Қазіргі түркі тілдеріндегі сөзжасамдық Үдерістер шойбекова ғазиза бейсенбекқызы


Сөзжасамдық үдерістер және транспозиция



Pdf көрінісі
бет5/54
Дата22.05.2022
өлшемі1,7 Mb.
#35309
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
ҚАЗІРГІ-ТҮРКІ-ТІЛДЕРІНДЕГІ-СӨЗЖАСАМДЫҚ-ҮДЕРІСТЕР

 


39
Сөзжасамдық үдерістер және транспозиция 
Тіл байлығы сөздің мағыналық дамуға түсіп, түрлі 
қолданыста реңк алып қарым-қатынас қажетін өтеуімен 
тығыз байланысты. Адамзат баласы тілдің ерте 
дәуірінде сөздердің ешқандай қосымшасыз, мағыналық 
дамуға түскен тілдік бірліктермен коммуникативтік 
қажеттіліктерін өтеген. Тілдегі сөздерді грамматикалық 
топтарға бөлу тіл пайда болғаннан көп кейін қолға 
алынған. Қаншама кезең өткен соң барып, сөзжасамдық 
процесс арқылы дамыған сөздерді түрлі тілдік 
ерекшеліктеріне 
сай 
жеке-жеке 
грамматикалық 
топтарға, сөз таптарына бөліп жүрміз. Сөз таптарына 
бөлу – тілдің көне замандарынан бері бар құбылыс. 
Кейбір зерттеушілердің айтуынша сөздерді сөз 
таптарына бөлу Антика дәуірінен бері жалғасып келеді. 
Сол замандардың өзінде философтар тілдегі сөздерді 
сөз таптарына бөлуді жүйелей бастаған. Содан бері 
ғылымда толассыз зерттеулер осы мәселеге байланысты 
жарияланып келе жатыр. Бірақ сөздердің сөз таптарына 
бөліну процесі сөзжасамның негізгі зерттеу нысаны 
бола 
алмайды. 
Жоғарыда 
айтып 
өткеніміздей 
сөзжасамдық процесс тілдің өн бойында жүріп жататын, 
үзілмес процесс, бірақ сөз таптарына бөлу сөзжасам 
секілді үздіксіз жүріп жатқан процесс емес. Себебі 
сөзжасамда сөз жасалады, ол дәл қазіргі уақытта да өз 
ісін 
жалғастырып 
жатыр, 
ал 
грамматикалық 
(морфологиялық) жүйе процесс емес, ол – сөзжасам 
процесінде жасалған сөздердің жік-жікке бөлінуі, 
нәтижесі.


40 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
Семантикалық 
тәсіл 
арқылы 
жасалған 
сөздер 
транспозицияланып, екіншілік номинацияға көшкеннен 
кейін белгілі бір сөз табын толықтырады. Сөйтіп осы 
жерден семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды 
сөздер мен сөз таптарының байланысы туады. 
Семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің 
транспозициялануы олардың, ең бірінші, табиғи 
болмыс-бітімімен, содан кейін табиғи болмыс-бітім 
негізінде туындаған түрлі аналогиялық, абстракциялық, 
ассоциациялық секілді сөзжасамдық заңдылықтар 
негізінде іске асады.
Сөздердің мағыналық дамуға түсіп, түрлі мағыналық 
реңктерді иемденіп, транспозициялануы – күрделі 
құбылыс. Сөз таптарына бөліну сөз мағыналарының 
дамуы нәтижесінде іске асса, мағынаны мазмұн 
тудыратын болса, әлемнің тілдік бейнесі ой арқылы 
сыртқа сөз арқылы шықса, әрине, күрделі құбылыс 
саналады. Біз атап көрсетіп отырған күрделі құбылыс 
адам танымымен тығыз байланыста. Адам танымы, 
сезінуі, түйсінуі негіз болған тілдік қатпарлар да сан 
қилы. Тілдің әр қатпарында түрлі тілдік мағыналар 
жатыр. Әдетте, сөзге анықтама бергенде мағына мен 
дыбысталудың бірлігінен тұрады дейміз. Сөзді 
анықтаудағы үштіктің (семантикалық үшбұрыш) 
негізінде мағына пайда болады, сонымен қатар сөз 
мағынасын айқындауда өзге мағына компоненттерін 
негізгі мағына арқылы айқындауға болады. Мысалы, 
«Лингвистический 
энциклопедический 
словарьда» 
сөздің лексикалық мағынасының құрылымын анықтауда 
басты деген екі аспектісі: денотаттық, сигнификаттық 
мағыналар беріледі де, оған қосымша ретінде 
прагматикалық аспект қосылады. Үшінші мағынаны 


41
кейде коннотативті мағына деп атау да ғылымда 
кездесіп жүргендігін тілге тиек етеді. Мұнда мағынаның 
ядросы сигнификаттық жағы деп түсіндіріледі.
Лингвистикалық 
терминдер 
сөздігін 
жасаған 
О.С.Ахманованың сөздігінде сөздің макромағыналары 
денотация, сигнификация, коннотация деп аталып, 
оларға жеке-жеке анықтама беріліп, өздеріне тән 
ерекшеліктері ашылады. «Денотация – выражение 
собственно содержания, основного значения языковой 
единицы в отличие от коннотации или сопутствующая 
семантика стилистических оттенков»; «Сигнификация – 
то же что функция сигнификативная, сигнификация 
слова. Значение, присущее слову как единица языка в 
отличие от того значения которое оно приобретает при 
употреблении в конкретных ситуациях речи, т.е. в 
отличие от его номинации». «Коннотация – 1. 
(добавочное 
значение, 
окраска. 
Окрашенность). 
Дополнительное содержание слова (или выражения), 
его сопутствующие семантические или стилистические 
оттенки, которые накладываются на его основное 
значение, служат для выражения разного рода 
экспрессивно-эмоционально-оценочных обертонов и 
могут придавать высказыванию торжественность, 
игривость, непринужденность, фамильярность и т.п. 2. 
Значение 
как 
инвариант 
(сигнификация, 
интенсиональное значение и т.п.) в противопоставлении 
денотации, мыслимой как экстенсиональное значение, 
соотнесение с данным референтом и т.д.». Осындай 
анықтамалар беру арқылы ғалым тілдегі аталған 
құбылыстардың 
мағына 
жасаушы 
компоненттер 
екендігін атап көрсетеді.


42 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
Орыс ғалымы А.А.Уфимцева мағынаның номинативтік, 
яғни денотаттық, сигнификаттық және прагматикалық-
эмоционалды-экспрессивті мағыналарының болатынын 
атап көрсеткен. Ал Л.М.Васильев сөз мағыналарын 
арнайы зерттеу нысаны ретінде қарастырып, мынадай 
топтарын анықтайды: 
– эмпирикалық; 
– рационалды; 
– коннотативтік мағына.
Сөздің эмпирикалық мағынасының тууын құрылымдық 
негізде қарастыра отырып, сезім мүшелеріне әсер етуі 
арқылы шындық болмыс бейнесінің ұғым арқылы 
қалыптасқан мағынасын таниды. Ал рационалды 
мағына ақылға салып, ойлаудың нәтижесінде пайда 
болған мағына, коннотативті мағынаны адамзат 
баласының сөйлеу актісіндегі көңіл-күйіне, эмоциясына 
қатысты 
пайда 
болған 
мағынаны 
атайды. 
Л.М.Васильевтің 
коннотативті 
мағынасы 
А.А.Уфимцеваның прагматикалық мағынасына сәйкес 
келеді.
Қазақ тіл білімінде денотаттық, сигнификаттық, 
коннотациялық мағыналарды зерттеген ғалым М.Оразов 
денотаттық мағына, сигнификаттық мағына және 
эмоционалдық мағына деп үш түрге бөліп қарастыру 
керектігін сөз ете отырып, мағынаға мынадай анықтама 
береді: “Лексикалық мағына дегеніміз – белгілі бір 
дыбыс не дыбыстар тізбегі мен шартты, тарихи және 
әлеуметтік байланысқа түскен объектив дүниедегі 
заттардың, амал-әрекеттердің, түрлі құбылыстардың 
адам 
санасындағы 
жалпыланған, 
дерексізденген 
бейнесі” [Қазақ тілінің семантикасы. А., 1991]. Ол 


43
денотат 
пен 
референттің 
ара-жігін 
ажыратып, 
денотаттық мағынаны таным теориясымен тығыз 
байланыстырады, оның адамның сезім мүшелеріне 
түйсік туғызатын заттық қасиеттері денотаттық мағына 
жасайтындығына тоқталады. Сөз мағынасын анықтауда 
екі түрлі жолды атап көрсетеді:
− ономасиологиялық жол,
− семасиологиялық жол. М.Оразовтың мұндай екі 
жолды таңдап алуының себебі бар. Мағына сөзде 
болады, сөз затты атайды. Сөз тек адам баласына 
берілген тілдің бір ғана компоненті саналады. Атауға 
негіз болған зат табиғаттың бейнесі саналады. Әлемнің 
бейнесі тілге адамның танымы арқылы ауысады, сөйтіп 
ол қабылдаудың, түйсінудің, ұғынудың нәтижесінде 
мазмұнға ауысып, мағынаға айналады. Міне осындай 
табиғи тілдік сақина (айналым) жасай отырып, сөз 
мағынасы танылады, сөз табиғаты ашылады. Сөз 
мағынасын ономасиологиялық аспектіден талдағанда 
объектив дүниедегі заттармен, құбылыстармен ара 
қатынасын, денотатқа берілген атаудың табиғи сипатын 
ашу қажет болса, семасиологиялық аспект пайда болған 
мағынаның 
қалыптасу, 
даму 
механизмдерін 
қарастырады. Түптеп келгенде екеуі екі түрлі жол 
болғанымен, бір мақсатқа жұмылдырылады. Сондай-ақ 
тіл білімінде қалыптасқан семантикалық үшбұрыштың 
құрылымындағы ерекшеліктерге тоқталады. Ұғым, 
мағына, 
атау 
арасындағы 
ерекшеліктерді, 
ұқсастықтарды саралап береді. 
Ғалым Б.Қалиев пен А.Жылқыбаеваның авторлығымен 
жарық көрген «Сөз мағыналарының негіздері» деп 
аталатын еңбек мағынаның қыр-сырын, түрлерін, 


44 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
құрылымын, ерекшелігін жан-жақты талдап, анық, 
ашық көрсететін толыққанды еңбектердің бірі болды. 
Мұнда сөздің дыбыспен, ұғыммен, мағынамен 
арақатынасы, лексикалық, грамматикалық мағыналары
көпмағыналылықпен арақатынасы, сөз мағыналарының 
ірі және уақ құрылымдары нақты мысалдармен 
дәйектеліп көрсетіледі. Авторлар сөз мағыналарының 
мазмұнына, беретін мағынасына орай бірнеше ірі 
құрылымдарға және уақ құрылымдарға бөлінетіндігін 
айтады. Сөз мағыналарының ірі құрылымдарына заттық 
(денотаттық) мағынаны, ұғымдық (сигнификаттық) 
мағынаны, 
сезімдік 
(коннотаттық) 
мағынаны 
жатқызады. Ғалымдардың айтуынша, белгілі бір затты 
атағанда ойға ең бірінші қай мағынасы түсетін болса, 
сол мағына негізгі, заттық (денотаттық) мағына деп 
аталады да, екінші мағына ұғымдық (сигнификаттық) 
мағынаға сәйкес келеді. Бұл пікірдің ономасиологиялық 
тұрғыдан жаны бар деп айтуымызға негіз бар. Себебі 
екінші мағына адам миында бұрын бар ұғым негізінде 
жасалғандықтан оларда туындылық сипат басым болып, 
ұғымдық мағына пайда болады. 
Семантиканы 
негізгі 
зерттеу 
нысаны 
ретінде 
қарастырған А.Б.Салқынбай номинациялық процесс 
нәтижесінде жасалған атаудың екі жақтылығына, яғни 
оның дыбыстық жамылғышы мен мағынасына 
(ұғымның бейнесіне) сәйкес тіл білімінің негізгі 
салалары қалыптасатынын, түптеп келгенде атау жасау 
дегеніміздің өзі тіл жасау процесіне алып келетінін сөз 
етеді. Тіл білімінде дәстүрлі түрде қалыптасып, 
орнығып қалған семантикалық үшбұрыштың өзгеріске 
түсіп, тілдің жасалуын құрайтынын көрсетіп береді. 
Ғалымның дәстүрлі үштіктің қарым-қатынас құралы


45
адамзат тілінің жасалуының қайнар көзі екендігі туралы 
пікірінің ғылымда өзіндік салмақты орны бар. 
Адамның сезім мүшелерінің қатысуы арқылы алғашқы 
түйсінулердің пайда болуы мағына туындатудың 
алғашқы белгілері болып табылады. Демек, денотаттық 
мағына түйсіктің нәтижесінде іске асады деген сөз. 
Көру, есту, дәм сезу, тері, мұрын секілді сезім мүшелері 
арқылы мағынаның алғашқы баспалдақтары беріледі. 
Сезім мүшелері сигналдарының миға берілуі арқылы 
адам миында бұрыннан да бар белгілерді оятып, өзіміз 
білетін ұқсас заттарға ұқсас мағына туындайды. Сөйтіп 
тілімізде көпмағыналылық пайда болып, ол уақыт 
шеңберінде толық атау мағынасына көшіп, жаңа сөз 
иесі бола алады. 
Денотат терминіне сөздіктерде мынадай анықтамалар 
беріледі: «денотативное значение – понятийное ядро 
значения, 
т.е. 
объективный 
(номинативный, 
внешнеситуационный, когнитивный). Многозначность 
характеризует не только термин «денотат» но и 
соотносительные с ним термины – «денотативное 
значение», 
«денотативная 
отнесенность», 
«денотативные аспекты (компоненты)» смысла». 
Денотат тілдік таңбамен сәйкес келеді. Тілдік таңба 
қаншалықты көпқырлы болса, оның сигнификатты 
белгілері де соншалықты жан-жақты. Сол себепті 
денотаттық мағынаны тілдік таңбаның ұғымдық ядросы 
деп атаймыз. Денотат сөздің көпмағыналылығын 
тудыруға өте қабілетті. Оның көпқырлылығымен 
байланысты мағына өрбітуі тілдің семалық жақтан 
дамуына әсері мол. Денотаттың көпқырлылығын 
көрсеткен сөздіктердің бірінде денотаттың а) нақтылы 
сөз бөлігінің денотаты референтпен пара-пар саналады, 


46 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
ә) болмыстағы объектілерге тән, ортақ белгілер 
жиынтығын 
атайтын 
құбылыс 
деген 
белгілері 
көрсетілген. 
Жоғарыда 
айтып 
өткен 
көпмағыналылықтың дамуында денотаттың ролі зор 
деген ойымызды осы пікір дәлелдейді, яғни түрлі 
заттарға тән ортақ белгілер – таңбаларға тән құбылыс. 
Мысалы, бас сөзін алып қарасақ, ортақ мағына – белгілі 
бір таңбаның немесе денотаттың ортақ белгісіне сай 
аталған заттың ең жоғарғы бөлігі, енді осы денотат 
арқылы танылған ортақ мағынадан түрлі мағыналар 
тарап көпмағыналылықтың жасалуына негіз болады. 
Сонда кез келген заттың  жоғарғы жағы – объективті 
зат –  денотат, адамның немесе субъектінің заттың 
жоғарғы немесе төменгі нүктесі екенін тануы, ол туралы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет