Рысалды Құсайын
Филология ғылымдарының докторы, профессор
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Алматы
ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТКЕН ҚОРҒАУ
Филология ғылымдарының докторы, профессор Жанар
Жорабекқызының докторлық диссертациялық зерттеудің
тақырыбы «Құрылымы әртүрлі тілдерге тән типологиялық
басымдылық» (Қазақ және араб тілдерінің материалдары
бойынша) деп аталады. Қорғау 2010 жылы 26 ақпанда өтті.
Ғылыми кеңесшісі - филол.ғ.д., проф. Ахметжанова Зәуреш
Қанашқызы.
Ресми оппоненттер – Тараз Мемлекеттік педагогикалық
институтының проректоры филол.ғ.д., проф. Тәжібаева
Сәуле Жақсылықбайқызы (10.02.20), Қауіпсіздік Комитеті
Лингвистиканың өзекті мәселелері
12
академиясының ТМД елдері тілдері кафедрасының меңгерушісі
филол.ғ.д., проф. Мұрзалина Ботагөз Қазбекқызы (10.02.20).
Өзіміздің университеттен ресми оппонент мен болған
едім. Сондықтан да диссертацияның мазмұны да жадымда,
жоғары деңгейде өткен қорғау да көз алдымда.
Заманауй лингвистикада тілдің ұлттық, мәдени,
этнолингвистикалық аспектілеріне қызығушылықтың артуына
байланысты салыстырмалы және салғастырмалы аспектіде
тілдерді тереңірек зерттеу қажеттігі туып отырғаны белгілі,
өйткені ол әр түрлі құрылымды тілдерді салғастыра зерттеу
ол тілдердің ұлттық ерекшелігін, қайталанбас қызметін танып
білуге, сол тілдерде сөйлейтін ұлттардың таным болмысы мен
тұрмыс тіршілігін, менталдық айырмашылығын жақынырақ
тануға мүмкіндік береді.
Егемен ел болғалы, ұлтаралық қатынастардың дамуына
байланысты, әр түрлі тілдік топтарды және құрылымы жағынан
мүлдем алшақ тілдерді типологиялық тұрғыдан зерттеу қолға
алына бастады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел ретінде әлемнің
басқа мемлекеттерімен достық қарым-қатынасқа түсуі шет
тілдерін меңгеру қажеттілігін арттырып отыр. Соның ішінде
араб тілін оқып, үйренудің маңызы зор, өйткені Қазақстан
Республикасы араб елдерімен де тікелей саяси-экономикалық,
мәдени байланыстарын дамытып отырғандары мәлім.
Қазақстанның араб елдерімен қарым-қатынасы және араб
тілін шет тілі ретінде оқыту қазақ және араб тілдерін жан-
жақты, тілдің барлық қабаты фонологиялық, морфологиялық,
сөзжасамдық, синтаксистік /бойынша салғастырмалы-
типологиялық зерттеуді қажет етеді. Бұл отандық тіл
білімінде әлі қолға алына қоймаған тың дүние. Бұл Жанар
Жорабекқызының зерттеуінің өзектілігінің бір жағы еді.
Ғылыми жұмыста құрылымы әртүрлі екі тілді
салғастырғанда ол тілдердің грамматикалық өзіндік
ерекшелігін, типологиялық табиғатын көрсететін тілдік
жүйедегі типологиялық басым белгілер (доминанттар)
13
Лингвистиканың өзекті мәселелері
болып зерделенген. Әрбір тілдің жүйесі негізінен бір немесе
бірнеше басым белгілер бойынша анықталады. Мұндай
салғастыруда тілдің жеке (атомарлық) элементтері емес, тіпті
тілдің жеке деңгейлері де емес, тіл тұтас, бүтін жүйе бойынша
салғастырылады. Міне, осындай зерттеулер сол кезде жоқтың
қасы еді. Бұл зерттеудің өзектілігін одан да арттыра түскен.
Жанар Жорабекқызы бұл ғылыми жұмысымызда
қазақ тілі екі түрлі рөл атқарады дейді. Бірінші, ол зерттеу
обьектісінің бірі болса, екінші, метатілдің рөлін де қазақ тілі
атқарады. Сондықтан қазақ және араб тілдері деп қазақ тілін
бірінші атаймыз. Сөйтіп, Жанар қай тіл бірінші жазылуы
дұрыс екенінін де зерделейді. Ол қай тіл метатіл рөлін атқарып
тұрғанына байланысты дұрыс жазылу керектігіне үлкен мән
береді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті қазақ және араб тілдерінің
жүйелік құрылымдарындағы доминанттық типологиялық
белгілерге негізделе отырып, ол тілдердің типологиялық
сипаттамасын толықтырып, айқындау, толықтыру болып
табылса, жұмыс өзінің діттегеніне толықтай жеткен.
Қазіргі лингвистикалық зерттеу парадигмасында жаңа
үрдісте өз бағытын дамытып келе жатқан типологиялық
бағдардың теориялық негізін саралай келіп, құрылымы әр түрлі
тілдерді типологиялық зерттеуде «белгілер кеңістігі» және
«басымдылық» (басым белгі, басым, басымдылық сөздерін
қатар қолдану арқылы) ұғымдарын пайдаланудың қажеттілігін
дәйектей келіп, осы жұмыста тілдің барлық деңгейлері бойынша
(фонология, морфология, синтаксис) және деңгей аралық қазақ
және араб тілдеріне алғаш рет толық типологиялық зерттеу
жүргізілген.
Осы уақытқа дейін қазақ және араб тілдері бойынша
жасалған зерттеулерде тілдің жеке элементтері немесе жеке
деңгейлері бойынша ғана сөз қозғалғаны мәлім. Мәселен, екі
тілдің фонотактикалық модельдері негізінде құрылымдық
және функционалдық талдау жасалған (С.Кеңесбаева), араб
тілінен енген кірме сөздердің лексика-семантикалық, графо-
Лингвистиканың өзекті мәселелері
14
фонетикалық мәселелері сөз болған (Л.Рүстемов, Н.Оңдасынов),
қазақ және араб тілдеріндегі дене мүше (соматизм) атаулары
бойынша
лексика-семантикалық
түрлері
анықталған
(Н.Карменов) еңбектер ғана болатын алайда, туыстығы алыс
қазақ және араб тілдерінің жүйелік-құрылымдық тұлғалары
жүйелік типология тұрғысынан, тілдердің көпөлшемді
типологиялық классификациясы тұрғысынан салғастырған,
тілдердің тұлғалық жүйесі мен тілдердің мазмұндық жүйесін
диалектикалық бірлік тұрғысынан зерттелген осындай ғылыми
жұмыс бұрын-соңды болмаған еді.
Ж.Ж. Есеналиева типологиялық тіл білімі теориясы
тарапынан екі негізгі «белгілер кеңістігі» және «басым белгі»
деген тірек параметр енгізді. Бұл екі ұғымды типологияда
қолдану басқа тілдердің жеке (частная) типологиясын жасауға
негіз болады. Екі тілдің құрылымдық жүйелерінің негізгі
базалық деңгейлері (фонология, морфология, синтаксис)
түгел қамтылып, ғылыми тұрғыдан сипатталғандықтан, бұл
зерттеу жұмысы қазақ және араб тілдерінің жеке типологиясын
жасаудағы негізгі тұғыр деп бағалауға болады. Сонымен
қатар, туыс емес қазақ және араб тілдерін салғастыруда жалпы
типологиялық ғылыми зерттеу негіздерімен үйлестіріле
отырып, отандық типологиялық тіл білімі теориясын дамытуға
да үлкен үлес қосылды.
Жұмыстың жаңалығы өте көп, ең негізгісі, қазақ және
араб тілдерінің құрылымы тілдердің тұтас жүйесі бойынша
зерттелінді, екі тілдің жүйелік-құрылымдық статусы сараланды,
жан-жақты сипатталып, анықталды. Ф.Ф.Фортунатовтың араб
тілін флективті-агглютинативті тілге жатады деген гипотезасын
басшылыққа ала отырып, Араб тілі тұңғыш рет отандық тіл
білімінде агглютинативті-флективті болып танылды.
Екі тілдің өзіне ғана тән төл ерекшелік, яғни қазақ және
араб тілдерінің бір-бірінен айырмашылығы (мәселен араб
тіліндегі белгілілік және белгісіздік категориясы, түбірдің
консонанттығы, түбір мен негіздің сәйкес келмеуі, т.б. және
қазақ тіліндегі сингармонизм, аффикстердің бір мағыналығы,
15
Лингвистиканың өзекті мәселелері
түбір мен негіздің сәйкес келуі т.б.) бір тілден екінші тілдің
артықшылығынан емес, ол тілдің иелерінің парасаттылығынан
емес, бұл ерекшелік ол тілдердің тілдік жүйесіне байланысты,
тілдің құрылымына, ол тілдерде қандай типтің басымдылық
ететіне байланысты екендігі дәйектелді.
Әрине, қорғау болғаннан кейін, оның үстіне докторлық
қорғау болғаннан кейін сұрақ (қателеспесем 20-ға тарта)
та, ұсыныс та көп болды. Жанар Жорабекқызы сонда, ойын
жинақтап, әр сұраққа жеке-жеке тиянақты, екі тілден мысалдар
келтіре отырып жауап беріп диссертациялық кеңестің мүшелерін
риза қылды. Қорғаудан кейін “Қызым, жарайсың, біліміңмен, өз
ойыңды дәлелдей алуыңмен алып шықтың” дегенім әлі есімде.
Шынында ұзаққа созылған қорғау болды, 2 де басталған қорғау
6 дан аса аяқталған еді.
Тағы бір айта кететін жәйт, Жанар Жорабекқызы қорғаудан
бір жыл бұрын, 2009 жылы докторлық диссертация негізінде
«Құрылымы әртүрлі тілдердің салғастырмалы типологиясы»
атты монография және жоғары оқу орындарының студенттері
мен магистранттарға арналған «Лингвистикалық типология
негіздері» атты оқулық жариялады. Мұндай жағдай ғылыми
ортада сирек кездесетін құбылыс.
Қазақ және араб тілдерінің грамматикасы салғастырмалы
типологиялық тұрғыдан бұрын-соңды арнайы зерттеу нысаны
болмай келгендіктен бұл жұмыстың теориялық тұрғыдан тіл
білімі ғылымында өзіндік үлкен үлесі болады деп санаймыз.
Араб және қазақ тілдерінің грамматикасы туралы айтылып
жүрген сан қилы пікірлер зерттеу жұмысында пайдаланылып,
жаңа тұжырымдармен толыға түседі, ол тұжырымдар араб
және қазақ тілдерінің грамматикасының ерекшелігі мен
айырмашылығын көрсетуге негіз болады. Зерттеу нәтижелері
тіл біліміндегі жалпы салғастырмалы тіл білімі мәселелерін
одан әрі толықтырып, байытуға негіз болмақ.
Зерттеу барысында алынған нәтижелер тіл және ұлт, тіл
және қоғам деген маңызды мәселелерді шешуге үлес қосады
және лингвомәдени, салғастырмалы тіл білімі, лингвистикалық
Лингвистиканың өзекті мәселелері
16
типология, салғастырмалы тіл білімі салаларын жаңа тілдік
материал, тұжырымдармен байытады.
Жанар Жорабекқызының диссертациялық жұмысындағы
тұжырымдар профессордың шәкірттерінің жұмыстарында
жалғасын тауып келеді. Ол 10 аса магистрлік жұмысқа
жетікшілік етіп, кадрлар дайындау жұмысына да белсенді
араласып жүр.
Мерей тойын өткізіп отырған, ғылымға берегенінен
берері көп Жанар Жорабекқызына денсаулық, ғылыми
шығармашылық табыс, ғылыми әржақты, кең және терең ойлар
тілейміз!!
Достарыңызбен бөлісу: |