Есеналиева жанар е с е н


І – тарау. ПРОФЕССОР ЕСЕНАЛИЕВА ЖАНАР



Pdf көрінісі
бет6/97
Дата17.05.2022
өлшемі10,61 Mb.
#34721
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
Байланысты:
Лингвистиканың өзекті мәселелері

І – тарау.
ПРОФЕССОР ЕСЕНАЛИЕВА ЖАНАР 
ЖОРАБЕКҚЫЗЫНЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ, ҒЫЛЫМИ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ, ҰСТАЗДЫҚ ҚЫЗМЕТІ
_______________________________________________
Жүнісбеков Әлімхан
А. Байтұрсынұлы атындағы 
Тіл білімі институтының бас ғылыми қызыметкері
филология ғылымдарының докторы, профессор
ҚАРАТАУДЫҢ ТҮЛЕГІ
Ғасырға жуық тарихы бар кезінде Қазақстан Республика-
сы  Ғылым  академиясы  Тіл  білімі  институты  деп  аталған 
(қазіргі  А.Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институты) 
ғылыми  ордадан  түлеп  ұшқан  түлектер  жеткілікті.  Оларды 
қазақ  жерінің  қай  жерінен  болса  да  кездестіруге  болады. 
Жоғары оқу орындарының қазақ, шет тілдер кафедраларының 
құрамында еңбек етіп келеді, институт қабырғасында аспирант 
болып бастаған шәкірттердің алды ғылым докторы, профессор 
деңгейіне  жетіп  жатыр.  Міне,  Тіл  білімі  институтынан 
қанаттанып  ұшқан  осындай  шәкірттердің  бірі  –  Есеналиева 
Жанар,  бүгінде  ғылым  докторы,  профессор,  енді  өзі  шәкірт 
дайындап жатқан абыройлы маман.
Тіл  білімі  институты  ғылыми  зерттеулермен  қатар, 
ғылыми тіл мамандарын  дайындаудың көзі болып табылады. 
Аспирант  болып  келген  жас  түлектер  қазақ  тілтанымы 
ғылыми  мектебінен  өтеді,  академиктер  І.Кеңесбаев  пен 
Ә.Қайдари, профессорлар М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, А.Ысқақов, 
Р.Сыздықова, А.Қалыбаева сынды т.б. тілтаным ғұламаларының 
алдын көреді, дәрісін тыңдайды. 
Ж.Есеналиева  Институт  құрамындағы  ең  бір  күрделі 
Тіл  тарихы  бөлімінде  кіші  ғылыми  қызметкер,  аға  ғылыми 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
10
қызметкер қызметін атқарды. Бұл бөлімінің ерекшелігі маман 
бір  ғана  қазақ  тілімен  шектеліп  қалмауы  тиіс.  Жанардың 
қазақ  тілімен  қатар  араб  тілін  жетік  білгендігі  арқасында  екі 
тіл  арасындағы  тарихи  өзекті  байланыстың  ақиқатын  ашуға 
мүмкіндік бергенін сол кезден басталған зерттеу еңбектерінен 
аңғаруға болады.
Өзінің  ғылыми  жетекшісі  проф.Б.Әбілқасымов  - 
жоғарыдағы  ғұламалардың  ізбасары,  жазу  тарихының 
бірден-бір  маманы.  Профессордың  жетекшілігімен  «Абай 
шығармаларындағы  араб  және  парсы  сөздерінің  қолдану 
ерекшеліктері»  атты  кандидаттық  диссертация  қорғады. 
Жұмыстың оң бағасын атақты проф.Р.Сыздық берген болатын, 
жас маманның алғашқы ғылыми табысының куәсі болдық.
Әдетте  көп  шәкірттер  бір  белестен  өткен  соң  тоқырап 
қалатыны  бар.  Ал  Ж.Есеналиева  болса  ғылыми  ізденісінің 
арасын суытпай «Құрылымы әртүрлі тілдерге тән типологиялық 
басымдылық»  атты  докторлық  диссертация  қорғады.  Бұдан 
біз оның «ғылым жолына түскен адамның ғылыми ізденісінде 
үзіліс болмайды» деген ұстанымды берік ұстанғанын көреміз.
Ғылыми ізденіс нәтижелері жарияланым түрінде көпшілік 
қолына жетіп жатты.
Докторлық  диссертация  негізінде    «Құрылымы  әртүрлі 
тілдердің  салғастырмалы  типологиясы»  атты  монография, 
жоғары  оқу  орындарының  студенттері  мен  магистранттарға 
арналған «Лингвистикалық типология негіздері» атты оқулық 
жарияланды.  Аталған  оқулық  Жанардың  ғылыми  ізденіспен 
шектеліп қалмай,  ұстаздық қабілетін де көрсетті. Сөйтіп ғылым 
мен ұстаздықты ұштастыра білді, ғылыми қауым да ырза, өзінің 
дәрісін тыңдап жүрген студенттер де ырза.
Еңбектің  нәтижесі  жарияланым  болып  табылады. 
Ғалым  қаламынан  туындаған  еңбектер  баршылық,  қомақты 
монография,  тартымды  оқулық,  жиынтық  жинақ  түрінде 
жарық  көрген  еңбектері  ғалымның  да,  студенттердің  де 
қолынан түспейтін құралға айналды: «Когнитивтік лингвистик 
теориясының  негіздері»  (оқулық);  «Салғастырмалы  тіл 


11
Лингвистиканың өзекті мәселелері
білімі» (оқулық); «Абай және Шығыс тілдері»  (монография), 
мақалалар  ілегі  жеткілікті.  Араб  тілі  мен  оның  жазуын  жетік 
білгеннің арқасында Ахаңның (Ахмет Байтұрсынұлының) араб 
әліпбиімен  жазылып,  бұрын  жарық  көрмеген  еңбектерінің 
барлығын қазіргі кирилл жазуына көшіріскен еңбегі өз алдына.
Қазақ  тілін  төте  үйретудің  «Текшеқұрақ»  әдістемесін 
насиқаттап бүкіл Қазақстанды шарлап шыққаны тағы бар.
Тіл  білімі  институтында  Ж.Есеналиева  кәсіподақ 
ұйымының  басшысы  болып,  қоғамдық  жұмысқа  да  белсене 
араласты. Институттағы әріптестері әлі күнге дейін үнемі күліп-
қуанып жүретін Жанарды ұмытқан жоқ.
Институт  ұясынан  түлеп  ұшқан  жас  маманнның  енді 
Қаратаудың  шыңына  барып  қонақтағандай  болған  атақ-
дәрежесін мақтан етеміз.
60 жас деген ғалымның нағыз толысқан шағы, ұстаздың 
нағыз  толыққан  шағы,  ендеше  Ж.Есеналиеваның  ғалым-ұстаз 
ретінде берері әлі алда деп сенеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет