33
Лингвистиканың
өзекті мәселелері
Осынау жайдары мінез, ашық, жылы жүзді, ақкөңіл де алғыр
жанмен емен-жарқын тілдесіп, етене танысқаннан кейін
сыралғы құрбыларға айналып кеттік. Содан бері хабар үзбей,
жақсылығымызды бөлісіп, ғылымда да, өмірде де мүдделес,
ажырамас жақын жандарға айналған едік.
Жанар 1986-1990 жылдары А. Байтұрсынұлы атындағы
Тіл білімі институтында аспирантурада оқыды. Ол кезде дөкей
бір танысың болмаса, аспирантураға түсу қиынның қиыны
еді. Жанар өршіл мінезімен, алдына қойған мақсатына жету
жолындағы мақсат-мұраты мен арманын ту етіп, институт есігін
тоздыра жүре, ғылыми ортаға бейімделе, ондағы ұжыммен тез
тіл табыса отырып, аспирант атанды. Сол кездегі Институт
директоры, тіл корифейлерінің бірі әрі бірегейі, дара тұлға,
академик Ә. Қайдар: «Қызым, сен қайтпас қайсарлығыңның
арқасында түстің аспирантураға, өзіңді жақсы таныстырдың,
енді өзіңді ғылым жолында көрсете біл» деп батасын берген
еді. Жанар да күні бүгінге дейін: «Әбдуәли ағайға мың да бір
алғыс...» деп ризалығын білдіріп жүреді.
1993 жылы 28 мамырда Ахмет Байтұрсынұлы
атындағы Тіл білімі институты қабырғасында кандидаттық
диссертациясын абыроймен қорғап шықты. Тақырыбы –
«Абай шығармаларындағы араб және парсы сөздерінің
қолдану ерекшеліктері». Ғылыми жетекшісі – филология
ғылымдарының докторы, профессор Б.А.Әбілқасымов. Ресми
бірінші оппоненті – филология ғылымдарының докторы,
профессор Р.Ғ.Сыздықова. Ресми екінші оппонент – филология
ғылымдарының кандидаты, доцент, араб тілінің маманы –
М.Мәженова.
Диссертация жұмысы Абай поэзиясындағы араб
және парсы тілдерінен енген сөздерді зерттеуге арналған
еді. Жұмыстың мақсаты – араб, парсы сөздерін Абайдың
өз шығармаларында қолдану ерекшелігі болатын. Осыдан
келе негізгі міндеттерді баяндайды. Олар: араб және парсы
лексемаларын анықтау; араб және парсы тілінен енген сөздерді
ажырату критерийлерін белгілеу; араб, парсы сөздерінің қазақ
тілінің әсерінен мағыналық өзгеріске ұшырауын зерттеу; араб,
Лингвистиканың өзекті мәселелері
34
парсы сөздерінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық,
сөзжасамдық типтерін анықтау; араб, парсы сөздерінің
орфографиясын анықтау; араб, парсы сөздерінің фонетикалық
құрылымының өзгерісіне талдау жасау. Зерттеу жұмысының
жалпы жаңалығы – тұңғыш рет Абай шығармаларындағы араб
және парсы тілінен енген сөздердің толық көлемде анықталуы.
Диссертация қорғау барысында Жанар Жорабекқызы
өз зерттеу жұмысын жетік білетіні байқалды. Қойылған
сұрақтарды тәптіштеп тұрып сұрап алып, жазып алады да, іле-
шала нақты мысал-дәлелдермен қолмен қойғандай баяндап бере
қояды. Жұмыс сапасының жоғары екенін мойындаған ғалымдар
оның атына жылы сөздер айтты, тіпті қорғау үрдісі ғылыми
пікірталасқа ұласты. Ғалымдар тарапынан диссертантты
мақтаумен қатар, ескертпе, сыни пікірлер де айтылды. Ондайда
Жанар шыдамдылық танытып, сыпайы түрде ғана жауап беріп,
келіспейтін
тұстарын да дәлелдер келтіріп, ашық айтты.
Ұлы Абайды бір кісідей тереңдете зерттеп
жүрген Р.Ғ.Сыздықова: «Абай шығармаларының тілі»
монографиясында бәрі айтылған деп едім, шынтуайтқа
келгенде, Абай шығармаларындағы арабизмдерді араб тілінің
маманы зерттеу керек екеніне бүгін көзіміз жетті», – деп
жұмыстың құндылығына жоғары баға берді.
Аспирантурада оқып жүріп, Тіл тарихы бөлімінде кіші
ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер қызметін атқарды.
Ол бөлімде сол кезде тек ер кісілер жұмыс істейтін. Бір күні
Рабиға апай кіріп қалып: «Теке сасып отырушы едіңдер, қыз
келіп, гүлдей жайнап кетіпсіңдер, бөлімге сән кіріпті» деп
әзілдегені есімізде.
Ол кезде әр бөлімде бір-бір қара телефон. Жанарды да
сол телефон жанынан табуға болатын еді. Сонда Қ.Жұбановтың
үлкен ұлы, өлең шығаратын, суырып салма өнері бар ғалым
Есет Жұбанов ағай: «Жанардың телефоны сүлік қара,
Сөйлегенде Жанарға күліп қара!» деп әзілдейтін.
Жанар Жорабекқызының ауыз толтырып, мақтана айтар
жұмысының бірі – Ахмет Байтұрсыновтың 1992 жылы жарық