып тұрған жоқ.
Барлығына əйгілі, меншік құқығының қоғамда негізгі функцияны
атқарады: оның формалары, біріншіден белгілі-бір мүліктің мына ие басқа
адамға тиесілігін анықтау, екіншіден меншік иесінің мүлікті иелену пайдалану
жəне билік ету құқығын анықтайды, үшіншіден меншік иесінің құқығы мен
мүддесін қорғауға байланысты құқықтық жағынан анықтайды. Мүліктің меншік
құқығының осындай белгілерін негізге ала отырып, көптеген мамандар
инвестицияны меншікпен теңдей санайды, мағынасы жағынан, мысалға
Г.Шварценбергер пікірі бойынша «инвестициялар» мен «меншік» терминдерін
синоним ретінде қарастыру жəне соның меншігіне меншік иесі – инвестор
құқығы мен мүддесін қосу. Сонымен дейді А.Г. Богатырев оның ойын
жалғастырып, инвестицияларды инвестициялық процесі құқықтық мағынасы
мен түпкілікті негізгі құқықтың нормаларды орнату (шарттар мен кепілдіктер),
инвестициялық қатынастардың субъектілерінің, яғни меншік иелерінің
қатыстылығын анықтау т.б. Осыдан мынадай сұрақ туындайды: егер меншік
иесі мен инвестор мағынасы теңдей болса, онда жаңа құқық нормалар жүйесін
құру қажетіне ие, меншік құықығы нормаларын қайталайтын болса?
Мұнда меншік құқығы мен меншік иесі қатынасынан тыс толық
инвестициялық қатынасты орнату мүмкін еместігін еске ала отырып,
инвестиция мен инвестор анықтамасы анықтауды қағиданың мағынасы жоқ
екендігін ескеру қажет. Мұның себебі, инвестор мен оның салған инвестициясы
көпшілік жағдайда заттың қатынаста емес, міндеттемені құқықпен реттеледі. ҚР
азаматтық кодексіндегідей, қазіргі іске асырылып отырған (36 б. сай ҚР АК)
айтылған, заңи тұлғаларда инвесторлар міндеттемелі құқығын сақтайды, оларға
акционерлік қоғамдар, шаруашылық серіктестіктер мен кəсіпкерліктер жатады.
Мұннан шығатын тұжырым, егер меншік иесі мен инвестор мағынасын теңдй
санасақ құқықтың жағдайы жағынан алда өз мүлкін өзінің құрған заңды
тұлғасына бергеннен бастап, қатысушы өзінің инвестор статусынан айырылады.
Сонымен қатар меншік пен инвестициялар ұйымдарының арасындағы
айырмашылық шегі «жойылады», яғни нақты, толық анықталған болмайды,
жəне инвестор мен заңи тұлға аарсында өзінің қаражаттарын салған.
Сондықтан инвесторларды сақтандыру үшін заттың құқықты зона дамыту
қажет емес, сонымен қатар міндеттемелік құқықты да. Бұл əсіресе актуалды
болады, егер осы екі институт арасында қайшылықтар болса, заңи тұлғаны
құрушы инвестор мүддесі мен сол заңи тұлғаның меншік иесі негізінде
қақтығыстар болады. Мұндай жағдайларды айтылған теориялық жұмыстарында
біздің ғалымдардың, заттың құқық пен міндеттемелік құқықтарының арасында
конкуренция болып қалса, ең алдымен заттық құқық жүзеге асырылуы қажет.
ҚР инвестициялық құқығын дамыту процесіне көз жүгіртсек, инвестор тек
қана мемлекет бола алған кезде, «инвестиция» ұғымы өте тар болған жəне бұл
489
қатынастар көбінесе қаржылық құқығымен реттелген, ал шаруашылық
субъектілері арасында болған қатынас жəне ондағы объект ақша қаражаттары
болғанда, азаматтық құқықпен реттелген. Бірақ, нарықтық қатынас дамыған
сайын, сапалық өзгерістер мүліктік қатынастарда да болды, сонымен қатар
тұлғалар арасында да, «инвестиция» ұғымы да өзгерді. Соған сай
инвестициялық қатынастар да өзгерді инвестициялық заңмен реттелуге жататын
оның пəні болып табылатын. Осыған сай, біздің көзқарсымыз бойынша
инвестициялық құқық теориялық аспектіден зерттеу қажет. Ең алдымен, бірақ
инвестициялар мен инвестициялық қызмет анықтамаларының құқықтық
критерий қарастыру қажет.
Заңи қызметте сонымен қатар Қазақстанда да инвестициялардың ең бір
негізгі белгісі – инвестициялаудың мақсаты – пайда табу болып табылады. Бір
пікір орын алады: халықаралық конвенцияларды «инвестиция» ұғымына əдейі
анықтама берілмеген, ұлттық заң шығарушыға өз еркі бойынша сол қатынастар
шеңберін анықтауға шек қоймау үшін. Сондықтан бір топ ғалымдар М. К.
Сулейменов басышылығымен мынадай тұжырымға келді, инвестицияның
бірден-бір арылмас, соған тəн белгісі – пайда табу мақсаты, құқықтық ғылымда
берілген.
Жоғарыдағыдан шығатын тұжырым пайда табу мақсаты белгілі, тек қана
инвестицияны жүзеге асырумен байланысты кəсіпкерлік қызмет процесі б.т.
осыған орай шет ел инвестициялары анықтамасы қосымша белгілерді қажет
етеді. Барлығына əйгілі, мемлекет кəсіпкерлігі қызметпен айналыспайды,
сондықтан оның негізгі мақсаты инвестициялауда, экономикалық, əлеуметтік,
экологиялық т.б. эффект алу, сонымен экономикалық, əлеуметтік, экологиялық
т.б. функцияларды жүзеге асыру. Ол пайдалы проектілерге салымдар салғанның
өзінде де, тек қана мемлекеттік кəсіпорындар арқылы жүзеге асырылады, ал ол
кəсіпорындар кəсіпкерлік қызметтің жеке өзбасы субъектілері болып табылады.
Ал, сол кəсіпорынға қарағанда мемлекет инвестор болып қала береді. Сонымен
инвестормен кəсіпкер аарсында функциялары беріледі, бұл жерже
инвестициялық - кəсіпкерлік қызметті материалдық қамтамасыз ету б.т.
Осыған сүйене отырып, инвестицияларды коммерциялық инвестициялар
(кəсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын) жəне коммерциялық емес
(əлеуметтік, экономикалық т.б.) деп бөлсек болады. Бұл ерекшелендіру, оларға
əр түрлі құқықтық режим орнатуға мүмкіндік береді. Өйткені жеке тұлға да
коммерциялық емес жобаларға инвестициялық салымдар сала алады.
Сонымен қатар, пайдасыз нысандағы инвестицияларға коммерциялық емес
жеке ұйымдарды құруды жатқызуға болады, білім беру, денсаулық сақтау
қызметін көрсететін (мысалға: жоғарғы оқу орындары, медициналық
орталықтар жəне т.б.). Барлығына əлгідегідей коммерциялық емес мақсаттағы
қызметтер (мемлекет секторынан басқа), нарық экономикасы дамыған елдерде
аса дамыған. Коммерциялық емес мақсаттағы ұйымдар, əр түрлі қйрымдылық
490
қорлары, мамандандырылған бірлестіктер жеке бастамашылықты қоғамға
пайдалы қызметпен байланыстыруға мүмкіндік береді. Мұндай дамудың себебі
жеке дана кеден жеңілдіктері себебімен ғана емес, осы қоғамдық қажеттерді
өтеуге бастамашылық жасағандарға берілетін жеңілдік беруде, мемлекет
ерекшелендіреді əр түрлі салсына байланыста, бірақ мұндағы ең негізгі
критерий, жасалынатын қызметтің қоғамға пайдалылық деңгейі.
Жоғарыдан көргеніміздей инвестициялық шығындар тең коммерциялық
мақсатқа ғана жұмсалмайды. Сондықтан біздің пікірімізше инвестицияларды
заң шығарушы анықтағанда олардың экономикалық жағынан анықтама беруі
қажет-шығындар сияқты адам мен қоғам өмірін материалдық жəне діни
қажеттерін қамтамасыз етуге арналған, яғни инвестициялар ең алдымен
өндіруге бағытталған болып табылады. Бұл инвестициялық қызмет пен
кəсіпкерлік қызметті ерекшелендіруге, яғни айыруға негіз болады. Өйткені,
шынында да инвестициялық мақсаты, мысалы кəсіпорынға ол қайта құру,
жаңарту, реконструкциялау негізгі фондтардан болып табылады. Ал, жеке
инвесторға келсек, оның басты мақсаты, пайданы бөлуге қатысу, коммерциялық
жобадан түсетін, яғни пайда табу – негізгі мақсаты.
Сондықтан инвестицияларды олардың жұмсалу мақсаты мен айналу
аясына қарай бөлу қажет:
1. Инвестициялар материалдық активтерге салынған. Ол салымдар
ғимараттарға құрылыстарға, кез-келген автокөлік түріне жəне құралдарға бір
жыл жұмыс істеуге арналған жəне материалдық салымдарға салу б.т.
2. Инвестициялар материалдық емес активтерге салынған. Салымдарды,
патенттерді, лицензияларды, ғылыми-техникалық жаңартуларды істеуге
арттыруға, қоршаған ортаны ұлттық денсаулығын жақсартуға, тағы басқа салу
болып табылады.
Жоғарыда айтылғандардан шығатын тұжырымға келсек, мұнда капиталды
салымдар түсінігін алмастыру қажеттілігін тек нарықтық экономикаға көшу
ғана емес əсер еткен, жобалық экономикаға тиесілі, инвестиция ұғымы,
сонымен қатар бағалы қағаздарға салу мен қаржылық активтер, сонымен қатар
ғылыми-техникалық даму өндірістік күшінің, жоғары индустриялы жүйені құру
жалпы цивилизациялық даму жағдайында, жалпы қоғамға, ұлт үшін қажетті
мақсаттық ролінң артуы, ғылыми-техникалық жəне əлеуметтік аясын тануды
қажет етті, материалдық байлықтар мен қоғам үшін, мемлекет үшін қажетті
болып табылатын аяларды тану мен оларға салымдар салу.
Осымен инвестиция деп – инвестициялық ресурстарды түсінеміз,
материалдық жəне материалдық емес байлықтарға салынатын, тікелей де,
жанама да, қаржылық құралдар арқылы, инновациялық жəне əлеуметтік аяларға
салу, экономикалық əлеуметтік, экологиялық тағы басқа [30].
Келтірілген анықтамалар нарықтық жəне жоспарлық жүйелерде
инвестицияның мəнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың
491
бөлінуі əкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асады, ал
инвестицияландыруды қаржылық жəне басқа түрлері бар екені бəрімізге мəлім.
Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек
бір уақыттық сипатымен ғана айрықшаланатын залал түрінде көрінеді.
Экономика ғылымы мен тəжірибесі капиталдық салынымдар инвестицияның
синонимі емес екенін, берілген терминдер ұқсас емес екенін дəлелдеп отыр.
Капиталдық салынымға қарағанда инвестиция түсінігі əлдеқайда кең.
Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы” заңына сəйкес,
Инвестициялар – лизинг шартынжасаған кезден бастап қаржы лизингі заттарын,
сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық
капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған
тауарлардан басқа) немесе кəсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген
активтерді ұлғайту, сондай – ақ концессионердің (құқық мирасқорының)
концессия шарты шеңберінде жасаған жəне алған тіркелген активтері.
Инвестиция – бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына жəне
табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға
болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды,
себебі қолма – қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін жəне ол
ешқандай да табыс əкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен
айрықшаланатын əр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын
мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе
үлкен тəуекелмен; қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей жəне жанама.
Инвестицияларды мүліктің кез келген түрі деп түсінуге сүйене отырып,
инвестициялар ретінде қарастырылуы үшін, ол құндылықтар иеленуге тиіс
белгілерді тұжырымдап алған жөн. Инвестициялардың негізгі жəне
айқындаушы белгісі – олардың жеке тұтынуға емес, метериалдық немесе
рухани игіліктер құруға бағытталуы болып табылады. Бұл белгі кəсіпкерлік
нысандарына немесе қызметтің басқа түрлеріне салынатын инвестициялардың
мақсатты жұмсалуынан көрінеді. Мысалы, егер берілетін тауар құрал – жабдық
немесе инвестициялық қызметті жүзеге асыруға байланысты басқадай
қажеттіліктерге арналған материалдар болмаса, шетелдік тауар кредиттері
инвестициялар санатынан шығарылуға тиіс; бұл жағдай ресми техникалық
қызмет немесе біздің елімізге берілетін гранттар шегінде келіп түсетін
қаражаттарға да қатысты.
Келесі белгілер инвестициялардың кəсіпкерлік маңызын ашады – олар,
негізінен, пайда (табыс) табу мақсатында салынады жəне оларды инвестор өз
атынан жəне өзі тəуекелге бара отырып жүзеге асырады. Бұл жерде
инвестициялық қызмет, кəсіпкерлік қызмет сияқты, дербестігімен,яғни өз
бетінше əрекет ететіндігімен жəне бастамашылығымен сипатталатынын
айрықша атап өту қажет, бірақ қызметтің бұл түрлері бір – бірімен сəйкесуі де,
492
сəйкеспеуі де мүмкін; тиісінше инвестордың кəсіпкер мəртебесін иеленуі де,
иеленбеуі де мүмкін.
Ендігі жерде, инвестициялардың ерекше белгісі – дəстүрлі жіне үйреншікті
түсінігінде қысқа мерзімге арналатыны да болғанмен, біржолғы сипатта еместігі
мағынасында олардың ұзақ мерзімді болатыны. Уақыттың белгілі бір ұзақтығы
инвестицияларды басқадай қаржы құралдарынан ажыратуға болады.
Инвестициялардың əр түрлі түрлерінің ерекшеліктерін анықтаудың жəне
оларды жіктеудің үлкен теориялық жəне практикалық маңызы бар, өйткені олар
инвестициялық қатынастарды реттеуге жəне инвестициялық заңдарды ары
қарай жетілдіруге себеп болады. Инвестицияларды бөлудің əртүрлі негіздері
бар. Солардың ең кең тарағанына тоқталатын болсақ, олар төмендегідей:
1) инвестициялардың түрлері;
2) ақша құралдарын салу объектілері;
3) инвестицияландыруға қатысу сипаты;
4) инвестицияландыру кезеңі;
5) меншік түрлері;
6) инвестордың қатысу түрлері;
7) тəуекел дəрежесі;
8) ұдайы өндіріс түрлері;
9) субъектілік белгісі бойынша.
1.Инвестициялардың түрлерін былайша топтаймыз:
- ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар жəне басқа да құнды
қағаздар;
- жылжымайтын жəне жылжымалы мүлік;
- авторлық құқықпен, тəжірибемен жəне басқа да интеллектуалды
құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар;
- жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы жəне басқа да
мүліктік құқықтар;
- қандай да бір өндірісті (бірақ патенттелген “ноу-хау” емес)
ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тəжірибе ретінде
рəсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық.
2. Құралдардың салыну объектілері бойынша:
- нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге
салынуы.
Нақты
инвестициялар – ол
нақты
активке
салынған
инвестицияларнемесе материалдық өндіріс саласындағы инвестициялар, өйткені
олар ғылыми – техникалық прогрестің дамуына, өндірістің тиімділігін көтеруге,
құрал – жабдықтарды ауыстыруға жəне т.б. мақсаттарға бағытталуы мүмкін.
-материалды емес активтер – лицензиялардың, патенттердің, тауар
белгісінің құны, жарнамаға жəне кадрларды дайындауға кеткен шығындар;
- қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша
құралдарының салынуы – депозиттер, құнды қағаздар (оның ішінде мемлекеттік
493
бағалы қағаздарға, корпорациялық бағалы қағаздарға жəне т.с.с.), банктық
салынымдар [31].
Басқа əдебиеттерде, инвестициялардың мақсатына байланысты деп 2–ге
бөліп қарастырады:
1.Капитал тудырушы инвестициялар – ол материалдық жəне материалдық
емес активтерді көбейтуге немесе оның өсіміне бағытталған инвестициялар.
Басқаша айтқанда, бұл олардың дəстүрлі түсінігіндегі инвестициялар, өйткені,
əдетте, инвестициялар капитал тудырушы болып табылады, яғни пайда немесе
табыс табудың тəсілі немесе құралы ретінде қолданылады.
2. Зияткерлік инвестициялар – ол əртүрлі деңгейдегі мамандарды
даярлауға, сондай –ақ олардың біліктілігін көтеруге, ғылыми зерттеулер
жүргізуге жəне т.б. мақсаттарға бағытталған инвестициялар. Мысалы, қазіргі
кезде зияткерлік инвестициялардың ең көп тараған түрлері жоғары білім алу
үшін берілетін мемлекеттік жəне жеке кредиттер болып табылады. “Зияткерлік
инвестициялар” ұғымын “əлеуметтік инвестициялар” ұғымына дейін кеңейтуге
болады, өйткені екі жағдайда да инвестициялар нысаны əлеуметтік сала болып
шығады жəне негізгі мақсат ретінде əлеуметтік оң пікірге қол жеткізу көзделеді.
(бұл кезде бір мезгілде пайда немес табыс табу мүмкіндігі де жоққа
шығарылмайды).
3. Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар
келесі түрлерге бөлінеді:
- тікелей (төте) инвестициялар, бұл кезде инвестицияландыру жəне ақша
құралдарын салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет
етіледі. Сонымен қатар инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне
тартылады, оның ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулерге,
инвестицияландыру объектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім
өндірісіне. Халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша, егер
акционерлік қоғамның жарғылық капиталының кем дегенде 25%-ы шетел
инвестордың меншігінде болса, онда шетелдік инвестициялар төте
инвестициялар болып саналады. АҚШ, РФ заңдары бойынша жарғылық
капиталдың шетелдік инвесторға тиесілі мөлшері 10% - дан кем емес, ЕО
елдерінде – 20 - 25%, Канада, Австралия жəне Жаңа Зеландия елдерінің
заңымен - 50%.
- жанама (қоржындық), бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым
тиімді орналастыратын жəне аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық
делдалдар арқылы (инвестициялық қорлар жəне компаниялар) жүзеге асырады.
Мұндай делдалдар инвестицияландыру объектілерін басқаруға қатысады, ал
алатын табыстарын клиенттері арасында бөледіұ. Тұтас басқарылатын құнды
қағаздарға салынатын салынымдарды портфельдік деп те атайды.
4. Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мынадай
3 түрге бөлуге болады. Олар:
494
- қысқа мерзімді, ұзақтығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді
депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар);
- орташа мерзімді 1жылдан 5 жылға дейін;
- ұзақ мерзімді 5 жылдан астам.
5. Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:
- азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кəсіпорындардың,
өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;
- мемлекеттік (бюджеттік), ол түрлі деңгейдегі кəсіпорындар мен
мекемелердің бюджет көздерінен қаржыландырылады.
Мемлекеттік инвестициялардың жеке инвестициялардан айырмашылығы
мынада: 1) мемлекеттік инвестициялар көздері бюджеттік қаражат болып
табылады; 2) мемлекеттік инвестициялар қайтарымдық жəне ақылы түрде
жүзеге асырылады; 3) мемлекеттік инвестициялароларды берудің негіздемесін
жəне тəртібін мемлекет белгілейтіндігімен сипатталады; 4) мемлекеттік
инвестициялардың көлемі мен мөлшері мемлекеттік бюджеттің бекітілуіне
байланысты;5) мемлекеттік инвестициялардың мақсатты пайдаланылуына
мемлекет бақылау жасайды; 6) мемлекеттік инвестициялар мемлекеттік қазына
мүлкімен қамтамасыз етіледі. Ал, жеке инвестициялардың басты ерекшеліктері
мынада: инвестициялардың көздерін, олардың көлемдері мен мөлшерлерін
инвестордың өзі белгілейді, ал мемлекет инвестордың құқықтарын мүмкін
болатын қолсұғушылықтан, оның ішінде мемлекеттік органдардың да қол
сұғуынан қорғауды қамтамасыз етеді.
6. Инвестордың қатысу түріне байланысты:
- қайта құрылып жатқан кəсіпорындарға жартылай қатысу немесе
шаруашылық жүргізіп отырған кəсіпорындардың бір бөлігін иелену (шектеулі
меншік қоғамына үлестік қатынас);
- инвестор толық иеленетін кəсіпорындарды құру немесе шаруашылық
жүргізіп жатқан кəсіпорындардыөз меншігіне алу;
- жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы
немесе басқа да құнды қағаздар түріне алу;
- табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да
мүліктік құқықтарға концессия алу.
7. Тəуекел дəрежесі бойынша:
- тəуекелі аз инвестициялар. Ол белгілі бір табыс табу мүмкіндігінің
жоғары дəрежесін негізге ала отырып, қауіпсіз деп танылған инвестициялар,
алайда өзінің айрықша кепілділігіне байланысты, инвестициялардың басқа
түрлерімен салыстырғанда, олардың табыстылығы төмен (дамыған елдерде
бұл– мемлекеттік бағалы қағаздарға, жетекші жəне беделді компаниялардың
акцияларына салынған салымдар).
- тəуекелі жоғары инвестициялар. Ол белгілі бір табыс табу мүмкіндігінің
төмен дəрежесін негізге ала отырып, алыпсатарлық деп танылған
495
инвестициялар. Инвестициялау жəне алыпсатарлық – бұл, жалпы алғанда,
инвестициялық қызметке деген бір– біріне қарама– қайшы екі кереғар түсінік.
Халықаралық тəжірибеде олардың арасын ажырату инвестициялық табыстың
қаншалықты жорамалды жəне күтілетін нəтижесіне байланысты болады:
инвестициялау барысында сатып алынып жатқан бағалы қағаздардың құны
орнықты болып қала береді жəне олар табыс əкеледі деген толық сенімділік
сақталады, ал алып сатарлықта мұндай сенімділік жоқ. Алыпсатарлық
инвестицияларды жүзеге асыру барысында тəуекелдік жоғары болып тұрғанда,
көбірек табыс табу да көзделеді.
Инвестициялармен байланысты тəуекел немесе белгісіздік дəрежесі,
мысалы,
уақыт,
салыным
объектісі
сияқты
факторларға
тəуелді.
Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кəсіпорынның жұмыс істеу
нəтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың мерзіміне жəне жобаның масштабы
мен оның мақсаттарына тəуелді, сондықтан қауіптіліктің дəрежесі нарықтың
мүмкін болатын əрекетін шеше алмау болып табылады (жаңа өнім түрін құру,
өндіріс шығындарын төмендету, сату көлемін кеңейту, мемлекеттік
тапсырыстарды орындау жəне т.б.). Дəрежені бағалау критерийлері мыналар
болуы мүмкін:
- барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тəуекелдің орын алуы мүмкін;
- жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік табысты
жоғалту мүмкіндігі. Тəуекел дағдарысты болып табылады;
- барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі жəне инвестордың банкротқа
ұшырауы немесе апаттық тəуекел.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, егер бағалы қағаздардың қазақстандық
нарығы туралы айтсақ, онда қазақстандық кəсіпорындардың бағалы
қағаздарына инвестициялар салудың жеткілікті дəрежеде тəуекелді іс екені
аңғарылады. Біздің еліміздің азаматтарының отандық қаржы жəне экономика
институттарына деген орнығып қалған сенімсіздігін жою үшін, көп жылдар
бойы адалдықпен тер төгіп, қызмет ету керек.
Əлемдік тəжірибеде ғылыми –техникалық зерттеулерге, жаңалық ашуға
жіне өнертабыстарға кредит беруге жəне қаржыландыруға байланысты
венчурлік операциялар аса тəуекелді болып саналады. Тəуекелдіктің жоғары
дəрежесіне қарамастан, венчурлік бизнес шетелдік мемлекеттерде ,ғылым мен
техниканың дамуына септігін тигізеді, бірақ бұл, негізінен, іргелі ғылымның
емес, қолданбалы ғылымның дамуын қамтамасыз ететінін айта кету керек.
8. Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы
мүмкін:
- жаңа алаңдарда жəне бастапқыда бекітілген жоба бойынша іске асып
жатқан жаңа құрылыстар немесе кəсіпорындардың, ғимараттардың салынуы;
- шаруашылық жүргізіп отырған кəсіпорындардың кеңеюі – өндіріс
қуаттылығын
арттыру
мақсатымен
шаруашылық
жүргізіп
отырған
496
кəсіпорындардың екінші жəне келесі кезектерін, қосымша өндіріс кешендерін
жəне өндірістерді, жаңа кəсіпорындарды салу немесе қызмет етіп жүрген
кəсіпорындарды кеңейту;
- шаруашылық жүргізіп жүрген кəсіпорынды қайтв құру – моральды тұрып
қалған жəне физикалық жағынан тозған қондырғыларды ауыстыру арқылы жаңа
өнімнің шығарылуының профилін өзгерту мақсатымен өндірісті толық немесе
жартылай қайта жабдықтауды ортақ жоба бойынша жүзеге асыру;
- техникалық қайта қамтамасыздандыру – жекелеген цехтардың,
өндірістердің, учаскелердің өндірісінің техникалық – экономикалық
деңгейлерін арттыруға бағытталған шара кешендерін жүргізу.
9. Субъектілік белгісі бойынша инвестиция 2 түрге бөлінеді:
- шетелдік;
- ұлттық.
Шетелдік жəне ұлттық инвестицияларға бөлудің жалпыға ортақ белгісі
болып мынадай ұстаным танылады: инвестициялар инвестордың елінде немесе
басқс бір елде жүзеге асырылады. Екеуінің айырмашылығы олардың құқықтық
мəртебесінде. Мысалы: мемлекет жаңа инвестициялық заң қабылдаса, шетелдік
инвесторлардың келісімдерінің мерзімі аяқталғанға дейін, олардағы шарттар
жəне қарастырылған жеңілдіктер мен артықшылықтар өзгеріссіз қала береді.
Ал, ұлттық инвесторлардікі өзгереді.
Инвестицияның ұсынылған жіктелуі қазіргі заманның инвестициялық
жобалау концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан процестерді
жан – жақты бағалау үшін қажет. Бұл жерде құқықтық жағынан да аса маңызды
болып есептеледі. Оларды айқын заңдық түрде орнықтыру жəне икемді қолдану
республикада қолайлы инвестициялық жағдайды орнатуға жəне жүріп жатқан
инвестициялық жобалардың тиімділігін арттыруға септігін тигізетіні анық.
Көптеген ғалымдардың пікірінше инвестициялық құқық кешенді құқық
немесе кешенді заңнама саласы болып табылады (Асосков А.В., Богатырев А.Г.,
Гончаров П.П., Доронина Н.Г., Кулагин М.И. жəне тағы басқалар). Бұлардың
кейбірі инвестициялық құқықты кешенді құқық саласына жатқызса, кейбірі
керісінше, инвестициялық құқық тек кешенді заңнама саласы болып табылады
дейді.
Өзімізге белгілі, құқықтың кешенділігі идеясын алғаш рет кеңестік ғалым
В.К.Райхер ұсынған болатын. Оның пікірінше, кешенді құқық саласы негізгі
құқық салаларына қарағанда белгілі бір саладағы жеткілікті құқық
нормаларының болуымен, осы салаға қатысты саяси, шаруашылық немесе өзге
де маңызды мəселелердің көптігімен түсіндіріледі. Сонымен қатар С.С.Алексеев
те өзінің «Структура советского право» деген еңбегінде, құқық жүйесінде
екінші қатарлы, бір-бірімен өзара үйлестірілген нормалардан тұратын кешенді,
туынды, яғни арнайы «еңбек» құрылымдар бар, дейді.
497
Құқықтың кешенді саласының мəселесі бүгінгі күні де даулы мəселе
болып отыр. Өйткені құқық ғылымында мұндай дербес құқықтық
құрылымдардың бар екендігін сенімді түрде негіздейтін дəлелдемелер жоқ
деуге болады, өйткені олардың өзіндік пəні мен реттееу əдісі жоқ. Бұл нормалар
құқықтың негізгі салаларының қолданыс аясына кіреді, сондықтан олардың
мұнда белгілі бір нормативтік массивке енуінің салдары олардың қандай да бір
басқа саланың нормасына айналуын тудырмайды.
Біздің ойымызша құқық саласы мен заңнама саласы əртүрлі құбылыс.
Құқық саласы құқық нормаларының белгілі бір жүйесін білдірсе жəне
құқықтың, оның құрамдас бөліктерінің объективті дамуының нəтижесі болып
табылса, екіншісі, яғни заңнама саласы заң шығарушының еркін білдіреді жəне
өзіне əр-түрлі салаларға жататын нормативтік актілерді «сіңіреді».
Ресейлік ғалым В.Н.Лисицаның пікірінше, инвестициялық құқық дербес
пəнге жəне реттеу əдістеріне ие емес, сондықтан дербес құқық саласы ретінде
қарастырылуы мүмкін емес, ол əртүрлі нормативтік құқықтық актілердегі жеке
жəне жария құқықтық сипаттағы нормалардың бірігуі нəтижесіндегі
нормативтік жиынтық (салааралық құқықтық құрылым) ретінде құрылады,
дейді.
Бұл пікірлермен келіспеуге де болмайды, өйткені инвестициялық
заңдарды кодификациялаудың объективті негіздемелері де бар. Біріншіден,
инвестициялық қатынастарды реттеуге бағытталған көптеген жекелеген
заңдардың болуы, олар тіпті əртүрлі мақсаттар көздеп, кейде бір біріне қайшы
келіп жатады; екіншіден, инвестициялық қатынастарды реттеуде заңдардың
жалпы жəне арнайы заңдарға бөлінуі; үшіншіден, инвестициялық қатынастарды
жария жəне жеке құқықтық əдістердің ұтымды үйлесімді реттеудің
қажжеттілігі;
төртіншіден,
инвестициялық
заңдардың
Қазақстан
Республикасының кодификацияланған актілермен сəйкестендірудің қажеттілігі;
бесіншіден, инвестициялық қызметті экономикалық даму үшін мемлекеттік
қолдауды
жүйеге
келтіру;
алтыншыдан,
инвестициялық
заңдардың
тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Жоғарыда келтірілген пікірлердің кейбірімен ғана келісе отырып, біз
инвестициялық құқықты кешенді құқық саласы деп қарастырамыз, өйткені
бүгінгі қоғамдық қатынастардың күрделене түсуі, құқық нормаларының да
күрделі жəне кешенді сипат алуына алып келуде. Инвестициялық қатынастар əр
салалы сипатқа ие, сондай-ақ оларды құқықтық реттеу азаматтық, əкімшілік,
қаржылық-құқықтық құралдармен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, инвестициялық құқық тек қана азаматтық құқық не
əкімшілік құқық немесе қаржылық құқық нормаларымен дербес реттеліне
алмайды. Олар бір-бірімен тығыз байланысты жəне жеке жəне жария құқықтың
реттеу əдістерін қолдана отырып, арнайы нормалармен реттелінуі тиіс. Осыған
байланысты В.С.Белыхпен келіспеуге болмайды, ол: «бүгінгі күні кəсіпкерлік
498
саласындағы қатынастарды, мысалы кейде тек азаматтық құқықпен не əкімшілік
құқықпен ретелінетін қатынастар деп бөлуге болмайды... Оларды салалық
белгілері бойынша ажырату қиындақ тудырмайды. Мəселе басқада, азаматтық
заңдарды цивилистік «тұлғасын» сақтау мақсатында өзге нормалардан
«тазалауға» бола ма?», дейді.
Ғылымда инвестициялық қатынастардың аясын жеке жəне жария құқық
тұрғысынан бөлуге талпыныстар жасалынды. Мəселен, А.Г. Богатыревтың
пікірінше, жеке құқықтық реттеудің пəні инвестициялық қатынастар
субъектілерінің ұйымдық-құқықтық нысандарын анықтаудан тұрса, ал жария
құқықтық реттеу – мемлекет тарапынан қорғау мен құқықтық кепілдіктерді
қамтамасыз етуден тұрады (билік-бағыну қатынасында). Ал Н.Г. Доронинаның
көзқарасы бойынша, жария құқықтың нормалары мемлекет пен жеке
инвесторлардың арасындағы шетелдік инвестицияларға рұқсат беру, сонымен
қатар ұлттық нарықтағы инвестордың қызметін бəсекелестік туралы
заңдарының шеңберінде мемлекеттік бақылау жасаумен байланысты пайда
болатын қатынастарды реттейді. Я.О. Золоеваның пікірінше, жария құқықтың
нормалары, мəселен шетелдік инвесторларды кіргізуге рұқсат берсе, азаматтық
құқықтың
нормалары
нарықтық
қатынастардың
бөлігі
ретінде
инвестициялардың, инвестициялық қызметтің əртүрлі нысандарын реттеу
тəртібін анықтайды [40].
Біздің ойымызша, азаматтық (жеке) жəне əкімшілік (жария) құқықтың
қолданыс аясын бұлай бөліп қарау толық ашылған мəселе емес. Азаматтық
құқық тараптардың құқықтық теңдігіне негізделген азаматтардың азаматтық
айналымның өзге қатысушыларымен кез келген мүліктік жəне мүліктік емес
қатынастарын реттейді. Ол осы аядағы кепілдіктерді де бекітеді. Əкімшілік
немесе бір тараптың біріне бағыныштылық қатынастардың болуы
(инвестициялық қызметке мемлекеттің кепілдік беруі, инвесторларды
мемлекеттік қолдаудың шекткерін бекіту жəне тағы басқалар) əкімшілік
құқықтық қатынастардың бар екендігін көрсетеді.
Мəселе мынада, əлі күнге дейін инвестициялық құқықта қандай нормалар
басымдылыққа ие деген сұрақта ғылымда əлі жауап жоқ. Бірқатар ғалымдар
(А.Г.Богатырев, П.П.Гончаров) жария құқықтың нормаларына басымдылық
берсе, бірқатары (А.В.Майфат) жеке құқық нормаларына басымдылық береді.
Біздің ойымызша мəселені бұлай қою дұрыс емес. Өйткені инвестор азаматтық
та, əкімшілік те болатын əртүрлі қатынастарға түседі. Императивтік нормалар
тек жария құқықта ғана емес, жеке құқықта да орын алады.
Олардың
қолданыс аясы да əрқилы. Азаматтық құқық инвестицияларды салуға
байланысты қатынастарды реттеуде жетекші рөлге ие болса, жария құқық бір
жағынан əртүрлі талаптар мен шектеулерді бекіте отырып, екінші жағынан
инвесторлар мен инвестициялық құқықтық қатынастардың өзге де
қатысушыларын құқықтық қолдауды, жеке жəне заңды тұлғалардың
499
инвестициялық қызметін жүргізуде өздерінің субъективтік құқықтарын
толыққанды жүзеге асыруына жағдайлар жасау жəне азамат пен қоғамның
мүдделерін қорғау мақсатын көздейді.
Алайда, бүгінгі күні инвестициялық қызметке рұқсат беруді жүзеге асыру,
инвестициялықт қатынастарды құқықтық реттеудің барлық ерекшеліктерін
білдірмейді. Өйткені инвестициялық қатынастардағы инвестициялық қызметті
жүзеге асыру кезіндегі шарттық нысандардың, инвсторлардың құқықтары мен
міндеттерінің сан қырлы болуы, инвестициялық қатынастарды кең көлемде
реттеуді, диспозитивті де жəне императивті де əдістерді қолданып əсер етуді
талап етеді.
Мəселен үлестік үй соғуда үлескер бірқатар құқықтарға ие болса,
құрылысты жүргізуші компания өзіне бірқатар міндеттемелер алады. Елімізде
мұндай инвестициялық қатынастардың соңғы кезде кең етек жайғаны белгілі.
Егер құрылыс компаниясы өз міндеттемесін орындаса жақсы, дегенмен
өкінішке орай көбінесе құрылыс компаниясы өз міндеттемесін орындамау
оқйғалары көбеюде. Бір жағынан қарағанда бұл таза азаматтық-құқықтық
қатынас, бірақ мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау мақсатында бұл
қатынастарды реттеуде бірқатар императивті əдістерді қолдануға мəжбүр. Тіпті
құрылысты мемлекет қаржысымен аяқтауға мəжбүр болып отыр. Бұл жағдай
қоғамдық мүддеге негізделген жəне азаматтық заңнаманың негізгі бастауларына
қайшы келмейді деп ойлаймыз. Өйткені, біріншіден, қарастырылып отырған
жағдайда мемлекет инвестициялық қызметке əртүрлі нысанда қатыса алады.
Мұндай объектілерге мемлекеттік бюджеттің қаржысын сала отырып, мемлекет
бір жағынан азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етсе, екінші жағынан жеке
тұлғалардың мүлкіне салынатын салық базасын ұлғайтады. Екіншіден,
мемлекет əлеуметтік саясатты тиімді шешуге қатысады.
Инвестициялық құқықтың құқықтық реттелу пəні инвестициялық əрекетті
жүзеге асыру кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Инвестициялар –
бұл инвестициялық құқықта оларды пайдаланумен байланысты барлық
қоғамдық қатынастарды біріктіретін бастама.
Инвестициялық əрекетті жүзеге асыру кезінде туындайтын қоғамдық
қатынастар түрлі болып келеді – бұл Қазақстан Республикасындағы
инвестициялармен жəне шетелдегі инвестициялармен байланысты болатын
қатынастар; несие берумен байланысты қатынастар; еркін экономикалық
аумақтардағы инвестициялармен байланысты қатынастар жəне т.с.с.
Жекеленген топтар мемлекеттік инвеситцияларды жүзеге асыру кезінде пайда
болатын жəне құнды қағаздар нарығында туындайтын қатынастарды құрайды.
Əдетте, құқықтық реттелудің екі негізгі əдістері бар – жалпы жəне нақты
(салалық). Жалпы əдіс – бұл қоғамдық қатынастарға арнаулы нормативті
құралдармен ықпал етудің жиынтығы, салалық – бұл берілген саламен
реттелетін құқықтық қатынас субъектілерінің мүмкін жəне міндетті мінез –
500
құлқының қалыптасуына бағытталған, қоғамдық қатынастарға ететін заңда
əдістердің, құралдар мен амалдардың жиынтығы. Салалық əдістерге
императивті жəне деспозитивті əдістер жатады.
Енді инвестициялық құқықтың қағидаларына байланысты өз ойымызды
айтып өтсек. Инвестициялық құқықтың маңызды қағидаларының бірі –
инвестициялық құқық субъектілерінің теңдігі. Бұл қағида мынаны білдіреді:
инвестициялық əрекетті жүзеге асыруда инвесторлардың құқықтары бірдей
болады. Келесі қағидалардың бірі шарттың еркіндігі. Тағы бір маңызды
қағиданың бірі – инвестормен өзінің əрекетін жүзеге асырудың дербестігі, яғни
инвестор инвестицияның объектілері мен нəтижесіне ие болуға, оны
пайдалануға жəне боған билік етуге құқықты, сондай-ақ инвестордың ішкі
шаруашылық қызметіне мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың
араласпауын білдіреді. Инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғау қағидасы – инвесторларды, кірістіреді, инвесторлардың құқықтары мен
мүдделерін қорғау бойынша мемлекеттің кепілдігін білдіреді.
Жоғалыда айтылғандарды тұжырымдай келе инвестициялық құқықты
жалпы жəне ерекше бөлімдерден тұрады деп бөлуге болады.
Жалпы бөлімде келесі құқықтық институттар берілген: инвестициялық
қатынастарды мемлекеттік реттеу, инвестициялық құқытық қатынастар
(субъектілері,
объектілері
жəне
мазмұны);
инвестицияларды
қорғау
(кепілдіктер); инвестициялық шарт (түсінігі, бекіту тəртібі, шартты өзгерту
жəне бұзу); инвестициялық қызметті ұйымдастырудың құқықтық нысандары.
Инвестицияның ерекше бөлімінде инвестициялық қызметтің түсінігі мен
түрлері; инвестициялық қызметті лицензиялау; инвестициялық қызмет
аумағындағы салық салу; инвестицияларды басқару; инвестиция аясындағы
несиелендіру; инвестициялық жоба; инвестициялық жобалардың мемлекеттік
сараптама; инвестицялық тəуекелді сақтандыру; инвестицияның жеке түрлері;
инвестициялық шарттардың түрлері; инвестициялық қызмет аясындағы
міндеттемелер; инвестициялық дауларды шешу; инвестициялық заңнаманы
бұзғаны үшін жауапкершілік көрсетілген. Осы жерде, жер қойнауына
инвестициялар салуды құқықтық реттеу, бағалы қағаздарға инвестициялар
салуды құқықтық реттеу, санаткерлік меншік объектілеріне инвестициялауды
құқықтық реттеу (А.Г.Богатырев пікірінше, инвестициялаудың объектілеріне
байланысты оларды құқықтық реттеуді ерекше бөлімнің институты ретінде
қарау керек).
Ойымызды қорытындыласақ, инвестициялық қатынастарды мемлекет
құқықтық реттей отырып, инвестициялық əрекет субъектілеріне ықпал ету
нысандары мен əдістерін қолданады. Ал өз кезегінде мемлекет инвестициялық
501
қатынастарды арнаулы мемлекеттік органдар арқылы өз қызметтерінің шегінде
реттеуге қатысады.
Жалпы алғанда, инвестицияларды, соның ішінде шетелдік инвестициялық
реттеудің үш деңгейі қолданылады, олар:
1) Халықаралық – құқықтық реттеу;
2) Аймақтық реттеу;
3) Ұлттық – құқықтық (мемелекеттік) реттеу.
Сонымен қатар, көптеген ғалымдар(Горягин А.А., Гущин В.В. жəне т.б.)
инвестицияларды мемелекеттік реттеудің екі құрамдас бөлігін анықтап
белгіленген:
- тікелей мемлекеттік реттеу – мемлекеттік инвестиция аясында; жер
қойнауын райдалану аясында пайдалану аясында; мемлекеттік меншік
объектілерін жекешелендіру аясында; қаржылық жəне несие саясатын жүргізу
аясында, сондай-ақ салық саясатын жүргізу аясында жүзеге асырылады.
- Инвестиицииялық процестерді жанама реттеу, яғни мемлекетпен
инвесторлардың құқықтарының кепілдігін, мемлекетпен қамтамасыз етуді,
сондай-ақ инвестицияны қолдануды жүзеге асыру аясында.
Достарыңызбен бөлісу: |