КІРІСПЕ
Түркі тілдеріндегі сөзжасамдық үдерістер, зерттелуі
Адамзат тілінің жүйесі – сан-салалы, көп қырлы
процесс. Оның даму жүйесі өзіне тән түрлі
заңдылықтардың болуымен ерекшеленеді. Тілдің
байлығы өзге тілден сөз алумен емес, туған тіліміздің
мағыналық, тұлғалық дамуға түсіп өрбуі нәтижесінде,
сөйтіп туынды сөздің жасалуы арқылы іске асады. Осы
тұрғыдан келгенде, сөзжасам процесі – сөздік қордың
баюындағы бірден-бір құбылыс болып саналады.
Туынды сөздің семантикалық сипаты, уәждемелік
табиғаты тілі арқылы ашылатын болса, сол тіл адам
танымы
арқылы
байып
отырады.
Сондықтан
лексемалардың мағынасын таным, сана, ойлау негізінде
ашуға, философиялық тұрғыдан сипаттауға көбірек
назар аударылуы тиіс. Кейінгі жылдары жалпы тіл
білімінде
зерттеудің
психолингвистикалық,
лингвомәдени, когнитивті, концептуалды аспектілері
қолға алынып, әлем бейнесін тілмен астастыра
зерделеп, оған әлемнің тілдік бейнесі деп ат беру
лингвистикада кеңінен сөз боп келеді. Мұның себебі,
адамзат баласының жанының бір бөлшегі іспеттес
тілдің ішкі табиғатына көңіл бөлуден туындаған болса
керек. Тіл – адам жанымен, санасымен, танымымен,
рухани болмысымен қабысып жатқан, сондай-ақ даму
заңдылықтары да ұқсас құбылыс. Осы принципті ұстана
отырып, семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды
сөздердің табиғатын ашу бұл жұмыстың негізгі өзегі
болып есептеледі.
2 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
Тіл болмыс-бітіммен тығыз байланысты. Адамның
болмыс-бітімі
ұлттық
болмыс-бітіммен
шектес
қарастырылады. Сол себепті қазақ тілі қазақ ұғымымен
астасып жатады. Тіл ұрпақ жалғастығындағы ой
орамдары мен сезім, сана сырларының, құпиясын ашып
береді. Бұл тілдік тұлғалардың ұлттық таным әлемінде
алатын орнының ерекше екендігін көрсетеді.
Осыған сәйкес, оқу құралында сөзжасам тәсілдерінің
зерттелуі, бағамдалуы, осы тәсіл арқылы дамыған
сөздердің сөз таптарымен байланысы, атау сөздердің
номинативтілігі, туынды сөздердің уәжділігін сөз
етіледі. Сөздердің пайда болуы, туынды атауға ауысуы,
даму факторлары, тарихи құрамы мен мағыналық
құрылымы, олардың қазіргі тілдік тұрғыдан сөз
таптарына қатыстылығы зерделенеді.
Туынды сөздер өзіндік қыры мен сыры сан-салалы
тілдік бірліктерге жатады. Түркі тілдеріндегі, оның бір
тармағы қазақ тіліндегі туынды сөздер табиғаты күрделі
де қызық. Туынды сөздер жалпы тіл білімінде, оның
ішінде түркі тілдерінде біршама зерттелген тілдік бірлік
саналады. Түркі тілдеріне ортақ теориялық мәселелерді
сөз еткен О.Бетлингк, Н.И.Ашмарин, М.А.Казем-Бек,
А.М.Щербак,
А.Н.Кононов,
И.А.Батманов,
Н.А.Баскаков,
Н.К.Дмитриев,
Е.С.Малов,
Б.А.Серебренников, Н.З.Гаджиева сынды ғалымдардың
еңбектері бар. Ал жекелеген салалары бойынша
әзірбайжан тіліндегі есім, етістік сөздердің аффикс
жалғану арқылы туынды сөз жасалуын Э.В.Севортян,
башқұрт тілінің сөзжасам жүйесі мен етістіктердің
жіктелуін А.А.Юлдашев, башқұрт тіліндегі атау
сөзжасамын
Г.М.Гарипов,
татар
әдеби
тілінің
суффиксалды сөзжасамы жайында Ф.А.Ганиев, өзбек
3
тілінің тарихи сөзжасамы проблемаларын А.Гулямов,
құман тілдері негізінде атау сөзжасамының құрылымын
М.А.Хабичев,
қырғыз
тілінің
сөзжасамын
Б.О.Орузбаева қарастырған. Аталған ғалымдардың
еңбектерінде сөзжасамның семантикалық тәсілі көне
тәсіл деп көрсетілгенімен, зерттеулердің негізгі өзектері
синтетикалық және аналитикалық тәсілдер арқылы
жасалған туынды сөздер табиғатына арналады. Ал таза
семантикалық тәсілді негізге ала отырып жазылған
ғылыми еңбек әзірге жоқ. Сөзжасам мәселелерін
зерттеуші Н.Оралбаева, жоғары оқу орындарында қазақ
тілінің
сөзжасамын
оқыту
әдістемесін
жазған
З.Бейсенбаева, тарихи сөзжасам мәселелерін зерттеген
ғалым А.Б.Салқынбай, күрделі сөздер семантикасын
қарастырған Б.Қасым, қазақ тіліндегі адъективтену
мәселесін сөз еткен Ж.Т.Сарбалаев, ескерткіштер тілін
зерттеген Ж.К.Отарбекова, адвербиалдану процесін
зерттеген Е.Б.Саурықов, бір буынды салт етістіктері
жөнінде зерттеген Б.Р.Есімсейітов, аналитикалық тәсіл
арқылы жасалған туынды тұлғаларды зерттеуші
Г.Қ.Абдирасилова сынды ғалымдардың семантикалық
аспектіні негізге ала отырып жазған еңбектерін атап
өтуге болады. Сөзжасам саласындағы зерттеулер
сөзжасамның
семантикалық
тәсіліне
арналған
зерттеудің жоқ екенін көрсетіп отыр. Сондықтан
семантикалық тәсілді, семантикалық тәсіл негізінде
жасалған туынды сөздерді зерттеу қажеттігі туындады.
Еңбекте талданған тілдік бірліктердің мағынасын ашу
үшін М.Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегі,
«Древнетюркский словарь» сөздігі, В.В.Радловтың
«Опыт словаря тюркских наречии» атты сөздігі,
Э.В.Севортянның «Этимологический словарь тюркских
языков» атты сөздігі, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі»,
4 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
М.Белбаеваның авторлығымен жарық көрген «Қазақ
тілінің омонимдер сөздігі», Ж.Мусиннің “Қазақ тілінің
антонимдер сөздігі” және т.б. еңбектер пайдаланылды.
Семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер
дыбыстық құрамын сақтай отырып, ешқандай қосымша
тілдік бірліктің көмегінсіз, яғни тұлғасы өзгерместен,
мағынасы өзгеріп, сөзжасамдық құрылым негізінде
транспозицияланып, заттанады,
санданады, сын-
сапаланады, етістіктенеді, есімдіктенеді, шылауланады,
үстеуленеді. Оқу құралында семантикалық тәсіл
арқылы жасалған туынды сөздердің транспозициялануы
(заттануы, сандануы, сын-сапалануы, етістіктенуі,
есімдіктенуі, шылаулануы, үстеуленуі), мағыналық
даму
ерекшеліктері
талданып,
номинативтілігі,
уәжділігі, сондай-ақ тарихи қалыптасу жолдары
семасиологиялық,
ономасиологиялық
талдаулар
нәтижесінде айқындалады.
Бұл еңбекте қазіргі қазақ тіл білімінде омоним деп
танылып жүрген кейбір сөздердің арасында мағыналық
байланыстың бар екендігі семасиологиялық талдау
арқылы ашылып, семантикалық тәсіл арқылы жасалған
туынды сөздер деп танылды; транспозицияланған
туынды сөздердің заттануындағы, сандануындағы, сын-
сапалануындағы,
қимылдық
мәнге
көшуіндегі,
үстеуленуіндегі, мағыналық ерекшеліктері айқындалып,
сөз таптарының құрамын толықтыруға ұйытқы
болатындығы
көрсетілді;
туынды
сөздердің
номинативтілік ерекшелігін көрсетуде жаңа атаудың
пайда болуында жекеден жалпыға, жалпыдан жекеге
және
қарапайымнан
күрделіге
қарай
сатылап,
аталымның жасалу сақинасы пайда болатындығы
анықталды; cемантикалық тәсіл арқылы жасалған
5
туынды сөздердің мағыналық даму деңгейінде көнелік
сипатқа ие бір буынды сөздердің екі, үш, төрт буынды
сөздерге қарағанда мағыналық дамуға көбірек түсетіні
айқындалды; семантикалық тәсіл арқылы жасалған
сөздерде бірінші уәжделу сипаты тек сөзжасамдық
жұптар арасында жүретіндігі, осының нәтижесінде
жұптың алғашқы сыңары екінші сыңарын уәждейтіндігі
анықталды.
Тіліміздегі сөздік қорды белгілі бір заңдылықтар
негізінде байланысқан жүйе десек, осы жүйе
мүшелерінің өзара қарым-қатынасын анықтауда тіл
табиғатын семантикалық тұрғыдан қарастыру қызметі
ерекше. Соның ішінде сөзжасамның семантикалық
тәсілі арқылы сөздің жаңа мағынаға ие болу жағдайын
атап өтуге болады. Туынды сөздерді анықтауда
таңбаның
құрылымдық,
материалдық
белгілерін
байыппен зерттеу қажеттігі туады. Макросемалы
сөздердің әрбір мағынасы уәжделу нәтижесінде пайда
болған. Жеке-жеке мағыналар сөзжасам процесі
негізінде екінші мағыналы туынды сөздердің пайда
болуын қамтамасыз етеді.
Дәстүрлі грамматикада қолданылып жүрген туынды
терминінің өзі ауыспалы, екінші мағыналарға тән
термин деп есептеледі. Егер де сөз бірнеше мағыналарға
ие болса, оның түп негізімен салыстырғандағы жаңа
атау тудыруға қабілетті мағыналары туынды мағыналар
деп аталады. Тіл білімінде сөздің контекстегі
мағыналары
синтаксистік
деривация
аясында
қарастырылады. Сондықтан туынды сөз бен туынды,
ауыспалы мағыналардың аражігін ажыратып қолдану
керек. Контексте келетін ауыспалы мағыналар жаңа сөз
жасай алмаса, ол сөзжасамның зерттеу нысаны бола
6 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
алмайды. Сөзжасам саласының зерттеу нысаны болу
үшін жаңа сөз жасай алуға қабілетті сөзжасамдық
мағынаға, сөзжасамдық құрылымға ие болуы қажет.
Сөзжасамдық мағынаға, сөзжасамдық құрылымға ие
сөздер жаңа заттың атауы ретінде қабылданады.
Мысалы, семантикалық тәсіл арқылы дамыған көз сөзін
алып қарайық. Бұл сөз біздің тілімізде адамның, жан-
жануарлардың көзі мағынасымен танымал. Бірақ бұған
қоса көзге ұқсатып жасаған дөңгелек әшекей, иненің
көзі, ағаштың көзі, көкірек көзі, жұмыстың, істің көзі,
бұлақтың көзі, тіршілік көзі, көз тию, көзі тірі және т.б.
көптеген сөздерге, тіркес құрауға негіз болып отыр.
Адамның, жан-жануардың көзі мағынасындағы сөз
жоғарыдағы сөздерді, тіркестерді туғызуға негіз болды.
Бірақ ол сөздер белгілі бір сөздермен тіркеспесе немесе
мәтін ішінде сөйлемдермен түсіндірілмесе оқырман
қауымға түсінбеушілік туындатуы әбден мүмкін. Сол
себепті оларды толық мағыналы, жеке-дара тұрып сөз
жасай алуға қабілетті деп тани алмаймыз. Бірақ олар
туынды мағыналарға ие сөздер. Мұндағы адамның, жан-
жануарлардың көзі мағыналы сөз ағаштың көзі, иненің
көзі, әшекей мағынасындағы көз секілді сөздерді
туындатып, заттың атауын қалыптастырды.
Осыған орайлас, оқу құралының арқауы болып отырған
тәсіл – сөзжасамның семантикалық тәсілі. Тіл білімінде
бұл тәсіл лексика-семантикалық тәсіл, семантикалық
тәсіл,
конверсиялық
тәсіл
секілді
түрліше
қолданғанымен,
қарастыратын
нысаны
біреу.
Сөзжасамның аталған тәсілінің түрліше аталуы термин
жарыспалылығын тудырып отыр.
Орыс тіл біліміндегі лингвистикалық энциклопедиялық
сөздікте зерттеуге арқау болып отырған тәсіл конверсия
7
атауымен беріледі. Мұнда аталған тәсілдің аффикссіз
сөзжасам
тәсілі
ретінде
аффиксацияға
қарсы
қойылатыны
айтылған
[Лингвистический
энциклопедический словарь. – Москва: Советская
энциклопедия, 1990. –с 225.].
«Қазақ
тілі»
энциклопедиясында
конверсия
транспозицияның бір түрі делінген. Осы тәсіл арқылы
жаңа сөз жасалу ең көнеден келе жатқан, кезінде өте
ұтымды болған лексика-семантикалық сөзжасамдық
амал деп түсіндіріледі. Конверсиялық сөзжасамда пайда
болған номинативті мағынаның өзіне тән жаңа семасы
болады, бірақ оның ішкі семантикасында перифериялық
өрісте себепші түбірдің не негіздің мағынасы сақталады
да, себепші негіз бен номинативті атаудың арасында
мағыналық сабақтастық, тектестік, түбірлестіктің
сақталатындығы айтылады [Қазақ тілі. Энциклопедия. –
Алматы: Қазақстан даму институты, 1998. – 175 б.].
Қазақ тіл білімінде сөзжасамның семантикалық тәсілі
көне тәсіл саналғанымен, бүгінгі қолданысымызда осы
тәсіл арқылы жасалған сөздер көп. Мұндай сөздердің
негізгі өзегі мағына деп есептеледі. Түбір сөздерде ғана
емес, бүгінгі жалғамалылық сипатқа ие болған туынды
тіл бірліктерінің өзегінде мағына жатады. Себебі сөз
мағынасыз болмайды. Демек, мағына – сөздердің өмір
сүруіндегі ең маңызды феномендік бірлік.
А.Б.Салқынбай мен Е.М.Абақанның авторлығымен
жарыққа
шыққан
«Лингвистикалық
түсіндірме
сөздікте» семантикалық тәсіл конверсия терминінің
аясында түсіндіріледі. Мұнда конверсия тәсілі арнайы
аффикс
қолданбайтын
сөзжасамдық
тәсіл
деп
көрсетіліп, транспозицияның бір түрі екендігі айтылады
8 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
[Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме
сөздік. – Алматы: Сөздік-Словарь, 1998. – 65 б.].
Көрсетілген әдебиеттердің барлығында да конверсия
тәсілі аффиксацияға қарсы қойылатыны сөз болады.
«Қазақ грамматикасы» атты кітапта сөзжасамның
семантикалық тәсіліне арнайы анықтама берілмегенмен,
сөздің дыбыстық, морфемдік құрамын сақтай отырып,
тілдегі бұрынғы қолданылып жүрген мағынасының
үстіне жаңа мағына қосып алатындығын, сөйтіп тілде
жеке бірлік ретінде қолданыла бастайтындығын жазып,
сол үшін бұл тәсілдің лексика-семантикалық тәсіл деп
аталғаны жөнінде айтылады [Қазақ грамматикасы. –
Астана, 2002.– 207 б.].
Қазіргі тіл білімінде конверсия жайлы профессор
А.Б.Салқынбай конверсияға мынадай анықтама береді:
«Конверсия дегеніміз – сөздің тұлғалық жамылғышы еш
өзгеріске түспей, ішкі мағыналық жағы дамып, бір
денотаттың заттық, қимылдық, сапалық белгісі мен
қасиетін таныта алатын, ортақ өзек семаны сақтай
отырып, номинативтік туынды мағына жасайтын
сөзжасамдық тәсіл». Сонымен қатар: «Семантикалық
сөзжасам негізінде болған туынды сөздердің арасында
генетикалық байланыс сақталғандықтан, тарихи
тұрғыда синкретті түбір ретінде таныла алмайды. Бұл –
конверсия. Сөздің дамуы синкретизмнен басталмайды,
керісінше, синкретизммен аяқталады»,-деген пікірі
тілдің ішкі дүниесін, табиғатын, болмысын көрсетеді
[Тарихи сөзжасам (семантикалық аспект), Алматы,
1999. – 204; 292 бб.].
9
Конверсияны
құрылымдық
тұрғыдан
зерттеген
Ж.Т.Сарбалаев
грамматикалық
құрылымдағы
конверсиялық процестерді екіге бөліп қарастырады:
– морфологиялық конверсия – сөздердің сөз табына
ауысуы;
– синтаксистік конверсия – сөйлем мүшелерінің бірінің
орнына бірінің ауысуы [Сөзжасам мәселелері. Алматы,
2003. – 46 б.].
Диссертациялық жұмысының негізгі тұжырымдары
баяндалған
«Сөзжасам
мәселелері»
еңбегінде
Ж.Т.Сарбалаев сөзжасамның семантикалық тәсілін
«лексика-грамматикалық тәсіл» немесе «конверсиялық
тәсіл» деп атауды ұсынады. Бұл екі атау сөзжасамның
бұл түрінің табиғаты мен мазмұнына толық сай келеді
деп есептейді [Сарбалаев Ж.Т. Қазақ тіліндегі
конверсия мен адъективация: Филол. ғыл. канд. дис.:
10.02.02. – Алматы: ҚазҰУ, 1993. – 15 б.]. Ғалымдар
ұсынған терминдердің бәрінің аталуында семантика сөзі
кездесетіндіктен семантикалық тәсілдің табиғаты
мағынамен ашылатындығын бағамдауға болады.
Жоғарыдағы талқылаулардан байқап отырғанымыздай,
тіл білімінде сөзжасамның семантикалық тәсілі әртүрлі
қарастырылған. Терминнің талқылауға түсуі оның
ғылымда
дамуына
үлес
қосады.
Жоғарыдағы
семантикалық тәсілдің берілу сипатына қарасақ, тәсіл
атауы түрліше беріледі. Негізінен, қазақ сөзжасамында
бұл тәсілді лексика-семантикалық тәсіл деп атау үрдісі
бар. Біздің жұмысымызға арқау болып отырған тәсілдің
негізінде мағына жатқандықтан, жаңа сөз жасалғанда
негізгі
критерий
етіп
мағына
алынғандықтан,
семантикалық тәсіл деген терминді қолданамыз.
10 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
Сөздердің заттану, сын-сапалану, сандану, қимылдық
және тағы да басқа мағыналарға көшуі арқылы
транспозиция құбылысы жүреді. Осы негізге сүйеніп,
сөздер грамматикалық категорияларға бөлініп, сөз
таптарын құрайды. Ендеше семантикалық тәсіл арқылы
жасалған туынды сөздердің сөз таптарымен байланысы
осы жерден көрінеді. Сөзжасамның жеке сала ретінде
жаңа сөз жасалып, сөздік қорды толықтыруынан
лексикология саласымен байланысы, ал сөз таптарымен
байланысы тұрғысынан грамматикамен байланысы
байқалады.
Семантикалық тәсіл арқылы дамыған сөздер үнемі бір
сөз табынан екінші сөз табына ауыса бермейді. Қандай
мағыналық дамуға түскеніне байланысты кейде өзге сөз
таптарына ауысса, кейде сол сөз табының құрамында
қалады. Мысалы, жел – табиғи құбылыс, жел – суықтан
болатын ауру, жел – (желу) желдің жылдамдығына
байланысты пайда болған қимыл атауы семантикалық
тәсіл арқылы дамыған. Бірақ осы сөздердің барлығы бір
сөз табына қатысты емес. Алғашқы екі сөз заттану
процесінен өткеннен соң, мағынасына сәйкес зат есім
сөз табына қараса, соңғы сөз етістік сөз табының
иелігіне ауысады, алғашқы екі сөздің біріншісі
екіншісін уәждегенде, екінші мағынасы сөз табына
қатысты өзгермеген.
Конверсия – әлемнің барлық тілдерінде бар құбылыс.
Осы сөзіміздің дәлелі ретінде жұмысымыздың
барысында ағылшын, француз, орыс, түркі және оның
жекелеген тармақтары бойынша жазылған еңбектерге,
ондағы конверсия жайлы көзқарастарға тоқталып
өтеміз.
11
Семантикалық тәсіл арқылы дамыған туынды сөздерді
орыс тіл білімінде Г.О.Винокур, Е.Курилович,
В.В.Виноградов,
В.Н.Ярцева,
А.Н.Уфимцева,
Е.С.Кубрякова және т.б. ғалымдар қарастырса,
түркітануда Э.В. Севортян, А.Н.Кононов, Н.А.Баскаков,
А.А.Юлдашев,
И.А.Батманов,
Ф.А.Ганиев,
А.Гулямов, М.А.Хабичев, Б.О.Орузбаева; қазақ тіл
білімінде А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Н.Т.Сауранбаев,
А.Ысқақов,
Ғ.Мұсабаев,
М.Томанов,
Қ.Есенов,
Н.Оралбай,
З.Бейсенбаева,
Е.Жанпейісов,
Б.Сағындықұлы,
Е.З.Қажыбеков,
Ж.Сарбалаев,
А.Б.Салқынбай, Е.Саурықов қарастырды.
Орыс ғалымы Г.О.Винокурдың: «Значение слова с
производной основой всегда определимо посредством
ссылки на значение соответствующей первичной
основы, причем именно такое разъяснение значения
производных
слов,
а
не
прямое
описание
соответствующего
предмета
действительности
и
составляет собственно лингвистическую задачу в
изучении значений слов» деген пікірі туынды сөз
жасаудағы уәждеуші сөздің ролін анықтап көрсетті
[Избранные работы по русскому языку. 1959, с. 421].
Мағына анықтауда алғашқы уәждеуші сөздің мағынасы
екіншілік туынды сөзге міндетті түрде әсер етеді. Бұл
анықтама сөзжасам теориясын зерттеп жүрген өзге
лингвистердің концепцияларында да көрініс тауып
жүр.
Сөз
семантикасын,
мағыналық
құрылымының
ерекшеліктерін, сөздің ішкі құрылымын зерттеген
ғалым академик В.В.Виноградов «Словообразование в
его отношении к грамматике и лексикологии» атты
зерттеу мақаласында былай деп жазады: «Вопрос о
12 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
путях
и
возможностях
семантического
словообразования чрезвычайно важен для исторической
лексикологии. Его исследование может привести к
открытию интересных внутренних законов развития
словарного состава языка». Ғалымның бұл ойы сөз
жасалуын уақыт айналымы мен тарихтың терең
қатпарларынан қарастыру керектігін ұғындырады.
В.В.Виноградовтың пікірін қолдаушылардың бірі
А.А.Уфимцеваның сөздің семантикалық құрылымы
жөніндегі:
«Семантическая
структура
слова
свидетельствует о наличии у слова уникального
свойства – исторической семантической производности
– свойства фактически присущего только слову»,- деген
пікірі айқын құбылыс [Языковая номинация. М., 1977. –
с. 29]. Сонымен қатар ғалым тілдің лексика-
семантикалық жүйесіндегі сөзді, оның өзгеру сипатын,
мағыналық
құрылымын
қарастырады.
Сөздердің
лексика-грамматикалық
топтарын
сөз
табы
тұрғысынан,
сондай-ақ
олардың
арасындағы
семантикалық қатынастарын зерттейді. Бұл еңбегінде
ғалым мағынаны танудағы өзімізге белгілі үштікті
(семантикалық үшбұрыш) негізге ала отырып, сөздің
семантикалық категориялары зат, оның қимылы және
белгісі деп атап көрсетеді.
Лингвистикалық
сөздіктерде
конверсия
немесе
семантикалық
тәсілге
берілген
анықтамаларда
мағыналық
дамуға
түскен
сөздер
арасында
деривациялық қатынастардың жүретіні айтылған.
Деривациялық қатынастар жөнінде алғаш сөз қозғаған
поляк ғалымы Е.Курилович 1936 жылы Копенгаген
лингвистикалық конгресінде «Деривация лексическая и
деривация
синтаксическая»
атты
баяндамасын
13
лингвистер қауымына ұсынған болатын. Баяндамасында
ғалым сөздің лексикалық мағынасы мен синтаксистік
мағынасының арақатынасын ашып береді. Автордың
лексикалық мағына деп отырғаны туынды сөз жасауға
қабілетті, жаңа екіншілік мағына тудыра алатын сөздің
толыққанды мағынасы болса керек. Ал синтаксистік
деривация – сөйлеу актісінде пайда болған контекстегі
мағынасы. Сонымен бірге синтаксистік мағынаға
стилистикалық
реңктегі
қосымша
мағына,
эмоционалды-экспрессивті мағына және түрлі ауыс
мағыналар енді. Бүгінгі күнде бұл терминдер
лексикалық деривацияның орнына семантикалық
деривация,
ал
синтаксистік
қызметтің
орнына
синтаксистік деривация деп аталып жүр. Ғалым
«Деривация лексическая предполагает, что исходное и
производное слова идентичны друг другу по первичной
синтаксической функции… Приобретя новую базу
деривации (А), форма (В) получает новую функцию», –
деп сөз мағынасына, сонымен бірге сөз табына қатысты
мәселелерді көтереді [Очерки по лингвистике. М., 1962.
– с. 69].
Е.С.Кубрякова туынды сөздің мағынасы, оның
номинативтілігі
туралы
көп
зерттеу
жүргізген
ғалымдардың бірі болды. Ол «Типы языковых значений.
Семантика производного слова» атты еңбегінде
семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің
мағыналық құрылымына, аналогиялық, корреляциялық,
дефинициялық мағыналардың жасалу жолдарына
тоқталған болатын. Аналогиялық сөзжасамда сөздің, ең
бірінші, сөзжасамдық мағынасы пайда болатындығын,
екінші, корреляциялық процесте сөзжасамдық мағына
лексикалық мағынаға ауысатынын, ал дефинициялық
14 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
процесте сөздің туынды: ауыспалы, фразалық,
метафоралық мағыналарының болатындығын, ол
мағыналардың
көпқырлылығын
адам
миының
қызметімен
байланыстыра
отырып
түсіндіреді.
Сөзжасамдық туынды мағыналарды, ең бірінші,
сөзжасамдық мағына деп танып, одан кейін өзге
мағыналарға ажырату қажеттігін ғылыми түрде
дәлелдеді. «Для определения семантического значения в
конкретном производном и в словообразовательном
ряду важно уметь отличать влияние семантической
темы слова от влияния его индивидуальной семантики»,
– деген пікірінің өзі сөздің семантикасын танудағы
ұқыптылықтың қажет екенін ұғындырғандай [29 б.].
Орыс тілі сөзжасамындағы А.Н.Тихоновтың еңбектерін
ерекше атап өтуімізге болады. Сөзжасамның теориялық
мәселелеріне
тоқтала
отырып,
туған
тілінің
сөзжасамдық сөздігін жасап шықты. Туынды сөздің
мағынасы
уәждеуші
сөздің
мағынасы
арқылы
жасалатындықтан сөзжасамдық жұптың сыңарларының
мағынасы өзара тығыз байланыста болады. Бұл туралы
орыс ғалымы: «Самые тесные семантические связи в
гнезде
наблюдаются
между
производящими и
производными словами. Производные слова всегда
зависимы от производящих и формально (если, конечно,
они не утратили живых семантических связей и не
оказались изолированными друг от друга)», - деген ой
айтады [Словообразовательный словарь русского языка:
в 2-х т. М., 1990.].
Орыс тіл білімінде семантикалық сөздіктердің бұдан
бірнеше уақыт бұрын жарыққа шыққанын атап өткен
болатынбыз. Соның дәлелі ретінде Ю.Карауловтың
«Русский
семантический
словарь»
[М.,
1982],
15
«Частотный
словарь
семантических
множителей
русского
языка»
[М.,
1980]
сөздіктерін,
Т.Л.Канделакидің, Н.З.Котелованың және т.б. көптеген
ғалымдардың семантика жайлы жазылған еңбектерін,
сөздіктерін атап өтуімізге болады.
Түркітануда сөз мағынасын зерттеудің ғылыми
негіздері М.Қашқаридан бастау алады. Ол өзінің
«Диуани лұғат ат-түрк» еңбегінде сөздің мағынасын
субъектінің объектіге қатысы негізінде ашып көрсетеді.
Сонымен бірге сөз тудырушы қосымшалар жалғану
арқылы жасалған туынды сөздердің мағынасын ашқан.
Мысалы, «істеуші істі аталған құралмен істегендік
мағынасын аңғартады: ол аны қылышлады – ол оны
қылыштады» деген секілді түсіндіру мысалы арқылы
субъектінің объектіге қатысын көрсетеді [Түбі бір түркі
тілі. А., 1993. – 145 б.]. Еңбегінің соңына қарай бір
буынды түбір негіздердің сөздігін қоса беріп, онда
сөздердің мағыналық топтасуына лайықтап тізіп берген
болатын. Сөз мағыналарының ұқсастығына қарап,
сөздік ұяда бөліп-бөліп береді. Мысалы бас І – иелену,
бас ІІ – басып алу, бас ІІІ – басу, жаншу, бас ІҮ –
зорлау, бас Ү – жығу, басу; бош І – ерікті, азат, бош ІІ –
күйеуінен ажыраған әйел, бош ІІІ – жұмсақ, бош ІҮ –
бос т.б. Түркі халықтарының тілінде көп қолданылатын
актив сөздердің тізімін қосып беріп, олардың
мағыналарын сөйлемдер, анықтамалар беру арқылы
түсіндіреді. Бұл түркі тіліндегі алғашқы түсіндірмелер,
алғашқы зерттеулер қатарынан орын алатын еңбек деп
есептейміз.
Түркі ғылымында өзіндік орны бар, сөз мағынасын
бағамдауда көшелі пікірлер айтқан ғалым Э.В.Севортян
болды. Алғаш рет түркітануда ғылыми түрде
16 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
еңбектерінде сөзжасам, тұлғажасам, сөздің өзгеруіне
қатысты терминдерге анықтама-түсіндірулер берілді.
Ол түркі халқына ортақ «Этимологический словарь
тюркских языков» атты тарихи этимологиялық сөздік
жасау арқылы мағынаны тереңірек ашып, онда түрлі
авторлардың жан-жақты пікірлерін келтірді. Көптеген
авторлардың сөз тұлғасының өзгеруінде кездесетін
фонетикалық, морфологиялық өзгерісіне дейін толық
келтірілген сөздіктердің бірі осы Э.В.Севортянның
еңбегі болып есептеледі. Сөздің этимологиясын ашып,
мағынасын тану барысында Г.Вамбери, Г.Рамстедт
және К.Броккельман секілді түркі сөздері жайлы
айтылған
шетел
ғалымдарының
пікірлерімен
толықтырған.
Э.В.Севортян конверсияны қазіргі түркі тілдерінде жаңа
сөз тудыра алатын қабілеті жоқ деп танып, оны ерте
дәуірде болған синкретизмнің лексика-морфологиялық
көрінісі деп қарайды: «Конверсия как лексико-
морфологическое
выражение
первоначальных
синкретизмов характерного для ранних этапов развития
тюркских языков, ныне представляет собой якобы лишь
пережиточное явление» [Этимологический словарь
тюркских языков. М., 1974.]. Сондай-ақ ғалымның
тілдегі синкретті түбірлердің омонимдес болады деген
пікірі тіл білімінде өз орнын таба алмағанмен, кейінгі оң
зерттеулердің тууына негіз болды деп айта аламыз.
Оның
«Аффиксы
глаголообразования
в
азербайджанском
языке»,
«Аффиксы
именного
словообразования азербайджанского языка» атты
еңбектері де туынды сөз мағынасын айқындаудағы
іргелі еңбектердің бірі болып саналады. Бірақ бұл
17
еңбектер де сөзжасамның синтетикалық тәсілі арқылы
жасалуын көздеген зерттеулер қатарынан орын алды.
Тілші ғалымдар тұлғалары бір, мағыналық жақтан
дамыған сөздерді түбір синкретизмі деп қарайды
(М.Томанов, Ә.Қайдар, Е.З.Қажыбеков). Мұндай
тоқтамға
келуге
негіз
болған
түркітанушы
Э.В.Севортянның «Вопросы языкознания» журналының
1971
жылғы
№6
санында
жарияланған
«Об
«Этимологическом словаре тюркских языков» деп
аталатын мақаласы болатын. Онда етістік – есім
түбірлердің
ерекшелігі,
синкреттілігі
туралы
айтылғаннан
кейін
өзге
ғалымдар
коррелят
проблемасына байланысты зерттеулерін ұсына бастады.
Қазақ тіл білімінде Ә.Т.Қайдардың осы мәселеге
байланысты «Структура односложных корней и основ в
казахском языке» атты еңбегі жарық көрді. Ол зерттеу
мақалаларында түркі тілдерінде алғашқы негіз
сөздердің
синкреттілігін
зерттеудің
аспектілерін
ұсынған болатын. Сонымен бірге синкретті түбірлерді
анықтаудың критерийлерін көрсетті. Критерийлер мен
аспектілерін көрсетіп беруі ғалымның синкретизм
мәселесінің
тіл
білімінде
барлығын
растайды.
Синкретизм түбірлердің тұлғасының өзгеріп, терең
зерттеуді қажет ететіндерін «жабық синкретизм»
терминінің аясында қарастыру керектігін түсініп,
зерттеудің бірден-бір жолы, аспектісі деп таниды.
Түркі сөзінің мағынасын жан-жақты зерттеген ғалым
Е.З.Қажыбековтің
қарастырып
жүрген
негізгі
проблемаларының бірі – есім-етістік корреляттары
туралы болатын. Оның бұл идеясы «Семантика
тюркского слова» атты докторлық диссертациясынан
18 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
бастау
алып,
«Глагольно-именная
корреляция
гомогенных корней в тюркских языках» деген еңбегінде
жалғасын
тапты.
Еңбекте
автор
есім-етістік
корреляттарын «түбір синкретизмі» термині аясында
қарастырып,
бұл
мәселені
сөз
таптарымен
байланыстыра, омонимдердің тууымен астастыра
қарайды. Есім-етістік қалыбымен жасалған синкретті
негіздерге талдау жасап, түсініктеме береді. Түркі
тілдеріндегі сөз мағынасын зерттеу барысында
синкретті деп танылған түбірлерді жинақтап, олардың
мағыналарын ашуға ұмтылады. Оларды «гипотетичные
синкретичные корни» деп атайды. Себебі олардың
түбірлері де, мағыналары да тек тарихи-этимологиялық
зерттеудің, лингвогенездік зерттеудің нәтижесінде
танылатындықтан, болжам ретінде берген болатын.
Сонымен бірге түркі сөздерінің фоно-лексика-
семантикалық
реконструкциясын
жасауға,
көпмағыналылық пен омонимияның арақатынасын
ашуға арналады. Ғалымның бұл зерттеуі түркі
сөздерінің мағынасын нақтылап, жан-жақты көрсетіп
берген еңбек саналады.
Түркітануда сөзжасамды жеке сала етіп бөліп алу
қажеттігін ескерген ғалым А.А.Юлдашев еді. Оның
«Система словообразования и спряжения глагола в
башкирском языке» атты еңбегі түркі тілінің бір
тармағы башқұрт тілінің етістік категориясының
сөзжасамына, туынды сөз жасаудағы роліне тоқталған
еңбектердің біріне саналды. Туынды етістік негіздердің
сөздік қорға қаншалықты қатысты екендігін, сөз
тудырудағы жаңаша қырларын диахронды және
синхронды аспект тұрғысынан түсіндірген еңбек болды.
Кейбір етістік формаларындағы түбір мен қосымша
19
формасының кірігіп, бірігіп кеткені соншалықты,
оларды танып білу синхронды тұрғыдан мүмкін еместей
сипатта екендігін жазады. «Из производных слов к
основному словарному фонду относится тот слой,
который находится как бы на пути к переходу в число
корневых слов. В число корневых слов безусловно
включается те из производных, у которых потеряна не
только семантическая связь с первичной основой, но и
этимологическая связь не оставила видимых следов»
деген пікірінің өзі сөздің тарихи тұрғыдан көнеден келе
жатқанын, тілдің даму барысында түрлі өзгерістерге
ұшырайтындығын көрсетеді. Бірақ сөз этимологиясын
тану қиынға түскенімен, сол тілді қолданушы үшін
сөздік қордан алатын орны бар екендігін, тілді
пайдаланушының қолданыс үстінде оның шығу
тарихын ойлап жатпайтындығына тоқталады.
Конверсияны Э.В.Cевортян тілдің көне фазаларында
өмір сүрген деп таныса, А.А.Юлдашев: «Конверсия
должна
рассматриваться
как
один
из
функционирующих
в
современных
языках
словообразования», - деп жазады. Автордың осы
пікіріне қарап, конверсия тілдің көне дәуірінен бүгінгі
күнге жалғасып келе жатқан тәсіл екенін байқауымызға
болады.
Сөзжасамды жеке сала етіп қарастыруды ұсынған ғалым
Ф.А. Ганиев еді. Ол «Суффиксальное словообразование
в современном татарском литературном языке» атты
еңбегінде сөзжасам саласын грамматикадан бөліп
алудың қажеттігін айтты. Бұл ұсынысын: «Новые слова
образуются
не
только
морфологическими,
синтаксическими и морфолого-синтаксическими, но и
лексико-семантическими, фонетическими способами.
20 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
Как известно, эти последние вообще не входят в
грамматику. Поэтому словообразовательные процессы
невозможно рассматривать только в рамках и в
плоскости грамматики», – деген пікірі дәлелдейді.
Лексика
мен
фонетика
грамматика
құрамына
енбейтіндігін тілге тиек етеді. Ендеше сөзжасамды
грамматика қарамағында қарастыруға еш негіз жоқ деп
ескертіп, оның тіл білімінің жеке саласы ретінде
қарастырылуын қадап тұрып айтады.
Туынды сөз терминінің табиғаты күрделі. Термин
ретінде анықталу үшін оның өзіндік критерийлері бар
екеніне жоғарыда тоқтаған болатынбыз. Осы мәселеге
байланысты туынды сөзді суффикс жалғану арқылы
жасалатын тұлға деп ойласақ қателесетінімізді айта
отырып: «На наш взгляд, употребление термина
«производное слово» для обозначения одного лишь
понятия «суффиксальное слово» не соответствует его
природе и не раскрывает структурной природы слов с
точки зрения их производности и непроизводности», –
деп туынды сөз терминінің ауқымының кең екенін,
оның тек қана суффиксті жолмен ғана емес,
сөзжасамның өзге де түрлі тәсілдері арқылы
жасалатындығын жазады: «Лексико-семантический
способ
словообразования
представляет
собой
образование нового слова, новой материальной
лексической
единицы
путем
семантического
расщепления одного слова на омонимы. Основным
условием лексико-семантического словообразования
является появление омонимов на базе какого-либо
слова».
Туынды сөздердің жасалу тәсілдерін қамтылған еңбек
М.А.Хабичевтің зерттеуі болды. Бірақ мұнда да
21
сөздердің жасалуының тәсілдері берілгенімен, негізінен,
лексика-семантикалық тәсілден өзге тәсілдерге кеңірек
тоқталады. Құман тілдеріндегі атау сөздердің жасалуын
қарастырған М.А.Хабичев: «Лексический способ
является самым древним способом образования слов, он
появился вместе с возникновением языка и мышления.
Все другие способы образования слов являются
результатом
дальнейшего
семантического
и
формального развития лексического способа», – деген
құнды пікірін келтіре отырып, құман тілдеріндегі,
сонымен бірге батыс қыпшақ тілдеріндегі алғашқы
түбірлердің тізімін береді. Бірақ бұл тізім өте аз.
Атаудың
лексикалық
тәсіл
арқылы
жасалуын
сөзжасамның өнімсіз тәсілі деп қарастырып, үш беттік
қана мәлімет береді. Қалған зеттеулердің барлығы
синтетикалық және аналитикалық тәсіл түріне
арналады.
Қырғыз тілінің сөзжасамын қарастырған ғалым
Б.О.Орузбаева қырғыз тілінің сөзжасамы туысқан
тілдердің көмегінсіз зерделене алмайтындығын ескере
отырып, тарихи тұрғыдан сөзжасамды зерттеу негізгі
проблемалардың бірі екендігіне тоқталады. Себебі
қырғыз тіліндегі сөз мағынасы, сөз түбірі, сөз табиғаты
өзге түркі тілдерімен тығыз, айрылмас байланыста
екенін түсінген. Түркі тілдерінің сөздік құрамы тек қана
аффиксалды
жолмен
немесе
сөз
тіркестерінің
лексикалану нәтижесінде толықпағанын ескеріп, тіл
лексикасы
сөзжасамның
лексика-семантикалық
тәсілінің қызметі арқылы байығанын ескертеді:
«Лексика
языка
обогащалась
и
в
связи
с
функционированием лексико-семантического способа
словообразования». Автор лексика-семантикалық тәсіл
22 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
арқылы
жасалған
сөздердің
омонимдерді
қалыптастырудағы қызметінің ерекше екендігін осы
еңбегінде айтып өтеді. Демек, ғалымның пікіріне
сүйенетін болсақ, қазіргі тіліміздегі кейбір омоним деп
танылып
жүрген
сөздердің
тарих
қойнауында
мағыналық байланысқа ие сөздер екеніне күмән жоқ.
Түркі
тілдеріндегі
сөзжасамға
қатысты
ортақ
проблемаларды, сөзжасамның лексика-семантикалық
тәсілі арқылы жасалған туынды сөздерді зерттеуде
қазақ ғалымдарының да үлесі мол.
Қазақ
тіл
білімінің
негізін
салушы
ғалым
А.Байтұрсынов дүние жүзінің тілдерін:
–
түбіршік тіл,
–
жалғамалы тіл,
– қопармалы тіл деп анықтай келіп, түркі тілдерін
жалғамалы тілдер қатарына жатқызған болатын.
Жалғамалы тілдер ұзақ уақыт даму процестерінің
нәтижесінде қалыптасқанына күмән жоқ. Себебі тілдегі
қосымшалар жекелеген сөздерден ықшамдалғаны
жайлы ғылымда біраздан бері айтылып келеді, осыған
қарап
тілдің
жалғамалылық
қасиетінің
өзге
ерекшеліктермен салыстырғанда жаңа сипатта екенін
түсінуге болады. Ендеше, жалғамалылық қасиетке
жеткенше
тіл
лексикасы
семантикалық
және
аналитикалық жолмен дамыған.
Уақыт өте келе, адамның танып-білгені, көзқарасы
сыртқа ойлау нәтижесінде сөз болып шығады. Сөз
мидың ойлауы, салыстыруы, ұқсастыруы, жүректің
сезінуі, көкіректің түйсінуі арқылы мағыналық реңк
алып, дамуға түседі. Сөйтіп сөз тұтастай тілді құрайды.
Қазақ тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі
23
Қ.Жұбанов: «Ой – адамның өзі жайлы, болмаса,
төңіректегілер жайлы білгені. Сөз деген – сол білген
нәтижелердің аты», − деп, ой мен сөздің арақатынасын
пайымдаған. Еңбектерінде сөзжасамды жеке сала
ретінде қарастырмағанмен, сөздердің жасалуындағы
адам танымының ролін, ойдың, ой арқылы туындайтын
мағынаның алатын орны жайлы тоқталып өткен.
Қазақ тілінде сөзжасамды арнайы зерттеу нысаны
ретінде қарастырмағанымен, сөздік қордың толығуын
еңбектеріне арқау еткен ғалымдарымыздың бірі
Н.Т.Сауранбаев болды. Ол біздің түбір деп танып
жүрген
сөздеріміздің
көпшілігі
қосымшалардың
(жұрнақты айтып отырған болу керек) жалғануы
арқылы пайда болғанын айта келіп, мұны “сөздердің
жалғауланып жасалу заңы” деп атайды. «Байырғы
түбірлердің төлденуі сөздік қордың дамуын ғана
көрсетеді. Оның енді сапалық заңы бар. Ол – семантика
заңы», - деп атап көрсетеді. Сөйтіп семантика заңына
жататын қарама-қарсылық заңын, ат ауысу заңын,
ұқсату заңын, бөлшектің тұтастану заңын, қызмет заңын
белгілейді. Семантика заңдары сөзжасамның зерттеу
нысаны болатындығы күмән келтірмейді. Себебі ол
заңдардың барлығы сөз тудыру жолдары болып
есептеледі.
Тіл
табиғатын
тарихи
тұрғыдан
зерттегенде
ескерткіштер тіліне сүйенетініміз анық. Қазақ тілінің
сөзжасам жүйесі ұзақ дамудың нәтижесі екендігін осы
ескерткіштеріміз айқындап береді. Содан бері дамып,
толығып, қырланып бүгінгі сөзжасам жүйесін құрап
отыр. Ескерткіштер тілі жөнінен зерттеу жүргізген
ғалымымыз Ғ.Айдаров «Язык Орхонских памятников
древнетюркской письменности ҮІІІ века» атты
24 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
еңбегінде көне түркі тілі сөзжасамының тәсілдерін атап
көрсетіп, тілдің даму тарихында ол тәсілдердің бірден
емес, біртіндеп, уақыттың төрелігімен, тілді қолданушы
адам баласының қажеттілігімен пайда болғанын
жазады.
Шындығында,
Орхон-Енисей
жазба
ескерткіштерін оқып отырсақ, көп сөздер түсінікті. Тек
кейбір өлі формалар ғана түсінік беруді қажет етеді.
Мысалы, «Білге қаған» жырында «Мен түрк Білге қаған
бул өдке олуртум» деген жыр жолдарын алып қарасақ,
жалпы мағынасы адамға түсінікті. Бірақ өд сөзін тіл
маманы екшеп бергеннен кейін барып түсінуіне жол
ашылады. ҮІІІ ғасырда тасқа қашалып жазылып қалған
еңбек ХХІ ғасырда да оқыған адамға толығымен деп
айтпасақ та, біршама түсінікті. Бұл тіліміздің
мазмұндық, мағыналық өзгерісінің тұрақты екендігін
көрсетеді.
Ә.Ибатовтың «Сөздің морфологиялық құрылымы» деп
аталатын
еңбегінде
Алтын
Орда
дәуіріндегі
ескерткіштер тілінің ерекшелігі түбір мен туынды сөз
арқылы ашылады. Туынды сөз құрамындағы сөз
тудырушы
аффикстерге
талдау
жасалады.
Аффикстердің тарихи сипатына да тоқталады. Сондай-
ақ Ә.Ибатов түбірлер тақырыбына зер салып, оларды
синкретикалық түбірлер, түпкі түбірлер, негіз түбірлер
деп бөліп, жұрнақтар жалғану арқылы жасалған туынды
негіздерге сипаттама береді. Автордың синкретикалық
түбірлер туралы ойлары өзге синкретизм жайлы
жазылған ғалымдар пікірімен сәйкесіп жатады.
Етістік және есім негізді омонимдердің кездейсоқ,
ешбір жүйесіз тұлғалардың ұқсастығы ғана емес, өз
алдына жеке жаңадан сөз тудырудың ерекше үлгісі,
амалы екендігін автор осы еңбегінде жазады. ХІҮ ғ.
25
жазба ескерткіштер тілін зерттей отырып, автор
синкретикалық түбірлердің үш түрін анықтайды:
– зат есім – етістік;
– сын есім – етістік;
– зат есім – сын есім.
Осылай бөліп беріп, ең көп қолданылатын зат есім –
Достарыңызбен бөлісу: |