18.4 Сақтандыру қызметінің тəсілдері жəне жүйесі
Қоғамның дамуының объективті факторларының бірі, бұл өздерінің белгілі
себеппен қоғамдық жұмысқа қатыспайтын, жəне өз күнін еңбекақы арқылы көре
алмайтын тұлғаларды материалды қамтамасыз ету қажеттілігі болып табылады.
Еңбекке қабілетсіз немесе түрлі себептермен оны іске асыра алмайтын қоғам
мүшелерін асырауға құрылған валдық өнімнің қоғам, арнайы мұндай
мақсаттарға бағытталған бөлігі қолданылады. Тауарлы-ақшалы қатынастарды
жүйелеу шартында, бұл қоғамдық өнімнің бөлігі белгілі ақша қорларының
құрылуы мен қолдануы арқылы қолданылады.
Берілген тұлғаларды материалдық қамтамасыз етуге арналған ақша
қаражаттары қоры қатынастар жүйесі арқылы құрылып шығындалады, жəне бұл
əлеуметтік сақтандыру болып табылады.
Əлеуметтік сақтандыру жүйе секілді мемлекет арқылы реттеледі,
капитализм кезінде құрылып, оның дамуының объективті талаптары мен
қажеттіліктерін көрсетеді. Кейіндегі əлеуметтік сақтандырудың орны мен рөлі
мəнді түрде өседі, бұл деген талап етілетін қызмет көрсетулердің саны мен
сапасының көбеюін жəне олардың құнының өсуімен байланысты мемлекеттің
əлеуметтік қызмет шегінің кеңеюін білдіреді.
Əлеуметтік-саясаттық аспектіде əлеуметтік сақтандыру қартайған кездегі,
ауырған жағдайда, толық немесе бөлшекті еңбек қабілеттілігін жоғалтқан
жағдайда немесе туғаннан болмауы, асыраушыдан айырылып қалған жағдайда,
жұмыссыздық кезіндегі материалдық қамтамасыздығына азаматтардың
конституциялық құқығын іске асыру тəсілін ұсынады. Алынатын қаражаттар
мөлшері еңбек стажының көптігіне, еңбек төлеміне, еңбек қабілеттілігін
жоғалту дəрежесі мен мүгедеттілігіне байланысты болады жəне əрекет ететін
заңдылықпен реттеледі.
Əлеуметтік сақтандыру ұйымы келесі негізгі қағидаларға сүйенеді.
Əлеуметтік сақтандыру бойынша азаматтарды бүкіл жалпы қамтамасыз ету,
467
сонымен қатар, бөлігінің көбі кəсіпорын, ұйымдар мен мемлекеттің
қаражаттарынан болып, жалпы тұлғалардың, еңбек коллективтерінің жəне
жалпы қоғамның талаптары əлеуметтік сақтандыру қаражаттарын қолдану
кезіндегі келісулері, ақырғыларды еңбекшілер ұйымы арқылы бақылау.
Əлеуметтік сақтандыру өзін өзі басқарудың бастамасынан құрылады, басқа
қоғамдық ұйымдардың сəйкес мақсаттық қорларын құру мен қолдануындағы
професионалдық одағының белсенді рөлін болжайды. [25]
Əлеуметтік сақтандырудың маңызды мақсаты еңбек ресурстарын өндіру
үшін қажетті жағдайларды құру болып табылады.
Біріншіден, əлеуметтік сақтандыру қорынан ұсынылған материалдың
қамтамасыздығы, медициналық қызмет көрсету қоғамның еңбекке қабілетсіз
мүшелеріне еңбек қабілеттілігін қайта құруына көмектеседі жəне оларды түрлі
саладағы жəне халықтық шаруашылығындағы сферасындағы белсенді
қызметіне оралуына көмектеседі. Мүгедекті тіркеу, оларға қоғамды пайдалы
жұмыспен айналысуға мүмкіндік туғызуы сол сияқты жұмыспен қамтылуды
қамтамасыз
етеді,
мемлекеттің
сəйкес
əлеуметтік
бағдарламаларын
қаржыландыру
көздеріне
деген
жүктемесін
жеңілдетеді.
Зейнеттік
қамтамассыздандыру келесі түрде құрылады, бұл деген, зейнеттік жастағы
тұлғалар арқылы қатысты түрде еңбек ресурстарының кеңейтіліне қол жеткізу,
кңбекке қабілетті азаматтардың ұрпақтарының ауысымға келуі, оны нақты
салалар бойынша территориялар, экономика сферасы бойынша орналастыру.
Екіншіден, əлеуметтік сақтандыру қаражаттары арқылы уақытша
жұмыссыз қалған тұлғалар өмір сүреді, сол сияқты олардың қайта оқытулары
мен қайда мамандану іске асырылады. Нарықтық экономика шегінде дамып
келе жатқан ғылыми технологиялық революция нəтижесінде, уақытша
жұмыссыз тұлғалардың ақшалай төлемдері үнемі жоғарлатып отыруын талап
етеді, жəне олардың материалдық көмегімен жұмысқа орналастыру бойынша
əлеуметтік бағдарламаларын кеңейту. Берілген əлеуметтік сақтандыру облысы
қазіргі уақытта еңбек ресурстарын өндіру процессін іске асырудағы ең негізгі
шарты ретінде көрініс табады.
Сонымен қатар əлеуметтік сақтандыру бұл адам индивидуум жəне жеке
тұлға ретінде өмір сүретін əлеуметтік сферадағы мемлекет саясатының мəнді
бөлігі. Əлеуметтік сақтандырудың негізделген жүйесі - қоғамдағы əлеуметтік
əділеттілігінің қамтамасыздығының, саясаттың тұрақтылықты құру мен ұстап
тұрудың бастапқы белгілерінің бірі.
Сол сияқты, əлеуметтік сақтандыру арқылы қоғам келесі мəселелерді
шешеді:
- Еңбекке қабілетсіз жəне жұмыс процессіне қатыспайтын тұлғаларды
асыраумен байланысты шығындарды жабуға пайдаланатын ақшалай қорлары
құрылады;
- Еңбек ресурстарының қажетті құрылысы мен санын қамтамасыз етеді,
468
жəне сол сияқты қоғам дамуының белгілі сатысындағы объективті
қажеттіліктерге сəйкес оларды орналастыру;
- Қоғамның жұмыс істейтін жəне жұмыс істемейтін жəне жұмыс
істемейтіндердің
материалдық
қамтамасыздығындағы
деңгейлерінің
арасындағы айырмашылықты қысқарту;
- Жұмыс процессіне қатыспайтын, тұрғын елдерінің түрлі əлеуметтік
топтарының өмірлік деңгейін түзетуде қол жеткізу;
- Əлеуметтік сақтандыру жүйесі 2 бөліктен тұрады: біріншісі
жұмысшылардың еңбекке қабілеттілігін қайта құрып жəне сақтауды қамтамасыз
етуге арналған, сонын ішінде, денсаулық сақтау іс шараларын жүргізу; екіншісі
еңбек қабілеттілігін жоғалтқан немесе мүлдем болмаған тұлғаларды материалды
қамтамасыз етуіне кепілдік береді. Əлеуметтік сақтандырудың белгілі
бөліктерінің материалды негізі ретінде сəйкес белгілі бағытта қолданылатын
ақша қорлары əрекет етеді.
Əлеуметтік сақтандыру қорының құрылу мен қолдану процессінің іске
асырылуы кеңейтілген қайта өндірістік объективті заңдарының талаптарына
сəйкес орындалады. Дəл осы объективті заңдар тұлғалар қажеттіліктерін
қаржыландыру үшін қорларды құруды талап етеді, нақты төлемдер мен
жеңілдіктерді қарастырады. Құндылық заңының əрекет етуі білім алудың ақша
формасы мен қордың зейнетақы, жəрдемақы, төлемдер, мақсатты
қаржыландыру шығындарын түсіндіреді, экономиканы мемелекеттік реттеу
қажеттілігі
жалпы
мемлекеттік
көлемдегі
қордың
мəнді
бөлігінің
орталықтандырылуын анықтайды, қабылданған нормативті құжаттарға сəйкес
олардың жүйеленуі орындалады.
Əлеуметтік сақтандыру қорын құру мен қолдану бойынша қатынасы
қаржының органикалық бөлігі болып табылады жəне ұлттық табысты таратуда
қатысып, еңбекке қатыспайтын, еңбекке қабілетсіз тұлғалардың қажеттіліктерін
қаржыландыру үшін арналған, олардың бөлігі бірігіп тұтыну қорларындағы
мақсаттық ақша қорларына бөлінеді. Қатынастар субъектілері: мемлекет,
кəсіпорын жəне əртүрлі меншік формаларының ұйымдары, жұмысшылардың
профессионалды одағы, тұрғындар.
Сол уақытта бұл реттемелі қатынастар əлеуметтік сақтандырудың жүйелі
мəнəін көрсететін спецификалық қырларға ие.
Біріншіден, əлеуметтік сақтандыру қорының құрылуы мен қолдануы
бойынша қатынастары бойынша, ұлттық табыстың сəйкес бөлігі іске
асырылады, яғни нақты пайдаға айналады.
Екіншіден, қаржының басқа аудандарына қарағанда əлеуметтік
сақтандыруда алғашқы жəне екінші орналастыру шегі қатаң бақыланады.
Алғашқы тарату қорлардың ұйымдар, кəсіпорындар табысынан арнайы
алымдарынан құрылған қорлар фазасы үшін мінезді болып табылады.
469
Мемлекеттік бюджет қаражатын тарту, келесі əлеуметтік сақтандыру
қорларының шығындары қайта тарату облысына жатады.
Үшіншіден, берілген қаржылық қатынастар сферасы мемлекет арқылы
белсенді реттеледі. Орталықтанған қорлар тізімі, олардың мəні, қолдану ауданы,
құрылу көздері мен шығындану бағыттары мемлекеттік актілермен анықталады,
жəне əрекет етуі түрлі меншік формаларына таратылады. Сонымен қатар,
əлеуметтік сақтандыру қорының жүйеленуі қоғамдық ұйымдардың белсенді
қатысуымен орындалады: професссионалды одақтар, кооперативтілердің кеңесі,
акционерлі ұйымдарының, қоғамдық органдар.
Төртіншіден, əлеуметтік сақтандыру қорлары сақтандыру əдісімен
құрылады, яғни, кəсіпорындар, ұйымдар, мекеме жəне азаматтардың
сақтандыру кепілдіктері арқылы. Қорлар белгілі жағдай туу жағдайына
құрылған: ауру, кездейсоқ жағдай жұмыстан айырылу жəне тағы басқа,
осылардың нəтижесінде адам еңбек процессінде уақытша немесе тұрақты
уақыт бойы қатыспайды.
Сол сияқты, қаржылық категория секілді əлеуметтік сақтандыру қоғамдық
еңбекке қатыспайтын тұлғаларды асырауға арналған қорларды құру мен
қолдану мақсатымен ұлттық табысты тарату мен қайта таратумен бойынша
ақша қаражаттар бөлігін өкілдік етеді.
Əлеуметтік сақтандыру қаражаттары түрлі пішінде шығындалады, адамның
еңбекке қатыспау себептеріне сəйкес, жəне халықтың əлеуметік статусының
ерекшеліктеріне назар аударылады.
Сақтандыру компаниясының қаржылық-шаруашылық қызметінің маңызды
бағыты сақтандыру резерві жəне меншік капиталының қаражаттарын
инвестициялау болып табылады. Жинақтаушы сақтандыру арқылы жиналған
сақтандыру сыйақысының бір бөлігін инвестициялау сақтандыру келісім-
шарттарын орындаудың қажетті элементі. Сақтандырудың тəуекелді түрлері (ең
алдымен мүліктік тəуекелден сақтандыру) бойынша сақтандыру сыйақысын
инвестициялау табыстың қосымша жəне елеулі көзі болып табылады.
Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиясында: "Салауатты
тұрмыс құрып, сол арқылы балаларына үлгі көрсетіп отырған ата-аналарды
айрықша атап көрсету қажет. Мен компаниялар мен жұмыс берушілерге осы
тұрғыдан көтермелеудің тиісті нысандарын іздестіруді ұсынар едім. Елімізде
жыл сайын 200 мың аборт жасалады. Қоғамда абортқа тыйым салу керек пе,
жоқ па деген мəселе пікір таласына түсуі керек. Мұндай өте нəзік мəселеде де,
басқа мəселелерде де мен көпшілікті қолдаймын. Қандай жағдайда да, əйелдің
өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін отбасын жоспарлаудың өркениетті
жолына түсуіміз керек. Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар
мен жеткіншек ұрпаққа, сондай-ақ жас отбасыларға көңіл бөлуді күшейтуге
тиіспіз. Жұмыс істейтін əйелдер үшін жүктілікті, босануды жəне аналық кезін
міндетті əлеуметтік сақтандыру енгізілсін. Бұл ретте декреттік демалыста жəне
470
бір жасқа толғанға дейін нəресте күтімі жөніндегі демалыста жүрген кезінде
олардың зейнетақылық жинақтаулары жүргізіле беруге тиіс",-деп аталып өткен
болатын.
Ал, ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына
Жолдауында сақтандыру саласына аса көңіл бөлініп «Жаңа салық саясаты
əлеуметтік бағыт алуға тиіс. Бұл үшін 2015 жылдан бастап ынталандыру
шаралары кешенін, соның ішінде білім беруге, өзін, өз отбасын, қызметкерлерін
медициналық сақтандыруға қаражат салатын азаматтар мен компанияларды
салықтан босату практикасын көздейтін ынталандыру кешенін əзірлеу қажет»
деп атап көрсетті.
Сақтандыру қызметінің жəне сақтандыру қызметі рыногының заман
талаптарына сай базасын құру,осы рыноктың негізгі субъектілерінің тиімді
қызмет атқаруларына жағдай жасау,сақтандыру рыногын мемлекеттік реттеу
мен қадағалаудың халықаралық стандарттарын енгізу арқылы ұттық сақтандыру
жүйесінің негіздерін жетілдіру мемлекеттің қазіргі кезеңдегі өзекті
проблемаларының ең елеулісі болып отыр.
Тағы бір айта кететін елеулі жайт,еліміздің сақтандыру заңдары саласының
айтарлықтай жетілдірілуі.Осы заңдардың қатары келешекте міндетті
медициналық сақтандыру,міндетті əлеуметтік сақтандыру жөнінде жəне басқа
да міндетті сақтандыру түрлері бойынша қабылданатын заңдармен
толықтырылатыны сөзсіз.Қазіргі таңда сақтандыру заңдары,сақтандыру ісі мен
сақтандыру қызметі саласында мемлекет тарапынан жасалынып жатқан шешуші
өркениетті қадамдарға қосар үлесіміз сақтандыру құқығының кешенді,күрделі
құқық саласы ретінде дамуын жетілдіру,оның жүйесінің құрылымын
сақтандыру заңдарына негіздеу, сол үшін көптеген құқықтық материалдар мен
экономикалық сипаттағы құжаттарды жиыстыру,ғылыми-ізденіс зерттеулер
жүргізу,теориялық негіздер мен тұжырымдарды қалыптастыру,дəлелдер келтіру
жəне іс-жүзінде пайдалануға қажетті нəтижелер алу сияқты іс-қимылдардан
көрініс табар деп ойлаймыз.
Бүгінде сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметін жəне сақтандыру
заңнамасының мəселелерін зерделеу, зерттеумен айналысатын ғалымдармен
практик мамандар осы сақтандыру құқығын сақтандырудың экономикалық,
заңи, ұйымдастыру, техникалық жəне əлеуметтік проблемелар тығыз араласқан,
өзекті теориялық практикалық мəселелері əлі де болса зерттелмеген, көп қырлы
əрі аса күрделі құқықтық құрылым ретінде сипаттауда. Осыған орай
сақтандыру құқығының ғылымы қазіргі заманғы ұлттық заңи зерттеудің
басымда əрі іргелі бағдарына-мағынасына айналуға тиіс.
Еліміздегі сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің,
азаматтардың жəне шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың
471
нақты құралы болатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық
сақтандыру рыногын қалыптастыру.
Қазіргі заманғы ұлтық сақтандыру жүйесін құру сақтандыру қызметі
рыногын сапалы жаңа деңгейде көтеру жөнінде шаралар əзірлеуді жəне кезең
кезеңімен іске асыруды талап етеді. Бұл қағида ҚР сақтандыруды дамытуды
мемлекеттік
бағдарламасының
шеңберінде
жүргізіледі.Онда
мынадай
міндеттерді шешу көзделіеген:
-əлеуметтік сақтандыру түрі ретіндегі сақтық қорғауды ұсынудың
қағидаттарын нақтылау;
-сақтандыруды қолдану аясын кеңейту жəне міндетті сақтандыру түрлерін
нақтылау;
-сақтандыру рыногының қазіргі заманғы инфроқұрылымын қалыптастыру
жəне қатысушыларының сақтандыру ұйымы,сақтандыру брокері,сақтандыру
агенті,сақтанушы, сақтандырылушы,пайда алушы,өзара сақтандыру қоғамы,
сақтандырумен байланысты кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңи
жəне жеке тұлғалардың қызметін ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
-халықаралық стандарттарды ескере отырып,сақтандыру қадағалауын
жүйесін қйымдастыру;
-сақтандыру
жəне
қайта
сақтандыру
ұйымдарының
қаржылық
орнықтылығы мен төлем қабілеттілігі бойынша талаптарды күшейту;
-осы заманғы сақтандыру технологиясын енгізуге жəрдемдесу;
-сақтандыру саласында кадрлар даярлау,қайта даярлау жəне біліктілігін
арртыру жүйесін ұйымдастыру.
Сақтандыруды дамыту, өз кезегінде,заңнамалық базаны,мемлекеттік салық
бюджет жəне ақша кредит саясатын жетілдіруге,сақтандыру қызметін қадағалау
сапасы мен сақтық ұйымдары жұмысының сенімділігіне пайда байланысты
болады.
Сонымен, сақтандыру құқығы Қазақстан Республикасындағы сақтандыру
ісі мен сақтандыру қызметін, ұлттық сақтандыру рыногын жəне сақтандыру
жүйесін ұйымдастыру, сондай-ақ оларды бүгінгі мемлекеттік саясат
басымдықтарына жəне халықаралық сақтандыру стандарттары ережелеріне сай
дамыту, өмір мен мүліктік сақтандырудың жаңа түрлерін, аннуитеттік,
міндетті жəне ерікті, оның ішінде мемлекеттің қолдауымен міндетті
сақтандыруды жүзеге асыру, мақсатты сақтандыру қорларын құру, мемлекеттік
жəне ерекше (жеке меншік) сақтандыру резервтерін қалыптастыру жəне
олардың қаражаттарын сақтандыру жағдайларының орын алуына байланысты
сақтандыру қорғаумен қамтылуға тиіс нақтылы тұлғалар (сақтанушылар) жəне
аумақтар бойынша бөлу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының,
сақтандыру рыногы субъектілері мен өзге де қатысушыларының қызметін
мемлекеттік қадағалау жəне реттеу барысында туындайтын кешенді сипатты
472
қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |