63
бермес” (М. Әуезов, Таңд. шығ.). 5. Кім екендігі,
шыққан тегі, аты-жөні, жай-жапсары. Ақсақал,
жөніңізді айтыңызшы, кім боласыз?-дедім мен өтінген
пішінмен (Қазақстан).
Жөн ІІ. Жол, жоралғы, әдет-ғұрып. Жолдан, жөннен сен
адасты екен деп,
адаса алмаймын, ел адаса алмайды
(А.Ханкелдин, Қараторғай) [ҚТТС].
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде берілген мағыналары
шартты түрде қазіргі қазақ тіліндегі мағыналары деп
аталады. Шартты дейтін себебіміз, бұл түсіндірме
сөздің де шыққанына жарты ғасырдың жүзі болыпты.
«Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» демекші, тіл де
осы жылдар ішінде тоқтаусыз даму үстінде болды.
Сөйтіп ол мағыналар да тарих қойнауында қалып бара
жатыр. Енді көне түркі тіліндегі мағыналарымен
салыстырып көрейік:
Jon Способ,
манера поведения, яғни жөн, жол, өзін-өзі
ұстауы, әдеті [ДТС]. Бұл тұрғыдан келгенде қазақ
тіліндегі жөн ІІ мағыналы сөзбен қатар тұра алады.
Қазіргі
тіліміздегі
жол,
жоралғы,
әдет-ғұрып
мағынасының түп негізі көне түркі тіліндегі
jon сөзінде
жатыр екен. Ал қалған мағыналары тілдің даму
барысында семантикалық жолмен пайда болған.
Сонымен бірге қазақ тілінде
жөн сөзі
жосық сөзімен
тіркесіп келіп,
жөн-жосық түрінде де айтылады. Бұл
көне түркі тілінде josun сипатында әдет-ғұрып, заң,
ереже мағынасында қолданылған екен [ДТС]. Осыған
қарап, тілімізде жалпы мағынасы бірдей, бірақ жазылуы
өзгеше болып екі сөзден тіркесіп немесе қосарланып
келетін сөздер тобы бар екеніне көз жеткіземіз. Мысал
келтірер болсақ, киім-кешек, бала-шаға,
жол-жоралғы
64 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
немесе жөн-жоралғы, түп-тамыры, жөн-жосық, жолдас-
жора, жол-жөнекей т.б. Бұл сөздерді семантикалық
тәсіл арқылы жасалған деп айта алмаймыз, бірақ реті
келіп отырған соң қозғалып отырған сөз. Бірақ бұл
жаңалық емес, ғылымда танылған мәселе. Ал жоғарыда
келтірілген josun сөзі қазіргі
тілімізде тек диалектілік
сипатта ғана қолданылады екен:
Жосын. диал. Әдет-ғұрып, салт. Бұрыннан келе жатқан
жосынды
білмейді
екенсің
[ҚТТС].
Бұл
сөз
мағынасының
қолданылу
аясының
тарылғанын
көрсетеді. Тілдің даму процесінің бірден-бір өлшемі
осы.
Сонымен,
жөн сөзінің семантикалық дамуында бірінші
мағынаны заттық мағына иемденсе, семантикалық тәсіл
арқылы дамудың нәтижесінде сындық мағына уақыт
шеңберінде пайда болады. Сөйтіп транспозиция
нәтижесінде сын есім сөз табының құрамы толығады.
Алғашқы заттық мағына көнеден келе жатқан әдет-
ғұрып, салт-сана,
ереже болса, осының негізінде әбден
қалыптасқан салт, әдет, ережелер дұрыстық мәнге
көшіп, сындық мағынаны тудырады.
Тіліміздегі кей заттардың денотаттық, сигнификаттық
мағыналары
зат
пен
олардың
сипатының
ерекшеліктерімен байланысты. Бұл көне дәуірдегі атау
сөздер – өз бойларына заттық
ұғыммен бірге сын-сапа
ұғымдарын жинаған грамматикалық топ. Осының
нәтижесінде
көк – түс,
көк – аспан,
көк – шөп;
қара –
түс,
қара – қараңғылық,
қара – зат (алыстан қара
көрінді),
қара – қимыл атауы – көздің қарашығының
қызметіне байланысты туындаған мағына т.б. сияқты
сөздер сөздік қорымызды молайтуда.
Сарығ сын