етістік, сын есім – етістік түбірлер де, зат есім – сын
есім түбірлер ғана кездеспейтіндіктен кейінірек пайда
болған құбылыс деп түсіндіреді.
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы саласында көп еңбек
еткен ғалым М. Томанов есім –етістік түбірлердің
түркологияда омоним деп қарастырылып жүргендігін
сөз ете келіп, көне түркі тілінде бар құбылыстың қазіргі
түркі тілдерінде де көрінісі бар екендігін жазады. Түркі
тілдерінде тоң (мұз), тоң (тоң май), тоң (ол тоңды),
қат (қаттап жинау), қат (қатты болу), сұқ (сұқ саусақ),
сұқ (қолын сұқты), сұқ (біреуге сұғын қадау) сөздерінің
түбір күйінде омонимдік қатар құрайтынын, сонымен
қатар синкретикалық параллельдердің тарихи сипатқа
ие екенін, оның туыс тілдер арасында мол кездесетінін
еңбектерінде көрсетіп жүр. Біздің заманымызға
жуықтаған сайын ондай сөздердің санының азая
бастағаны жайлы пікір келтіреді. Тілімізде бұл
процестің жүруі заңды құбылыс. Қазіргі тілімізде
синтетикалық сипат басым.
Қазақ тіліндегі туынды сөздер негізінде бір буынды
сөздердің табиғатын ашу мақсатында жазылған еңбек –
Ә.Қайдаровтың «Структура односложных корней и
основ в казахском языке» атты зерттеуі. Бұл еңбек
қазақ, сондай-ақ түркі тілдері арасындағы құнды
еңбектердің қатарына жатады. Мұнда қазақ тіліндегі
26 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
түбір мен негіз сөздердің құрылымдық сипаты жүйелі
түрде беріліп, кейінгі зерттеулерге нұсқау еңбек ретінде
танылып жүр. Еңбектің түбір және негіз сөздердің
мағыналық құрылымы деп берілуінде мән бар. Өйткені
түркі түбірі мен негізі бір-біріне ұқсас, кей жағдайда
ажырамас сипаты да кездеседі. Автор түбірге мынадай
анықтама бере отырып, түбір, негіз, сонымен бірге бір
буынды сөздердің түбір сипатымен ұқсастығын да айта
кетеді: «Тюркский корень есть наидревнейшая и
историческая реальная единица языка, сохраняющая
свою суть несмотря на постоянные фоно-морфо-
семантические изменения, происходящие в процессе
агглютинативного развития строя тюркских языков. Он
может структурно совпадать с первообразным словом,
если оно не превышает одного слога. Во всех остальных
случаях тюркский корень выступает как производная
единица языка, где корень отражает в себе состояние
статики, а слово-динамики». Осы берілген анықтама
түркі түбіріне берілген нақты түсіндірме деп
тұжырымдаймыз.
Қазақ тілінде сөзжасам жайлы жазылған ең алғашқы
еңбектердің бірі болып «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам
жүйесі» атты жүйеге түсірілген еңбек жарық көрді.
Мұнда сөзжасам саласына қатысты жүйеленген
теориялық мәселелер қарастырылды. Сөзжасамның өзге
тәсілдерімен қатар лексика-семантикалық тәсілі де сөз
тудырудағы өнімді тәсілдердің бірі ретінде аталып
өтеді. Қазақ тілі сөзжасамының лексика-семантикалық
тәсіліне қатысты ғылыми мақаланы жазған Қ.Есенов
бұл тәсілді аффикссіз сөзтудырымның бір жолы деп
көрсетіп, «мұндай жол белгілі бір сөздердің жаңа
мағынаға ие болуы, көп мәнді, ең бастысы, омонимдік
27
қатарда келуі арқылы жасалатынын» жазады. «Кейбір
ғалымдардың айтуы бойынша осы тәсіл қайсыбір
сөздердегі дауыс екпінінің түрліше құбылып отыруы
арқылы да болады», – деп, оны «алма (з.е.) – алма (ет.),
жарма (з.е.) – жарма (ет.)» сынды мысалдармен
түсіндіретіндігін айтады [Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам
жүйесі. А., 1989. – 99 б.]. Есім – етістік типті сөздердің
омонимдік қатарда келуі тіліміздің бүгінгі таңдағы
сипатына тән нәрсе деп ұғынуымыз керек. Ал тарихи
тұрғыдан алып қарастырғанда есім – етістік типті
сөздердің
арасында
мағыналық
байланыстың
үзілмегенін байқауымызға болады.
Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген монографиялық
жинақта семантикалық тәсіл арқылы жасалған
субстантив зат есімдер ғана беріледі де, қалған сөз
таптарына өткен сөздердің жасалуында өзге тәсілдер
берілгенімен, біздің жұмысымызға арқау болып отырған
тәсіл
көрсетілмеген.
Қазақ
тіліндегі
сөзжасам
жүйесіндегі алғашқы еңбек болғандықтан, сондай-ақ
қазіргі тіліміздің жалғамалылық сипатына қарай
синтетикалық тәсіл мен аналитикалық тәсілдер арқылы
жасалуына еңбек барысында көбірек көңіл бөлінеді.
Қазақ тіл ғылымында өзіндік орны бар ғалымдардың
бірі – Е.Жанпейісов. «Қазақ грамматикасындағы» «Зат
есім сөзжасамы» атты ғылыми мақаласында автор сөз
мағынасы
мен
құрылымы
бір-бірімен астасып
жататындығын ескерте отырып, сөздің пайда болуының,
ұзақ өмір сүруінің «заттық қабықшасы» болып
табылатындығын жазады. Сөз құрылымының бүгінгі
күнде өзгеріске түскенімен азды-көпті өзінің алғашқы
іздерін сақтап қалатындығына тоқталады. Автордың бұл
мақаласындағы негізгі айтпақ ойы өзі жазғандай
28 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
Фердинанд де Соссюрдің пікірімен астасып жатады:
«Единственным и истинным объектом лингвистики
является язык, рассматриваемый в самом себе и для
себя”, яғни “тілді тілдің өзі арқылы зерттеу». Мұндағы
автордың айтайын дегені тілдің табиғатын өзге
объектілер емес, өзі аша алатындығы болса керек. Тіл
қаншалықты көне болса, оның сөзжасам жүйесі де
лингвистикалық табиғаты жағынан ескілікті құбылыс
дей келіп, сөзжасамды зерттеушіні тарихи текке қарай
тарта беретіндігінің сыры осыда екенін айтады.
Сөзжасам саласының тілдік тіні, генезисі, жағынан
синхрондық «ая-кемерден» асып
жатқан
жүйе
екендігіне тоқталады [Қазақ грамматикасы. Астана,
2002. 283 б.].
Сөзжасам саласында көп еңбек еткен ғалымымыз
Н.О.Оралбаеваның «Қазіргі қазақ тілінің аналитикалық
форманттары», «Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің
сөзжасам жүйесі», «Қазақ тілінің сөзжасамы» атты
еңбектерінің,
ғылыми
басылымдарда,
баспасөз
беттерінде жарық көріп жүрген мақалаларының қазіргі
қазақ тілі сөзжасамына қосар үлесі мол. «Қазіргі қазақ
тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі» атты зерттеу
еңбегінде автор сөзжасамның жеке сала екеніне
тоқталып, сан есім сөзжасамының негізгі тәсілдерін
ажыратып береді. Семантикалық тәсілдің тілдің
сөзжасам жүйесінде барлығын және оның өте
активтенген кезеңінің болғандығын жазады. Алғашқы
сөзжасам жайлы еңбектің шығуына мұрындық болған
ғалымның еңбегі «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам
жүйесі» атты кітаптан байқалады. Ғалым осы еңбектің
алғы сөзін, кіріспесін, тіл біліміндегі (оның ішінде қазақ
тілінің) сөзжасамның жалпы теориялық мәселелеріне
29
тоқталып, аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды
сөздердің құрылымдық, мазмұндық мәнін ашуға,
сондай-ақ сөз таптарының сөзжасамға қатыстылығын
ескере отырып, етістік сөзжасамының табиғатын
ашады.
«Қазақ тілінің сөзжасамы» атты оқулық еңбегінде
ғалым сөзжасамның синтетикалық, аналитикалық,
лексика-семантикалық тәсілдерін атап өтіп, олардың
мәнін тілдік деректермен ашып беріп отырған. Автор
сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі туралы:
«Лексика-семантикалық тәсіл арқылы сөздің жаңа
мағынаға көшуіне байланысты бір сөз табынан екінші
сөз табына ауысады, оны ғылымда конверсия деп
атайды. Конверсия жолымен жаңа сөздің жасалуы – өте
көп тараған тәсіл, оның ішкі ерекшеліктері де бар», -
деп жазады. Сөзжасамның өзге тәсілдеріне қарағанда
семантикалық тәсілдің табиғаты ерекше. Өзге тәсілдер
арқылы сөз жасалғанда туынды сөздің мағынасымен
қоса сыртқы тұлғасы өзгерсе, семантикалық тәсіл
негізінде жасалған тілдік бірліктер ешқандай тұлғалық
өзгеріске түспей-ақ мағынасы дамып, жаңа лексема
ретінде танылады. Осы қасиеті оның ерекше екендігін
айқындай алады.
Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық
негіздерін жасаған ғалым Б.Сағындықұлы конверсияны
семантикалық функционалдық трансформация деп
танып, ақ және ат сөздерінің мағыналық дамуының
этимологиялық негізін қалыптастырып, қимыл, сындық
және заттық мән арасындағы мағыналық байланыстың
түзілуін
сипаттайды.
Тіл
біліміндегі
үнемдеу
заңдылығының тек бір сөз бойындағы дыбыстардың,
буындардың түсіп қалуы арқылы емес, жекелеген
30 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
сөздердің арасында да жүретінін осы мысалдардан
көруімізге болады. Бұл сөздер мағыналық жақтан дами
отырып, сөздік қорымызды молайтқан. Сонымен қатар
конверсиялық амалды көне және жаңа түбірлердің
генетикалық байланысы деп түсіндіреді. Ғалым жалпы
түркі тілдеріндегі, оның ішінде қазақ тіліндегі сөздердің
фоно-морфо-семантикалық даму тәсілін негіздеді.
Зерттеушінің көне және жаңа түбірлердің арасындағы
генетикалық байланысты анықтауы тіл біліміндегі әлі
сөз бола қоймаған көптеген тілдік тылсым
құбылыстардың бар екендігін көрсетеді.
Сөзжасам саласын терең зерттеп жүрген ғалым
А.Б.Салқынбай туынды сөз мәселесі, сондай-ақ оның
атаулық қызметі жайлы «Қимыл есімі және оның
сөзжасамдық семантикасында» кеңінен сөз етеді.
Қимыл есімінің семантикалық тәсіл арқылы мағыналық
дамуға түсіп, транспозициялық қызметінің орын
алатынын бағамдап:
– семантикалық қызметі;
– синтаксистік қызметі;
– комбинаторлық қызметі;
– транспозициялық қызметі;
– стильдік қызметі секілді –у тұлғалы қимыл есімінің
қызметтерінің түрлілігін көрсетеді.
«Тарихи сөзжасам (семантикалық аспект)» атты
монографиясында
тарихи
сөзжасамға
қатысты
проблемаларды көтеріп, сөзжасам жүйесінің зерттелуін,
семантикалық
табиғатын,
тіл
табиғатының
лингвогенездік негізін терең зерделей отырып, сөзжасам
саласының жекелеген тәсілдері бойынша жасалған
атауларды нақты деректермен дәлелдейді. Фонетика-
31
семантикалық, синтетика-семантикалық, аналитика-
семантикалық тәсілдердің сипатын, парадигматикасы
мен синтагматикасын, тілдің этнологиялық таныммен
байланысын жүйелі түрде зерттеген.
Сөзжасамның семантикалық тәсілі туралы макросемалы
таңбалар тұлғалық жағынан өзгеріске түспей-ақ,
микросемаларға ажырап, мағынаның дамуын туғызған.
Семантикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған
туынды сөздің ішкі семантикалық құрылымы күрделі
болып, сыртқы тұлғалық жамылғышы өзгеріссіз қалады.
Сондықтан мұндай сөздерді «тұлғадан – мазмұнға»
принципі бойынша зерттеу дұрыс нәтиже береді деген
пікірлер де бар. Түркологияда синкретті түбірлер деп
танылып жүрген мағынасы ортақ лексемаларды
конверсиялық сөзжасам негізінде пайда болған туынды
сөз ретінде тану керектігін айтады. Сонымен бірге
автордың «Қазақ тілі сөзжасамы» атты оқу құралында
атау теориясына қатысты түркі ғұламалары Әбу Насыр
әл-Фараби, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұни ойлары
сараланады. Зерттеуші бұл еңбегінде сөзжасамға
қатысты негізгі ұғымдарды: сөзжасамның тәсілдерін,
сөзжасамдық мағынаны, сөзжасамдық құрылымды,
сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық
тізбек, сөзжасамдық жұп, сөзжасамдық уәждемелерді
т.б. жіктеп, оларға жеке-жеке анықтама беріп, тілдік
деректермен нақтылап, ажыратып береді.
Қоғам дамуымен қатар түрлі жаңа заттар мен
құбылыстар өмірге, қолданысқа енеді. Жаңа заттар мен
құбылыстарға атау беру адамзат баласының болмысы
мен танымы негізінде жүзеге асады. Осының
нәтижесінде ұғым арқылы дамыған мынадай көп
семалы сөздерді көрсетуімізге болады: от (шөп) – от
32 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
(жанып жатқан от), көк (түр-түс), – көк (шөп) – көк
(аспан), жел (ауаның ағымы) – жел (желден, суықтан
болатын ауру), жел (аяң мен шабу аралығында қатты
жүру), жай (жағдай) – жай (жайлы, қолайлы), жай
(белгілі бір орын, мекен) – жай (әншейін) – жай
(қатардағы қарапайым,жұпыны) – жай (ақырын) – жай
(кеш) т.б. Осындай деректер тілімізде сөздің аз,
ұғымның сан қырлы екеніне күмән келтірмейді.
Ұғымның сан қырлылығы мағынаның дамуына әкеледі.
Сөздегі
генетика-семантикалық
кодты
осылай
зерделеуге болады.
Аналитикалық
сөзжасамға
қатысты
мәселелерді
теориялық тұрғыдан зерттеген ғалым Б.Қасым болды.
Ол «Сөзжасам: семантика, уәждеме» атты еңбегінде
сөзжасамның негізгі қағидаларының бірі уәждеме мен
номинация теорияларын күрделі атаулардың қалыптасу
жолдарынан бастап, бүгінгі атау дәрежесіне жеткенге
дейінгі
процестерді
қарастырған.
Қазақ
сөзжасамындағы күрделі аталымдардың екі немесе одан
да
көп
сөздердің
комбинациялануы
арқылы
жасалғанымен, олардың біртұтас лексикалық бірлік
ретінде танылатынын, өзге ұқсас тілдік құбылыстардан
айыратын негізгі белгілерін айқындап береді. Күрделі
атаулардың сөзжасамдық мағыналық құрылымы және
оның қалыптасып, даму, жетілу жолдарын көрсетеді.
Туынды мағынаның жасалуындағы ерекшеліктерді
көрсететін уәж, уәждеме, уәжділік, уәжділік дәрежелер,
ішкі мағыналық құрылым, күрделі аталым сынды
терминдердің аясында солардың мағынасын ашу
мақсатында ғылыми саралаулар жасайды. Қазақ тіл
білімінде күрделі сөзді жеке тілдік құбылыс ретінде
жаңа теориялық бағыттар тұрғысынан зерделеудің жаңа
33
арнасы композиттану саласын қалыптастыру қажеттігін
айтады. Ғалымның бұдан өзге күрделі атаулар
мәселесіне арналған «Күрделі зат есімдер сөздігі»,
«Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі етістіктер», «Қазіргі
қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым»
сынды еңбектері бар.
Ж.Отарбекованың «Жамиғ-ат тауарих сөзжасамы» атты
тарихи сөзжасам мәселесіне байланысты еңбегі бар.
Сонымен қатар «Қазақ тілінің сөзжасамның кейбір
мәселелері мен тәсілдері жайында» атты еңбегі қазақ
тілінің сөзжасамы мәселесін жан-жақты қарастырған
еңбектердің қатарына жатқызамыз.
Г.Қ.Абдирасилова «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің
аналитикалық тәсіл (бірігу, қосарлану, тіркесу) арқылы
жасалуы» атты ғылыми зерттеу еңбегінде сөзжасам
тәсілдерінің алатын орнын, оның ішінде аналитикалық
тәсілдің сөз тудыру қабілетінің жоғарылығын,
қысқарған сөздердің сөзжасамның нысаны бола
алмайтынын сөз етеді.
Қазақ тілінде сөзжасамның негізгі ұғымдарына енетін
сөзжасамдық
ұя
мәселесіне
арналған
К.А.Құрманәлиевтің «Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя
мәселесінің теориялық негіздері» атты докторлық
диссертациясын
атауымызға
болады.
Автор
диссертациясында сөзжасамдық ұяның теориялық
тұғырын жан-жақты талдады, ұя құрамындағы
сөзжасамдық
бірліктердің
түрлерін
ажыратып,
сөзжасамдық ұяның синтагматикалық иерархиялық
қатыстағы
күрделі
бірліктеріне
тоқталып,
қарастырылып отырған негізгі мәселенің сөзжасамдық
тарам мен сөзжасамдық сатыға қатыстылығын
34 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
көрсетеді. Ғалым «Сөзжасамдық ұяның түп негіз сөзі»
атты тараушасында бір буынды негізгі түбір сөздердің
сөзжасамдық ұя құрауда үлкен роль атқаратындығын,
ұяға енетін сөздердің барлығы осылардан тарайтынын
жазады. Сөзжасамдық ұя жасауға қатысқан бір буынды
сөздердің үлгісінің бес түрін береді:
СГ үлгісіндегі бір буынды түп негіз сөздер: бұ, гу, де,
ду, же;
ГС үлгісіндегі бір буынды түп негіз сөздер: аз, ай, ақ,
ол, ем;
ГСС үлгісіндегі бір буынды түп негіз сөздер: арт, аст,
ерт, өрт, үст, ырс;
СГС үлгісіндегі бір буынды түп негіз сөздер: баж, бай,
бақ, бал, бап, бер, бас;
СГСС үлгісіндегі бір буынды негізгі түбірлерден болған
түп негіз сөздер: балп, былқ, сылқ, борп, борс, т.б.
Осындай мысалдарды келтіре отырып, зерттеуші тарихи
тұрғыдан алып қарағанда берілген сөздердің кейбірі түп
негіз деген терминге жауап бере алмайтындығын
жазып, мысалдардың синхронды түрде берілгенін
ескертіп өтеді. Автор ескертуді дұрыс келтірген. Себебі
кейбір, әсіресе, ГСС, СГСС үлгісіндегі сөздерді
диахронды тұрғыдан түп негіз сөз деп анықтауға
келмейді.
Ж.Т.Сарбалаев транспозицияланған сөздерді сындық
мағынаға ауысқан сөздер негізінде қарастырып,
сөзжасамның семантикалық тәсілін терминдік тұрғыдан
конверсиялық тәсіл немесе лексика-грамматикалық
тәсіл деп атауды ұсынатындығы жайлы жоғарыда
35
айтылған болатын. Оның конверсия мен адъективация
жөнінде жазылған зерттеуінде жақсы, жаман, қызыл,
қара сөздерінің конверсияланғанын құрылымдық
тұрғыда қарастырады. Конверсияланған сөздердің
жалпы теориясының әлі жасалмағандығын атап өтеді.
Үстеу сөздердің семантикасын Е.Б.Саурықов қазіргі
қазақ, түркі, өзбек тілдері негізінде зерттеп, олардың
түп негізін зерделейді. Ол адвербиалдану процесінің
құрылымдық-семантикалық
сипатын
қарастыруда
лексика-семантикалық тәсілдер ықпалымен пайда
болатын сөздер тобының ерекшелігін назардан тыс
қалдыруға болмайтынын жазады. Негізгі тақырып үстеу
сөздерге қатысты болған соң сөздердің сөз табына
ауысуындағы тек үстеулерге ғана тән белгілерді атап
көрсетеді. Себебі үстеу сөз табы – түгелдей өзге сөз
таптарының негізінде ауысқан сөздер. Көне түркі және
қазіргі қазақ, өзбек, түрік тілдері деректері негізінде
адвербиалдану процесінің құрылымдық-семантикалық
сипатын көрсеткен Е.Саурықов үстеулердің негізгі
лексика-семантикалық,
морфологиялық
және
синтаксистік белгілерін анықтап, қамтып жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |