Қазіргі түркі тілдеріндегі сөзжасамдық Үдерістер шойбекова ғазиза бейсенбекқызы



Pdf көрінісі
бет6/54
Дата22.05.2022
өлшемі1,7 Mb.
#35309
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
ҚАЗІРГІ-ТҮРКІ-ТІЛДЕРІНДЕГІ-СӨЗЖАСАМДЫҚ-ҮДЕРІСТЕР

биіктік, ұзындық секілді сындық ортақ мағынасын білуі 
сигнификат, сигнификаттық мағына арқылы пайда 
болған үстеме, қосымша мағыналары коннотациялық 
мағына болып есептеледі. Мысалы, адамның басы, 
малдың басы, шөптің басы дегендер денотаттық 
мағынаны иемденсе, бас директор, бас сарашы 
дегендегі бас сөздері сигнификаттық мәнге ие. Себебі 
оларда кәдімгі таңбалық негіздегі  басты атап отырған 
жоқ, сол басқа негізделіп жасалған ұқсастыққа сай 
пайда 
болған 
сындық 
мағынаны 
иемденіп 
сигнификаттық қасиетке ие болып отыр. Ал бастау 
етістігіндегі  бас сөзінің мағыналық ерекшелігі өзгеше. 
Бұған ешқандай алғашқы денотаттық мағынасындағы 
бас сөзі тікелей уәж болып тұрған жоқ. Мұнда сөз 
мағынасының сатылап өсуі байқалады. Мысалы адамзат 
баласының түсінігінде бас – жоғарғы дене мүшесі 
саналады. Ал  аяқ  – соңғы мүше. Осыған байланысты 
алғашқы қадам жасаған адамның қимыл әрекеті  басқа 
қатысты болып тұр. Қазіргі тілімізде бұл сөз әбден 


47
тұрақтанып, сіңісіп, алғашқы денотаттық мағынасынан 
алыстап, аяқпен, яғни басқы емес, төменгі мүшемен 
қадам жасауды  бас, басу деп атаған. Көне замандарда 
бұл сөз бірінші стилистикалық, сондай-ақ эмоциялық 
реңкті жамап, бірте-бірте жалпылық қасиетке ие болған
деген пікірге тоқтап отырмыз. Ендеше денотаттың, 
денотат арқылы пайда болған денотаттық мағынаның 
өзге мағыналар тудырудағы қызметі ерекше деп 
айтуымызға негіз бар.
Сөз 
мағынасының құрамында денотаттан өзге 
сигнификаттық мағынаның болатыны да белгілі. Егер 
денотат шынайы болмысты алғаш көргенде пайда 
болатын мағына болса, сигнификаттық мағына сол 
затты көргеннен кейін адамзат баласының оған беретін 
бағасы, сыны, қасиеті, сапасы, саны және тағы басқа 
бағалаушылық қабілеті. «Сигнификат – понятийное 
содержание. 
В 
первом 
случае 
сигнификат 
противопоставляется 
денотату 
как 
идеальное, 
психическое образование – материальному. Во втором 
случае сигнификат понимается как номинат слова в 
системе языка, противопоставляясь денотату как 
номинату слова в актуализованной речи». Сөздікте 
сигнификат денотатқа қарама-қарсы қойылады деп 
түсіндіріледі. Бұл қарастырылып отырған екі объектінің 
бір-бірімен қатар өрби отырып зерттелуінен туындаса 
керек. Шын мәнінде бұл нысандар бірінің мағынасын 
бірі ашып отырады, яғни бірін бірі толықтырып 
отыратын құбылыстар. Ендеше «сигнификат – тілдік 
белгінің (денотаттың) ұғымдық мазмұны”. Демек, 
денотат объектив зат, ал денотаттық мағына – 
объективті зат мазмұнынан туындайтын мағына. 
Сигнификат – объективті затқа берілген субъектінің 


48 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
анықтамасы. Ендеше мұндағы ой субъективті қасиетке 
ие. Бірақ ұғым мен сигнификатты қатар қоюға 
болмайды. Белгілі бір затты көргенде адамда түйсік 
арқылы түрліше ұғым қалыптасуы мүмкін, яғни ұғым әр 
адамда әр түрлі болады. Ал сигнификат ортақтыққа тән. 
Осы ортақтық сөз мағыналарын жинақтап, ортақ мағына 
тудырып, содан кейін дифференциалды мағыналардың 
бөлініп шығуына мүмкіншілік жасайды. Осыған қарап 
сигнификат екіншілік, ал ұғым біріншілік мәнге ие деп 
пайымдауымызға болады. Бірінші қасиетке ие ұғымнан 
да бұрын денотаттық мағына тұрады.
Сөзді гносеологиялық аспектіден зерттегенде ондағы 
мағына сигнификаттық мағынамен тең түседі. Себебі 
гносеологиялық аспектіден қарағанда сөз – таңба 
мазмұны мен мағыналар жиынтығы ретінде зерделенеді. 
Мағына мен мазмұн жиынтығы деп отырғанымыз 
денотатты 
көрген 
кездегі 
алғашқы 
түйсікті 
қалыптастырады. Алғашқы көргендегі түйсік арқылы 
қабылданған түсінік денотатқа сай келеді.
Коннотациялық мағына адамның түрлі көңіл-күйіне 
байланысты пайда болатын эмоционалды-экспрессивті 
мағыналар, 
сондай-ақ 
қосымша 
стилистикалық 
мағыналар 
да 
осы 
коннотацияның 
ішінде 
қарастырылады. 
Коннотациялық 
мағынаның 
тіл 
білімінде түрліше аталып жүргенін жоғарыда атап өттік. 
Орыс 
тілінде 
жарық 
көрген 
лингвистикалық 
энциклопедиялық 
сөздікте 
сөздің 
лексикалық 
мағынасына берілген анықтамада прагматикалық 
мағына деп беріледі, ал жеке түсіндірмеде: «Коннотация 
– это дополнительное значение – эмоциональная, 
оценочная или стилистическая окраска языковой 
единицы узуального (закрепленного в системе языка) 


49
или 
окказионального 
характера. 
В 
структуре 
коннотация 
ассоциативно-образный 
компонент 
выступает 
как 
основное основание оценочной 
квалификации и стилистически маркированности 
связывая денотативное и коннотативное содержание 
языковой 
единицы». 
Коннотативті 
мағынаны 
түсіндіруде тіл білімінде семантикалық ерекшеліктеріне 
сай қосымша мағына, үстеме мағына секілді 
анықтауыштар жиі кездеседі.
Қазақ тілінде жарық көрген лингвистикалық түсіндірме 
сөздікте коннотациялық мағына деп аталып жүр: 
«Коннотация – тіл бірлігінің эмоциялық, бағамды 
немесе 
стилистикалық 
реңі». 
Мұны 
М.Оразов 
эмоциялық мағына деп атайды. Осы анықтамаларға 
қарап отырып аталып отырған мағына сөйлеушінің 
өмірлік тәжірибесінен, танымынан, болмыс-бітімінен 
нәр алатынын байқауымызға болады. Жоғарыда атап 
өткен 5 (бес) сезім мүшесі арқылы ғана мағына 
жасалмайды, сонымен қатар мағына құрамында 
адамның өмірінде жинаған өзіндік көзқарастары сөз 
мағынасына әсер етеді. Эмоция мен экспрессияны 
мағына жағынан ажырату бар. Бірақ бұл психология 
пәні үшін қажетті болғанымен тілшілер үшін негізгі боп 
саналмайды. Эмоция бар жерде экспрессияның 
болатыны анық. Эмоция субъектив, индивидуалдық 
сипатқа ие. Тіпті кейде сезімтал, кейде дөрекі, тұрпайы. 
Бұлай екі түрлі сезім туғызу өмір тәжірибесі негізінде 
адамдар арасында белгіленген нормамен және баға беру 
түсінігімен 
байланысты. 
Н.Д.Арутюнова 
«Типы 
языковых значений. /Оценка, событие, факт/» деген 
еңбегінде баға беруге байланысты туған мағынаны екіге 
бөліп қарастырады: біріншісі, жалпы бағалаушылық 


50 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
мағына, екіншісі, жеке бағалаушылық мағына. Жалпы 
бағалаушылық мағынаны бір нәрсенің қасиетін 
жалпылап айтқанда қолданылатын жақсы, жаман, 
күшті, 
керемет, 
тамаша 
секілді 
мағыналарды 
жатқызады. Ал жекелеген мағыналар, мысалы жаман 
болса, несімен жаман, неге ұнамайды, жағымсыз 
жақтарын санамалап айту сипатына ие болады. Автор 
осы жағдайларды ескере отырып, олардың түрлерін 
түрлі жағдайларға байланысты ажыратып береді.
Коннотациялық мағынаны арнайы зерттеген В.Н.Телия 
болды [77]. Ол коннотациялық мағынаны кеңінен 
түсіндіріп, 
оған 
эмоциялық 
мағынаны 
да, 
стилистикалық мағынаны да қоса қарастырады. Біз, 
негізінен, 
В.Н.Телияның 
осы 
пікірін 
қостап, 
жұмысымыздың барысында коннотациялық мағына 
терминін 
қолданамыз. 
Денотаттық 
мағына, 
сигнификаттық 
мағына, 
коннотациялық 
мағына 
терминдеріне 
анықтама 
беріп, 
оларға 
талдау 
жасауымыздың себебі тілдің даму барысындағы 
мағынаның ролі зор екенін көрсету. Төмендегі тілдік 
талдауға негіз болып отырған сөздің өн бойынан 
денотаттық, сигнификаттық және коннотациялық 
мағынаны көре аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет