Есеналиева жанар е с е н



Pdf көрінісі
бет8/97
Дата17.05.2022
өлшемі10,61 Mb.
#34721
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   97
Байланысты:
Лингвистиканың өзекті мәселелері

Шамшәдин Керім
Нұр-Мүбарак университеті,
Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының директоры,
филология ғылымдарының докторы, профессор
ЖАНАР ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЕҢБЕКПЕН ЖЕТТІ
Биыл  60  жылдығын  тойлағалы  отырған  филология 
ғылымдарының  докторы,  Абылай  хан  атындағы  Қазақ 
халықаралық  қатынастар  және  Әлем  тілдері  университетінің 
профессоры Жанар Жорабекқызы Есеналиевамен ұзақ уақытқа 
созылған  достығымыз  сонау  студенттік  кезден  басталады. 
Таныстығымызға 40 жылдан астам уақыт өтіпті. 
1980  жылы  орта  мектепті  бітірген  соң  Алматы 
қаласындағы  С.И.Киров  атындағы  Қазақтың  ұлттық 
университетінің филология факультетінің араб бөліміне түсуге 
талпынып, құжатымды тапсырған едім. Емтихандарды жақсы 
тапсырғаныммен, конкурста  балым жетпей ілікпей қалдым.Ол 
кезде ақылы бөлім деген жоқ, бәрі тегін, санаулы орынға ілікпеген 
–  қалады.  Араб  тілі  мамандығына  бөлінетін  орын  саны    жыл 
сайын - 25. Сол жылы Ленинград қаласындағы  университтеттің 
шығыстануына Қазақстанға екі орын бөлініпті, сол орындарға 


17
Лингвистиканың өзекті мәселелері
араб  бөліміне  түскендер  арасынан  екеуі  таңдалып  құжаттары 
жіберіліпті, олар ауысқан жағдайда  босаған орынға үміткерлер 
қатарында болдым. Тамыз айында ауылға қайтпай хабар күттім. 
Қыркүйек айының  12 күні   Меңдіқаным  Маданова екеуіміз  
оқуға  қабылдандық.  Сол  кездегі  тәртіп  студент  атаулы  күзде  
ауыл шаруашылығы жұмысына жегіліп,  оқу кешірек басталады. 
Факультет  деканы  Мишенко    студент  болғанымды  айтып 
қуантқан соң ауыл шаруашылығы жұмысына баратындығымды 
ескертті. Берілген мекен-жайы  бойынша Алматы жанындағы 
Талғар  ауданындағы  “Горный  Садовод»  совхозына  кешігіп 
бардым.  Біздің  алдымызда  келген  бірінші  курс    студенттері 
жұмысты  бастап  кеткен.  Бәрі  баракта  тұрады.  Ол  кезде  араб 
бөлімі филология факультетінің  құрамында  болды. 
Факультет атынан оқытушы-ұстаздар ретінде тілші ғалым  
Мырзатай Серғалиев, әдебиетші Құнипия Алпысбаев бекітілген 
екен.  Совхоз  тау  арасында,  табиғаты  тамаша,  жұмысымыз 
алма жинау, норма өлшеммен, көбірек тапсырғанға салмағына 
қарай көбірек ақша беріледі. Бәріміз Қазақстанның әр өңірінен 
келгендер өрімдей  жастармыз. Өте көңілді. Әсіресе, Уәлибек 
жүрген жер - әзіл-күлкі. Оны Коска дейтінбіз. Арамызда алма 
жинаудан  оза  шыққан    Ерлан  Күзекбаев,  Жанар  Есеналиева, 
екеуі де тынымсыз, демалуды білмейтін. Ерлан алмаға арналған 
корзиналарды  толтырумен  қатар,  екі  қалтасына,  ішіне  дейін 
нығыздап  толтырып  әкелетін.  Уәлибектің  алға  шыққандарды 
мазаққа айналдырады,  құрдасы Ерланды сөзімен түйреп маза 
бермейді.  
Сол  кезден  Жанардың  бәсеке  жарыста  алда  жүруге 
ұмтылатын қасиетімен көз алдымда қалыпты.
Араб  бөлімі  Қазақстанда  шығыстану  мамандықтары 
ішінде  тұңғыш  ашылған,  әлі  жеке  факультет  ретінде  бөлініп 
шыға  қоймаған.  Кейін  оқу  басталғанда,  сессияны  жақсы 
тапсыруға  ұмтыламыз.  Қыздар  арасында  емтихан  алдында 
дайындалғандар арасында түнімен ұйықтамайтындар қатарында 
Жанар  болатын.  Ол  емтихандарды  тек  “бестікке”    тапсырып, 
үздіктер қатарында, оқуды қызыл дипломмен бітірді. Міне ең 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
18
қызықты студенттік шақ көзді ашып-жұмғанша өте шықты.
Жанар 
студенттік 
кезден 
бейнеткештігімен, 
еңбекқорлығымен  дараланды.  Оқуды  тәмәмдаған  соң  әркім 
түрлі  жолды  таңдады.  Біз    қос  мамандық  араб  тілімен  қоса 
қазақ тілі мен әдебиетінің тілінің оқытушысы біліктілігін алып 
шықтық,  филологиялық  пәндер  көп  оқытылды.  Сол  себепті 
кейін  бітіргендердің  дені  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  бойынша 
мектеп  мұғалімі  қызметін  атқарды.  Университетті  бітірген 
соң  көпшілігі  елдеріне  оралды.  Алматыда    қалып,  мансап 
қууға, ғылыми атақ алуға бел байлағандар болды. Ол уақытта 
Алматыда қалып, жұмысқа тұру үшін қалада тіркеуінің болуы 
керек, пәтер жағалап, жалдауға, не жатақханадан орын іздеуге 
тура келеді. Бұл - ауылдан келіп, астанада тұрақты тұрып қалам 
деген    қазақ  жастарының  жүріп  өтетін  қиын  жолы.  Бітіретін 
жылы факультет деканы болып ұстазымыз Рымғали Нұрғалиев 
тағайындалды. Бір күні ол мені кабинетіне шақырды. Кіргеннен 
кейін әңгімені төтесінен бастады: «Үзік бітіретіндер қатарында 
екенсің. Ауылда кемпір-шал бар ма? Қазақтың жігіттері бітірген 
соң  кемпір-шалға  қараймыз  деп  ауылға  кетіп  қалады.  Сонда 
астанамызда  қазақтың  саны  қалай  көбеймек?  Мен  Тілі  білімі 
инситутының директоры Әбдуәли Қайдаровпен, Академияның 
вице-президенті Зәки Ахметовпен жақында жолықтым. Жақсы 
оқығандарды жіберем деген уәде бергенмін, әңгімелесуге бар, 
ұнатса,  жұмысқа  алады.  Лаборанттықтан  бастайсың»  деді. 
Осы әңгімеден кейін Алматыда қалуға тәуекел еттім. Сөйтсем, 
Алматыда  қазақтарды  қалдыру  -  ағаларымыздың  болашақты 
ойлаған  саясаты екен.
Алматыда  қалғандар  арасында  Ермек  Аманшаев,  Баян 
Жұбатова  үшеуіміз сол жылы жаңа ғимаратқа көшіп, штат саны 
артқан  Орталық музейге жұмысқа тұрғанымызда, Жанар Қазақ 
мемлекеттік мұрағатында қызметке алынды. Ол кейін  Тіл білімі 
институтына жұмыс орналасты, ал мен көршілес  М. О.Әуезов 
атындағы  Әдебиет  және  өнер  иститутына  жұмысқа  ауыстым. 
Жанар аспирантурасында оқып біздің топ ішінде алғашқылар 
қатарында кандидаттық диссертация қорғады. Біздің топ ішінен 


19
Лингвистиканың өзекті мәселелері
үшеуі ғылым докторы, бір ғылым кандидаты дәрежесін алыпты. 
Бұлардың  төртеуінің  де  ғылыми  жұмыстары  университетте 
алған  қос  мамандығы  -  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  және  араб 
тілімен  тікелей  байланысты  болды.  Жанардың  кандидаттық 
диссертациясы  қазақ  тілі  мамандығы  бойынша  болғанымен  
араб тілін білуді керек ететін «Абай шығармаларындағы  араб 
және парсы сөздерінің қолдану ерекшеліктері» атты тақырыпта 
қорғады.          2010  жылы    «Құрылымы  әртүрлі  тілдерге  тән 
типологиялық  басымдылық»  атты  докторлық  диссертация 
қорғағанда қатысып, тілектестігімді білдірдім. Есеналиева Жанар 
Жорабекқызының  ғылыми  ізденістерінің    бағдары  құрылымы 
әртүрлі тілдерді жүйелі салғастыру мәселелеріне, когнитивтік 
лингвистикаға  және  мәдениетаралық  коммуникацияға 
арналған.  Бұл  бағыттар  бойынша  когнитивтік  лингвистика, 
мәтін  лингвистикасы,  лингвомәдениеттану,  мәдениетаралық 
коммуникация теориясы, әлеуметтік лингвистика, стилистика, 
дискурс  теориясы  және  типология  сынды  теориялық  пәндер 
бойынша дәрістер оқып келеді.
Мен  білетін  Жанар  оқу,  білім,  ғылым  саласында  жетіс-
тіктерге қол жеткізсе, тек табандылығымен, мақсаткерлігімен 
жетті деп   ойлаймын.
Жанар екеуіміздің өмір жолымыз ұқсас  университететтегі 
оқуды  аяқтаған  соң  ғылыми  мекеме,  жоғары  білім    саласына 
арналыпты.  Ол  -  еңбек  жолында  жетістіктерге  жетіп  жемісін 
жеумен қатар, уақытылы отбасын құрып, ұл-қызды  тәрбиелеген 
бақытты ана.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет