7.3 Тəрбиелеумен оқудан тыс жұмыстағы ақпараттық технологиялар Ақпараттану жəне қатынастық технологиялар оқушы-
лардың оқудан тыс жəне сыныптан тыс жасалатын жұмыстарына
қолданыла отырып, оқушының дамуында жоғары нəтиже көрсетуі
мүмкін.
Кез келген мектептегі оқудан тыс жасалатын жұмыстар оқушы
өміріндегі маңызды элементтердің бірі жəне мұғалімдер мен оқу
басқармасында да маңызды рөл атқарады. Осыған орай, бұл бағыт
негізгі үш компоненттен тұрады:
- оқушылардың сыныптан тыс жұмыстары,
- мұғалімдердің оқушылармен жасалатын сыныптан тыс
жұмыстары,
- сыныптан тыс жұмысты басқару жүйесі.
Білім беру мекемелерінде ең алдымен, білімнің сапалылығының
артуы керек екендігін естен шығармаған жөн. Оның негізгі түрлі
бағыттарының арасынан оқу барысында оқушы өзі қалаған бағытты
таңдайды.
Кез келген мектепте мұндай оқушы қалаған бағыттарды
анықтауға арналған арнайы адамдар бар. Мысалы оқушымен сы-
ныптан тыс жұмыс жасайтын мұғалім-тəлімгер, тəрбиеші, сынып
жетекшісі, мектеп директоры басқармасы жəне т.б мамандар айна-
лысады.
Бұл мамандар оқушы мектептен тыс жерде, бос уақытта не-
мен айналысатынына, немен шұғылданатынына аса көңіл бөлу ке-
рек. Үдеріс барысында оқушы қалауына бағытталған оқытудың
əдістемелік құралы жасалып, оқушы сол əдістемелік құрал арқылы
экспериментальдық-зерттеу мəселелерімен айналысуға мүмкіншілігі
ашылады. Оқушылардың білімді жетілдіру барысында жинаған
ақпараты жəне оны іздеу қабілеттілігі оқыту барысындағы негізгі
мəселелердің (факторлардың) бірі.
231 Ақпараттану жəне қатынастық ақпараттар технологиясында сы-
ныптан тыс жұмыстың келесідей түрлері атап көрсетіледі:
- өтетін орны (сыныпта немесе сыныптан тыс (мектептен тыс));