Лингвистиканың
өзекті мәселелері
8
типтік бағдарламаның авторы. Ж.Ж.Есеналиева қазақ тілінен
электрондық оқулықтың авторларының бірі.
2002 жылдан осы уақытқа дейін Абылай хан
атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері
университетінде 20 жылдай жұмыс істеп келеді. Қазіргі
уақытта Қазақ филологиясы кафедрасында профессор қызметін
атқарады.
Есеналиева Жанар Жорабекқызының ғылыми ізденіс-
терінің дені құрылымы әртүрлі тілдерді жүйелі салғастыру
мәселелеріне, когнитивтік лингвистикаға және мәдениетаралық
коммуникацияға арналған. Бұл бағыттар бойынша 100-ден
аса зерттеу жұмыстары жарық көрді. Атап айтатын болсақ,
««Когнитивтік лингвистика теориясының негіздері» оқулығы
(2018), «Салғастырмалы тіл білімі» оқулығы (2020), «Абай
және Шығыс тілдері» (2021) монографиясы ғалымның көп
жылғы еңбегінің нәтижесі. Бұл еңбектер жалпы тіл білімінің
өзекті мәселелерін, соңғы жетістіктерін өскелең ұрпақтың
зердесіне тиімді түрде жеткізетін құнды ғылыми зерттеулер
болып табылады.
«Лингвистиканың негізгі мәселелері» атты бұл
жинаққа филология ғылымдырының докторы, профессор
Ж.Ж. Есеналиеваның ғылыми еңбектері еніп отыр.
9
Лингвистиканың өзекті мәселелері
Достарыңызбен бөлісу: